Қалмақан Әбдіқадыров «Қажымұқан» әңгімесі 4-сабақ (6 сынып, III тоқсан )

 Қалмақан Әбдіқадыров «Қажымұқан» әңгімесі 4-сабақ (6 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...
Сабақтың тақырыбы: Қалмақан Әбдіқадыров «Қажымұқан» әңгімесі 4-сабақ
Сабақ мақсаты: Б/С2. Кейіпкерлер жүйесінің заманауи жаңашылдығын өзара салыстырып баға беру
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту
Оқушылар сынып бұрышында ілінген Қажымұқан Мұңайтпасұлының өмірінің әр кезеңінен сыр шертетін суреттер галареясына барып танысады. Жұптағы оқушымен суреттер туралы ой бөліседі.
Мағынаны тану кезеңі
1-тапсырма
«Кубизм» стратегиясы арқылы кейіпкерлер жүйесін заманмен байланыстырып талдайды.
Талдаңыз
Шығарманы композициялық құрылымына талдаңыз
Суреттеңіз
Мұқанның сыртқы түрі, мінез құлқын суреттейтін тұстарды шығарманың әр тұсынан іріктеп алып, балуанның өсу жолына мінездеме бер
Қолданыңыз
Қазақтың ата-анаға мейірімді болу өнегесі шығармада қалай бейнеленген ? Мұқан бойынан тағы қандай үлгілі қасиеттер көрінеді? «Қажымұқан» сөзін қолданып бес жолды өлең құрастырыңыз
Салыстырыңыз. Париж қаласында Ресейден келген балуандар қандай өнер көрсетті? Отан даңқын, абыройын арттыруға Мұқан қандай үлес қосты? Салыстыр.
2- тапсырма
Төмендегі сұрақтарды топты талқыла.
Тапсырма Қажымұқан сияқты адамдар қазіргі заманда бар ма? Яғни, заманауи , осы заманда кездесе ме? Осы шығарманы оқу маңызды ма? Жаңашылдығы бар ма деген сұрақтарға жауап бере отырып толтырады.
Қорытындысында оқушы төмендегі тапсырманы жүзеге асырады:
Әр топ таратылған қағазға тапсырмаға байланысты жеке өз ойларын жазады. Қағазды бұру арқылы бір-бірінің жауабымен танысады. Жауаптарымен танысып ортақ пікірді қағаз ортасына жазып, ойларын қорғайды.
Бұл тапсырма жұппен/топпен/сыныппен орындалады.
Бағалау дескрипторы
Дескрипорды оқушылар жалғастырып, критерийді толықтырады
• Кейіпкерлер жүйесін талдайды 
• Заманауи жаңашылдығына баға береді 
• 
• 
Бұл тапсырма жұппен/топпен/сыныппен орындалады.
Саралау тапсырмасы үш негізгі аспекті бойынша жұмыс істейді. Олар:
- Үйренуге деген дайындық;
- Оқу қажеттілігі;
- Қызығушылық.
Мұғалім осы үш бағыттың бірін басшылыққа ала отырып, қабілеті жоғары оқушыларға «Сұлтанмахмұт өмір сүрген кез қандай болды?» деген шағын зерттеу жасау, қосымша ақпарат қарастыру мақсатында тапсырма беруіне болады.
Қажымұқан ізін қуған спортшылар туралы шағын зерттеу қорғау үшін
• Фотосуреттер топтамасы
• Презентация жасайды.
Тапсырманы қабілеті жоғары оқушыға да, мұғалім қолдауын қажет ететін оқушыға да беруге болады.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 206



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі