Абай Құнанбайұлы «Бірінші сөз» «Жетінші сөз» «Отыз бірінші сөз» (6 сынып, II тоқсан )

 Абай Құнанбайұлы «Бірінші сөз» «Жетінші сөз» «Отыз бірінші сөз» (6 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:Абайды оқы, таңырқа!
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Бірінші сөз», «Жетінші сөз», «Отыз бірінші сөз»

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Б/С3. Әдеби эссе
Сабақтың мақсаттары: Шығармадағы кейіпкерлер қарым-қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту кезеңі
«Карусель» әдісі
Ішкі және сыртқы шеңбер құрып, бірінші ішкі, содан кейін сыртқы шеңберде тұрғандар бір-бірімен сөйлеседі, сыртқы шеңбердегілер жылжып, сөйлесушісін ауыстырады.
Талқыланатын сұрақтар:
 Абай атамыз «Бірінші қара сөзінде» не туралы айтады?
 Ал «Жетінші сөзінде ше?»?
 Абай атамыз айтқан естіген нәрсені ұмытпастыққа қажет төрт түрлі себеп туралы сіз не ойлайсыз?
Оқушыларды оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерімен таныстыру, күтілетін нәтижені талқылау;
Мағынаны тану кезеңі
1-тапсырма
Берілген тақырып бойынша эссе жазыңыз.
Эссе тақырыбы: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады... Біреуі – білсем екен демеклік» дейді Абай атамыз өзінің «Жетінші қара сөзінде». Сіз Абай атамыздың пікірімен келісесіз бе?
І Кіріспе
Абай Құнанбаевтың сөзіне тоқталу; негізгі тақырыптың маңыздылығын айту; негізгі сұрақты/мәселені көтеру; т.с.с.
ІІ Негізгі бөлім
І абзац
_______________
Бұл позицияны қолдайтындардың пікірін айту және оған аргумент келтіру; аргументті жан-жақты талдау; ойды жинақтау.
Қажетті тіркестер: Қазіргі қоғамда ... пікір қалыптасуда/Бұл туралы түрлі пікірлер бар. Соның бірі ...
II абзац
_______________________
Бұл позицияға қарсы адамдардың пікірін айту және оған аргумент келтіру; аргументті талдау; ойды жинақтау.
Қажетті тіркестер: Менің ойымша, ... Біріншіден, ... Себебі... Сол себепті... Сондықтан...
III абзац
_____________
Сіздің ұстанатын позицияңызды айту және дәлелдеу үшін оған аргументтер келтіру, талдау және жинақтау.
Қажетті тіркестер: Екіншіден, ... Алайда/ дегенмен/ әйткенмен/ бірақ... Өйткені ... Сондықтан...
III Қорытынды
_____________
Ойды қорытындылау, көтерілген мәселе бойынша ұсыныс білдіру, шешімін ұсыну.
Ескерту: аудиторияға сауал тастамау, жаңа ой/идея қоспау, ұрандатпау, объективті жазу.
Қажетті тіркестер: Қорыта келе, ... Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, ... Ойымды қорыта келе, ... ұсынамын.

Дескриптор Білім алушы
- шығармадағы кейіпкер қатынасын анықтайды;
- қатынасты отбасылық құндылық тұрғысынан талдайды;
- әдеби эссені талапқа сай жазады.

Бағалау. «Еркін микрофон» Оқушылар өз жұмыстарын оқиды, басқа оқушылар бағалау критерийі негізінде кері байланыс береді.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 743



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі