Сабақ жоспары: А Құнанбайұлы «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі №2 (Қазақ әдебиеті, 6 сынып, II тоқсан )

Сабақ жоспары: А Құнанбайұлы «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі №2 (Қазақ әдебиеті, 6 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Абайды оқы, таңырқа!
Сабақтың тақырыбы: А.Құнанбайұлы «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі №2
Сабақ мақсаты: Көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп жатқа айту.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту кезеңі
Мен неммен мақтана аламын?
«Өрмекші торы» әдісі бойынша оқушылар шеңберде тұрып, әркім өзі жеткен жетістігін, мақтананыш ететін дүниелерін атайды. Әрқайсы жіпті лақтырған сайын, жетістігі мен мақтанышын айтады. Соңында оқушы золдарында өрмекші торы пайда болады.
Оқушылар сөзін мұғалім қорытындылай келе, барлығының алға ұмтылуы керек екендігін, осыған байланысты Абай Құнанбайұлының ойымен танысатынын жариялайды.
Мағынаны тану кезеңі
1-тапсырма
Кестені толтыр
Қашық болатын бес нәрсе себебі Асық болатын бес нәрсе себебі
2- тапсырма
Абай талдаған қасиеттерді қарсы қоя отырып, топта, жұпта талда.
Бес асыл іс ------------ Бес дұшпан
Талап ---------------- Өсек
Еңбек ----------------- өтірік
Терең ой --------------- мақтаншақ
Қанағат -------------- еріншек
Рақым ----------------- Бекер мал шашпақ
Оқушылар 4 адамнан құралатын топта «пирамидалық талқылау» әдісі арқылы жауап береді.
Топ мүшелері өз пікірін жеке жазып, ортада талқылап ортақ пікір қалыптастырады. Топ мүшелерінің саны 4 оқушыдан болуы керек. Әр топ таратылған қағазға тапсырмаға байланысты жеке өз ойларын жазады. Қағазды бұру арқылы бір-бірінің жауабымен танысады. Жауаптарымен танысып ортақ пікірді қағаз ортасына жазып, ойларын қорғайды.
3- тапсырма
Саған ұнаған өлең жолдары қандай? Себебін аш. Ұнаған жолдарды жаттап ал.
__________
Бағалау дескрипторы
Өлең үзінділерімен жұмыс істейді 
Үзіндіде айтылған ойды анықтайды 
Мәнерлеп жатқа айтады 
Бұл тапсырма жұппен/топпен/сыныппен орындалады.
Мұғалім қолдауын қажет ететін оқушыға:
Абай айтқан бес асыл істі жалғастырып, он асыл іс ұсынсаң, сен қандай жақсы қасиеттерді қосар едің? Дәлелдеп жаз.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 029



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!