О Бөкей «Тортай мінер ақбоз ат» әңгімесі 4-сабақ (6 сынып, III тоқсан )

 О Бөкей «Тортай мінер ақбоз ат» әңгімесі 4-сабақ (6 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...
Сабақтың тақырыбы: О.Бөкей «Тортай мінер ақбоз ат» әңгімесі 4-сабақ
Сабақ мақсаты: А/И3.Шығармадағы көркем ауыстыруларды (троптарды: метафора, кейіптеу, метонимия) анықта.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту кезеңі
Оқушылар үлкен шеңберге тұрып, «өрмекшінің торы» ойынын ойнайды. Сен қандай көркемдегіш құрал білесің деген сұрақ қойылғаннан кейін, шеңбердегі оқушының бірі тоқыма жіпті келесі оқушыға «теңеу туралы білемін, мысалы таудай» деп айтып лақтырады. Жіпті қағып алған оқушы «метафора туралы білемін мысалы Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?» деп бір-бірінің айтқанын қайталамайды. Осы тапсырма арқылы жаңа сабақты, жаңа мақсатты меңгертуге жол салынады.
Мағынаны тану кезеңі
1-тапсырма
Оқушылар алты топқа бөлінеді. Топтағы оқушы саны алтау болса, «ақылдың алты қалпағын» өзара бөліп алып, берілген тапсырмаға сай жұмыс істейді.
«Ақ қалпақ» киген оқушы қажетті ақпаратты анықтап сөйлейді.
«Сары қалпақ» киген оқушы әңгімеде көтерілген тақырыптың қазіргі заманда өзектілігін сендіре айтады.
«Қара қалпақ» киген оқушы тақырып бойынша кемшіліктерді анықтайды.
«Қызыл қалпақ» киген оқушы әңгімедегі көркемдегіш құралдарды табады, автордың қолдану себебін түсіндіреді.
«Жасыл қалпақ» киген оқушы тақырып бойынша креативті, жаңа идеялар айтады.
«Көк қалпақ» киген оқушы тақырыпқа сараптама жасап сөйлейді.
Мұғалім тапсырманың жүзеге асуын әр топтың ақ қалпақтыларын ортаға шақырып, идеяларын қорғату, сары қалпақтыларды жинап ортаға шығару арқылы тексереді.
2- тапсырма
Төмендегі кестені толтыр
Әңгімеден үзінді арқылы дәлелдеу, мысал келтіру
метафора
метонимия
кейіптеу
гипербола
антитеза
3- тапсырма
Кестедегі мысалдарыңа назар аудар. Не себепті автор осы көркемдегіш құралдарды қолданды. Жұпта талқыла, ой бөліс.
Бұл тапсырма жұппен/топпен/сыныппен орындалады.
Мұғалім қолдауын қажет ететін оқушыларға арналған тапсырма.
Әңгімедегі ауыл маңын суреттеген тұсын тауып оқып, көркемдегіш құралдарды анықта....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 034



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі