» » » » Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Боксшы Ривера қандай адам? (5 сынып, IV тоқсан )

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Боксшы Ривера қандай адам? (5 сынып, IV тоқсан )

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Боксшы Ривера қандай адам? (5 сынып, IV тоқсан ) казакша Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Боксшы Ривера қандай адам? (5 сынып, IV тоқсан ) на казахском языке
Пән: Қазақ әдебиет
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Отбасы құндылықтары»
Сабақтың тақырыбы: Боксшы Ривера қандай адам?
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Т/Ж4. Шығарма үзінділерімен жұмыс
А/И3. Көркем шығарманың тілі
Сабақтың мақсаттары: Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту.
Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту
1.Жалауша мен бокс қолғабын көргенде қандай ой түйдіңіздер?
2.Бокс жайында не білесіздер?
Білу
Глоссарий
Мексика- байырғы өркениетті Майя халқы мекендеген Америка құрлығындағы мемлекет
Раунд (ағылш.round)- кәсіби бокста қарсыластар айқасының 3 минуттық кезеңі. Кейде 15 минутқа дейін болады.
Ринг- бокстағы шайқас алаңы
Бөріктіру- шулату, лаң салу, дүрліктіру
Сарабдал- байсалды, салмақты
Винтовка- қару атауы
Нокаут- рингте қарсыласын жерге құлатып түсіру.
Секундант- жаттықтырушының көмекшісі
Түсіну
Оқылым
«Зуылдақ» әдісі (Babble Gabble)
Жұмыс алгоритмі
Оқушылардан жұп болып мәтіннен не туралы талқылауды және өз ойларымен бөлісуді сұрау. Бір оқушы бұл мәтін туралы есіндегі барлық нәрсені мүмкіндігінше тез-тез айта бастайды. Ал екінші оқушы зейін қойып тыңдап отырады. «Ауысыңдар» деген кезде, оқушылар рөлдерімен ауысады.Ол сыныптасы тоқтаған жерден жалғастыру керек. Бұл көріністі бірнеше рет қайталауға болады.
Дескрипторлар:
-шығармалардан үзінділерді мәнерлеп оқиды;
- жатқа айта алады.

Пысықтау сұрақтары
- Автор әңгімені неге «Мексика ұлы» деп атаған?
- Жазушы Ривера бейнесі арқылы қандай ой тастайды?
- Шығарма мазмұнынан қандай ой түюге болады?
Қолдану
Сәйкестендіріңіз.
Шығармадан үзінді Кейіпкерлер
«... бұлшық еттерінің әрбір клеткасының кез келген соққыға дайын тұратынын» Дэнни
«Аппақ терісі жып-жылтыр, күш-қайрат тұла бойына сыймай тұрғандай» Ривера
Дескриптор:
-шығармадағы берілген үзіндіге қарай кейіпкерді таба алады.
Тест тапсырмасын орындаңыз.
1.Ривераның айқас алаңына қандай мақсатпен шыққандығын көрсетіңіз.
А)мол ақшаға ие болу үшін
В)қайткенде де жеңіске жету үшін
С)көрермендердің қошаметіне ие болу үшін
D)қарсыласының жынына тию үшін
2. «Мексикалықтың күші неткен күшті еді?» деген қай кейіпкер?
А)төреші
В)Дэнни
С)Билл
D)көрермендер
3.Алғашқы соққыдан кейінгі Дэннидің жағдайының қандай болғандығын көрсетіңіз.
А)оныншы минутта орнынан зорға көтерілді
В)үш санағанда-ақ лып етіп көтерілді
С) есеңгіреп орнынан тұрмай қалды
D) шыбын шаққан құрлы болмады
4.Ривераны неліктен қарсыласы жасыта алмады?
А) өмірдің «алапат дауылында шыныққандықтан»
В) қолы қарулы болғандықтан
С) ақырын соққылағандықтан
D) үстіне құрсаулы киім кигендіктен
5. Келли неліктен Ривераны жеңілуге үгіттейтіндігін табыңыз.
А) Ривераны аяғандықтан
В) Дэнниді аяғандықтан
С) Дэннидің ұтысына көп ақша тіккендіктен
D) әділдікті жақтағандықтан
(жауабы: 1-в, 2-в, 3-а, 4-а, 5-с)
Талдау
ЖЖ
1-тапсырма: қажетті сөзді орнына қойыңыз.
2-тапсырма: теңеу, эпитеттерді табыңыз.
1.Дэнни Уорд ақша үшін, сол ақшаға негізделген _________ үшін шайқасып келеді.
Қажетті сөздер: отбасы, достары, жеңіл өмір
2.Тіс қаққан бұл жырындының қағидасы темірқанат боксшының талайының-ақ __________сарқып, көңіліне _________ұялататын, жүйкесіне тиетін.
Қажетті сөздер: шыдамын, сабырын, қорқыныш, мұң.
Дескриптор:
-сөйлем мағынасына қарай қажетті сөзді таба алады.
-теңеу, эпитетті таба алады.
Жинақтау
Ой толғаныс
1.Мәтіннен 1 кейіпкерді таңдаңыз.
2.Мәтіндегі сол кейіпкерді суреттеудегі автор сөздерін теріп жазыңыз.
3.Мәтіндегі 1 оқиғаны суреттеудегі автор сөздерін теріп жазыңыз.
Дескрипторлар:
-кейіпкерді суреттейтін сөзді теріп жазады;
-оқиғаны суреттейтін автор сөзін жаза алады;
Бағалау. Бүгінгі таңда ел намысын қорғап жүрген батырлардың мүдделері қорғалып жүр ме?
Кейіпкер бейнесіне еніп (өз қалаған), шағын монолог жазыңыз.
Дескрипторлар:
-1-жақтан монолог жаза алады.......



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 97 |



Загрузка...
Читайте также
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Расул Ғамзатов «Ана тілі» өлеңі 3-сабақ (6 сынып, IV тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Расул Ғамзатов «Ана тілі» өлеңі 3-сабақ (6 сынып, IV тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін/ мәнерлеп жатқа оқу  (6 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін/ мәнерлеп жатқа оқу (6 сынып, II тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Б Соқпақбаев «Менің атым Қожа» Түбі адам болатын бала (5 сынып, III тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Б Соқпақбаев «Менің атым Қожа» Түбі адам болатын бала (5 сынып, III тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: «Атымтай Жомарт» әңгімесінің құндылығы (5 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: «Атымтай Жомарт» әңгімесінің құндылығы (5 сынып, II тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары:   «Керқұла атты Кендебай» ертегісі 3-сабақ (5 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: «Керқұла атты Кендебай» ертегісі 3-сабақ (5 сынып, I тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары:  «Керқұла атты Кендебай» ертегісі 2-сабақ (5 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: «Керқұла атты Кендебай» ертегісі 2-сабақ (5 сынып, I тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: «Қобыланды батыр»  жыры 2-сабақ (5 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: «Қобыланды батыр» жыры 2-сабақ (5 сынып, I тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: «Қобыланды батыр» жыры (5 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: «Қобыланды батыр» жыры (5 сынып, I тоқсан )