С Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңі (6 сынып, III тоқсан )

 С Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңі  (6 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...
Сабақтың тақырыбы: С.Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңі
Сабақ мақсаты: Т/Ж1.Әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту кезеңі
Әдеби эссенің басқа эсселерден айырмашылығы бар ма?
Оқушылар ойларын тақтаға шығып, бір-бірлеп жазады.
Жазғандарын мұғалімдегі теориялық ақпаратпен салыстырады
• Эссе - бір нәрсенің әсерінен болатын толғаныстан туған шағын әдеби шығарма.Эссе жеке көзқарас, сараптама, дәлелдемелерге негізделеді.
• Әдеби эссе басқа эссе түрлеріне ұқсамайды. Біріншіден, ол әдеби шығармаларға негізделген. Екіншіден, автордың айтқысы келген идеяларын болжап түсінуге негізделген, яғни түсіндірмені қажет ететін пікірталас немесе жұмбақты табуды қажет етеді.
Мағынаны тану кезеңі
1-тапсырма
Эссе құрылымымен оқушыларды таныстыру
КІРІСПЕ
 Тақырыпты түсіну сөйлемі:
 Бұл сөйлемде оқушы эссенің тақырыбына орай, эссенің кім туралы болатынына түсінік беріп тұрады
 Тақырыптың өзектілігі:
 Тақырыптың өзектілігі эссе жазуға себеп болған жайдан хабардар етеді.
 Тезис:
 Эссе тақырыбынан тезис қойылады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 - абзац
Тезисті қолдаушы пікір
 Аргумент
 Талдау (анализ)
 Абзацта айтылған пікір, аргумент, анализдерден кейін абзацты қорытындылап, жинақтап, бекітетін сөйлем.
 Негізгі бөлімнің бір абзацынан екінші абзацқа өтуші сөйлем
 Ой салатын тағы да басқа себептер бар.
ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
Әдеби эсседе тезиске оралу міндетті емес. Қозғалған тақырыптың маңыздылығы туралы жазып, өз көзқарасын қысқаша жеткізіп, аяқтайды
2- тапсырма
Оқушыларға С.Торайғыров «Шәкірт ойы» өлеңіннің сол заман үшін жаңашылдығы болды ма? деген тақырыпта әдеби эссе жазу тапсырмасы беріледі. Мұғалімнің басшылығымен кіріспе бөлім жазылады. Кіріспе бөлім 5-6 сөйлемнен тұру керек. Оқушылар алдымен жазғандарын жұпта ауысып оқиды, бірін-бірі тексереді. Мұғалім әр топтан бір оқушының жазғанына ауызша кері байланыс береді.
3- тапсырма
Негізгі бөлімді жазу үшін төмендегі мәлімет пен кеңестерге сүйену керек.
Негізгі бөлім 3 абзацтан тұрады. Әрбір абзац кіріспе бөлімінде көрсетіп кеткен мақсатқа сәйкес болу керек. Яғни, егер сіз аспектілерге талдау жасауды мақсат ету керек, әрбір абзацта талдау жасау керек. Ал әрбір абзац 5/7 сөйлемнен құралғаны жөн. Бұнда да кіріспеде қолданылған принцип жүреді. Мәселен, 1 және 2-сөйлемдерде мәселенің белгілі аспектісі туралы мәлімет беріледі. Ал 3 пен 4-сөйлемдерде осы мәліметтер бойынша оқушы ойы. 5-сөйлемде жалпы жасалынған ойыңызды 1 сөйлеммен қорытындылау керек.
4- тапсырма
Қорытынды бөлімді жазу үшін де белгілі-бір уақыт бөлініп:
• Кіріспе бөлімде айтылған тезиске қайта оралу
• Негізгі бөлімдегі ойлардың түйінін беру
• Эссені қорытындылаушы сөйлемнен тұратынына ерекше назар аудару керек.
Оқушы жазба жұмысын орындау барысында дәптер жиегіне түрлі түсті қарындашпен белгі салып отырады. Оның мағынасы: «қызыл – тексеріп, барлық қателерін түзетіңізші», «жасыл – барлық қателерді белгілеңізші, мен барлығын өзім түзетемін», «көк – қате санын көрсетіңізші, мен өзім тауып түзетемін», «қара – бұл жұмысқа баса назар аудармаңыз, мен оны асығыс орындадым» және т.б. Бұл тәсіл- «түрлі түсті жиектер» тәсілі деп аталады.
Эссе тексерілгеннен кейін мұғалімнің әр оқушыға жазбаша кері байланыс беруі маңызды. Егер мұғалім осы сабағында эссе құрылымын меңгертуді мақсат етсе, құрылым бойынша (кіріспе, негізгі, қорытынды бөлім, абзацтардың сақталуы тсс) кері байланыс береді. Кіріспе бөлімдегі тезис сөйлемді дұрыс құрастыруға басымдылық берсе талдауды, кері байланыста оқушыда қиындық келтірген, оқушы жаза алмаған сәтсіз шыққан мәселелерді таратып жазуы керек. Жақсарту жолдарын көрсеткен жөн.
Бұл тапсырма жұппен/топпен/сыныппен орындалады
Қабілеті жоғары оқушыларға «Шығамын мен де әлі адам болып» тақырыбында Сұлтанмахмұт Торайғыров өлеңдерімен байланыстыра отырып эссе жаз деген тапсырма беру арқылы оқушының эссе туралы түсінігін, дағдысын тереңдете түсуге болады.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 768



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!