» » » » Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Д Бабатайұлы «О Ақтан жас Ақтан жас» 3-сабақ (5 сынып, II тоқсан )

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Д Бабатайұлы «О Ақтан жас Ақтан жас» 3-сабақ (5 сынып, II тоқсан )

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Д Бабатайұлы «О Ақтан жас Ақтан жас» 3-сабақ (5 сынып, II тоқсан ) казакша Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Д Бабатайұлы «О Ақтан жас Ақтан жас» 3-сабақ (5 сынып, II тоқсан ) на казахском языке
Пән: Қазақ әдебиет
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Тәрбиенің қайнар бұлағы»
Сабақтың тақырыбы: Д. Бабатайұлы «О, Ақтан жас, Ақтан жас» 3-сабақ
Сабақта іске асатын оқу мақсаты: (оқу бағдараламасынан сілтеме) А/И4. Шығармашылық жұмыс
Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу.
Б/С1.Тарихи және көркемдік құндылығы
Шығармадағы эпизодтар арқылы тарихи құндылығын бағалау.
Сабақ барысы:
Оқушылар осы суреттерге қарап отырып, сабақта атқарылатын жұмыстарды болжайды.
Сабақтың мақсаты, күтілетін нәтижелер таныстырылады.
Оливер Твисттің анасы балысын дүниеге келіп жатқанда қайтыс болады да, Оливер Твист жетім қалады. Бала жетім балалар үйінде қиыншылықта тәрбиеленеді. Қасындағы тәрбиеленуші балалар оған түскі асқа тамақ қосып беруін талап етеді. Балалар үйіндегі қызметкерлер де оған қысым көрсетеді.
Бірде Оливер шебермен төбелесіп қалып, Лондонға қашып кетеді де қалта ұрысы «Ловкий Плут» деген лақап аты бар Джек Доукинспен танысады. «Ловкий Плуттың» бастығы қытымыр еврей Фейгин еді және сұсты ұрлықшы, адам өлтіруші Билл Сайкс те олармен араласып тұратын. Билл Сайкстың 17 жасар қызы Нэнси Оливерге қамқаорлық танытып, онымен достасып жүретін. Ұрылар Оливерді қалтаға ұрлыққа түсуді үйретті.
Кезекті ұрлықтан кейін Оливер мейірімді джентельмен Браунлоудың үйінде қызметте жүргенінде Брааунлоу оны өзінің досының баласы екенін біледі. Сайкс пен Нэнси Оливерді қайтадан ұрлыққа түсіріп, пайда табу үшін өздеріне қайтаруды ойлайды.
Оливердің туыс ағалары Фейгин мен Монкс оны мұрагерліктен аулақтатуды ойлайды. Кезекті сәтсіз ұрлықтан кейін Оливер оқиғаның соңында өзінің тәтесі боп шығатын мисс Роз Мейлидің үйіне түседі. Оқиға барысында Нэнси Оливерге келіп, оның туыс ағалары Олиыерді өлтіргісі келіп жүргенін айтады. Оны естіген мисс Роз Мейли мистер Браунлоудың үйіне барып, жағдайды айтады. Оны Сайкс те естиді. Ашу үстінде ол өзінің қызы Нэнсиді өлтіреді, соңынан өзі қайтыс болады. Монкс Америкадағы түрмеге түседі де, сонда қайтыс болады, Фейгин де қайғылы жағдайға ұшырайды. Оливер мистер Браунлоудың үйінде бақытты ғұмыр кешеді.
Оқушыларға хат жазудың ережесі ұсынылады, хат жазудың жолдары түсіндіріледі.
1.Хат түсінікті, анық жазылуы керек;
2. Әрі сыпайы, қарапайым, мейірімге толы болуы қажет;
3.Хат қысқаша, мазмұнды болуы керек.
4.Кімге арнадың?
Мысалы: Қымбатты менің сүйікті кейіпкерім! 5.Негізгі бөлім (сұрақтар, өтініштер, болған жағдайға өзіндік пікір, тілек)
6.Қоштасу, хат иесінің аты-жөні (уақыты)
1-тапсырма:
Екі тапсырманың бірін таңдап, орындаңыз:
1) Авторға хат
Құрметті, Дулат Бабатайұлы! Қазақ халқы жетімін жылатпаған халық. «Жетім көрсең, жебей жүр» деп те айтып жатады. Сіздің осы өлеңіңізді оқып,...... деп басталатын хат жазыңыз.
2) Кейіпкерге хат
Ақтан жас, Дулат атамыздың сізге артып отырған үмітін ақтайды деп сенемін, себебі...................
деп басталатын хат жазыңыз.
Сөз көлемі- 50-60.
Жетістік критерийі:
Көркем шығармадан алған әсерін сипаттайды;
Хат жазудың талаптарын сақтап жазады;
Грамматикалық тұрғыдан сауатты жазады.
Мұғалім әр оқушы жұмысын бір-біріне ұсынылған жетістік критерийі арқылы бағалатады, кері байланыс жасалады.
Оқушыларды үш топқа бөлінеді. Оларға үш түрлі мәтін беріледі.
2-тапсырма:
Мәтінмендермен танысып шығып, ақын тарихтың қай кезеңдерінде өмір сүрді? деген сауалға дәйек келтіре отырып, жауап беріңіздер. Ойларыңызды «О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңіндегі негізгі идеямен ұштастырыңыздар. Берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.
Аталған тұлғаның өмірі;
Ол өмір сүрген кезең;
Ол Қазақ Еліне деген сүйіспеншілігін қалай көрсетті?
1-топқа:
Дулат Бабатайұлы (1802, Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Сандықтас қонысы — 1874, сонда) — көрнекті ақын. 1880 жылы Қазанда жарық керген «Өсиетнама» деген жинағына ақынның замана туралы толғаулары енген. Орта жүз құрамындағы найман тайпасынан шыққан. Өмірі туралы деректер толық зерттелмеген. Өлеңдері ел ішіне ауызша және қолжазба түрінде таралған. Ақынның кейбір өлеңдері кеңес дәуірінде әр түрлі хрестоматияларда “XVІІІ — XІX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары” деген жинақта, кейін “Үш ғасыр жырлайды” Дулаттың өлең-жырларының басты сарыны- 19 ғасырдың алғашқы жартысындағы отаршылдық әрекеттерге рухани қарсылық көрсету. Ақын “Тегімді менің сұрасаң”, “О, Сарыарқа, Сарыарқа”, “Асқар таудың сәні жоқ”, т.б. жырлары мен жеке кісілерге айтқан “Сүлейменге”, “Бараққа”, “Кеңесбайға”, т.б. арнау өлеңдерінде қазақ жерінің отарлануын, ел билеушілердің отаршыл саясаттың шылауында кетуін “Сауыр жерден айрылып, Қазақ елі жұқарды…, Орыстың көрсе ұлығын, Қыздан дағы қылықты…, Майырдың алса бұйрығын, Борбайға қысып құйрығын, Ел пысығы жортады”, — деп, кекті де отты жыр жолдарына айналдырған.
2-топқа:
Дулаттың ақындық өнері, негізінен, 19 ғасырдың алғашқы жартысында қалыптасты. Осы кезеңнің өмір шындығы Дулат шығармаларына арқау боп өрілді. Қазақ даласындағы дәстүрлі хандық басқару жүйесін жою саясатын орнықтырған Ресей империясының 1822 - 24 жылдары шығарған Қазақ даласын басқару жөніндегі ережелеріне қарсылық Дулат шығармаларының тақырыптық, стильдік, жанрлық ерекшелігін айқындады. Дулаттың уытты, шыншыл сөздерінің кімдерге арналғанын оның: “Халыққа емес сыйымды, Парақор баспақ биіңді, Ел бүлдіргіш бегіңді, Улы тілмен улаттым”, — деген өлең жолдары көрсетіп тұр. Туған халқының екі жақты езгіге түсіп, көз жасының көл боп ағуы, қайғысы мен мұңы ақынның жан сыры ретінде жыр болып төгілді. Дулаттың образ жасау, өлең өрнегін жетілдіру, замана сазына қарай ақындық өнерде жанрлық, стильдік, сонылық таныту ерекшелігі кейін Абай шығармаларында дамытылып, жалғастық тапқан.
3-топқа:
Дулат өзінің “елге қорған ер туса” деген идеясын халыққа жеткізу үшін, қазақ-қалмақ соғысы тұсындағы сюжетті алып, “Еспембет” поэмасын жазған. “Еспембет” жанрлық ерекшелігі жағынан батырлық эпосқа жақын. Елдік, елдің батыр ұлдары туралы идея “Еспембеттей ер қайда? Ер күтетін ел қайда”, — деп басталатын ірі туындыда айқын көрініс тапқан. М.Әуезов Дулатты ғылыми зерттеулерінде, “Абай” романында жоғары бағалайды. 1947 жылғы ҚКП ОК-нің әдебиет, өнер жөніндегі қаулысындағы Дулатты діншіл, хандық дәуірді, ескілікті аңсаушы кертартпа ақын деген теріс бағадан кейін, 1959 жылы өткен қазақ әдебиетінің негізгі проблемаларына арналған ғылыми конференцияның ұсыныстарында Дулат жөнінде “… творчествосын орта мектепте оқыту қажетсіз деп саналсын”, — деген саяси қорытынды берілді. Сол себепті “Абай” романында өз атымен берілген Дулат “Абай жолында” Барлас атанып кете берді. Әйтсе де, Дулат шығармалары хрестоматиялық оқулықтарда, кейбір жинақтарда жарияланып келді. Дулат мұрасы қазақ әдебиеті тарихында әр қилы таным тұрғысынан бағаланды.
Жетістік критерийі:
Мәтінді түсінеді;
Шығарманың тарихи құндылығын бағалайды.
«Екі жұлдыз, бір тілек».....



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 358 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...
Читайте также
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Тахауи Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі 1-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Тахауи Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі 1-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: «Атымтай Жомарт» әңгімесінің құндылығы (5 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: «Атымтай Жомарт» әңгімесінің құндылығы (5 сынып, II тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Д Бабатайұлы «О Ақтан жас Ақтан жас» 2-сабақ (5 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Д Бабатайұлы «О Ақтан жас Ақтан жас» 2-сабақ (5 сынып, II тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Дулат Бабатайұлы (5 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Дулат Бабатайұлы (5 сынып, II тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Дулат Бабатайұлы «О Ақтан жас Ақтан жас» 1-сабақ (5 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Дулат Бабатайұлы «О Ақтан жас Ақтан жас» 1-сабақ (5 сынып, II тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Д Бабатайұлы «О Ақтан жас Ақтан жас» (5 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Д Бабатайұлы «О Ақтан жас Ақтан жас» (5 сынып, II тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары:  «Керқұла атты Кендебай» ертегісі 4-сабақ (5 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: «Керқұла атты Кендебай» ертегісі 4-сабақ (5 сынып, I тоқсан )
Қазақша өлең: Дулат Бабатайұлы (О, Ақтан жас, Ақтан жас)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Дулат Бабатайұлы (О, Ақтан жас, Ақтан жас)

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы, сабақ жоспары Д Бабатайұлы «О Ақтан жас Ақтан жас» 3-сабақ 5 сынып қазақ әдебиеті, қазақ әдебиетінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак адебиет кыска мерзимди сабак жоспары, Д Бабатайұлы «О Ақтан жас Ақтан жас» 3-сабақ, сабақ жоспары Д Бабатайұлы «О Ақтан жас Ақтан жас» 3-сабақ 5 сынып қазақ әдебиеті қазақ әдебиетінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак адебиет кыска мерзимди сабак жоспары Д Бабатайұлы «О Ақтан жас Ақтан, Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Д Бабатайұлы «О Ақтан жас Ақтан жас» 3-сабақ (5 сынып, II тоқсан )