Туризмді дамыту жолындағы проблемалар (8 сынып, IV тоқсан )

 Туризмді дамыту жолындағы проблемалар (8 сынып, IV тоқсан )

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазақстандағы туризм және экотуризм
Сабақтың тақырыбы: Туризмді дамыту жолындағы проблемалар
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.2.1.1 тұтас және аралас мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, сурет) ақпаратты салыстыру
Сабақтың мақсаттары: Мәтін мен кестедегі мәліметті салыстырады.
Сабақ барысы: 1. Раппорт (сенім) орнату. Мұғалім оқушылармен амандасады, оқушыларды түгелдейді, оларға жылылық танытып, жұмсақ сөйлеседі, орынды мадақтау айтады.
2. Сабақтың тақырыбын хабарлайды.
3. Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылармен бірге талқылайды:
- Сіздер бүгінгі сабақта туризм туралы тағы не білгілеріңіз келеді?
- Ұсынылған тақырып бойынша үйренгендеріңізді қалай анықтай аламыз? Оның көрсеткіші не болмақ? (бағалау критерийі)
Оқылым алды тапсырма
Мұғалім оқушыларға «Қазақстандағы туристік мекемелер картасын» ұсынады және «Шетелдік туристерді Қазақстанның қай өңірлеріне шақыруға болады?» деп сұрақ қояды. Қойылған сұраққа жауап беру үшін картаны пайдалануы, өз пікірін картадағы мәлімет арқылы негіздеп айтуы тиіс.
Оқушыларға ойлануға 2 минут уақыт береді. Берілген уақыт аяқталғаннан кейін бірнеше оқушының пікірін тыңдайды.
Сыныпқа сұрақ: Шетелдік туристерді Қазақстанның қай өңірлеріне шақыруға болады?
Оқылым тапсырмасы
«Венн диаграммасы»
Сынып оқушылары тапсырманы жұпқа бөлініп орындайды. Мұғалім барлық оқушыға бірдей мәтіндер ұсынады: бірі – тұтас мәтін, екіншісі – тұтас емес мәтін (кесте). Екі мәтін де Қазақстандағы туристік қызмет туралы ақпаратты қамтиды.
Жұмыс алгоритмі:
 Оқушылар жұппен бірге берілген мәтіндерді түсініп оқиды.
 Екі мәтінде берілген ақпараттарды іріктейді, бір-бірімен салыстырады.
 Іріктелген ақпараттар бойынша қорытынды шығарады.
 Жұптық жұмыстың қорытындысын «Венн диаграммасы»
арқылы көрсетеді.
 Мұғалім сыныпты екі топқа бөледі. Топ өз ішінде барлық жұп жұмыстарын қорғайды. Мұғалім әр топты сыртынан бақылайды.
Оқылымнан кейінгі тапсырма
«Шын», «жалған» тапсырмасы
Мұғалім оқушыларға мәтін мазмұны бойынша сұрақ қояды. Олар жауап «шын» болса, жасыл түсті қағаз, «жалған» болса, сары түсті қағаз көтереді. Мұғалім кей оқушылардан өз жауабын мәтін мазмұнына негіздеп түсіндіріп беруін сұрайды.
1) Елде туристерді қызықтыра алатын археологиялық жәдігерлер жоқ. шын жалған
2) Қазақстан туристер үшін тартымды елдер тізіміне кіре қойған жоқ. шын жалған
3) Қызмет көрсету саласында істейтіндердің ешқайсысы ағылшынша сөйлемейді. шын жалған
4) Қазақстан туристер үшін тартымды елдер тізіміне кірмеуіне жолдың нашарлығы әсер етпейді.
шын жалған
5) Қазақстан қымбатшылық кесірінен ішкі туристерді жоғалтып алды. шын жалған
Дескриптор
- картаны пайдаланып өз пікірін айтады;
- мәтіндердегі ақпараттарды салыстырады, «Венн диаграммасы» арқылы ұқсастығы мен ерекшелігін табады;
- сұрақтарға жауап береді.
Өзіндік бағалау
Оқушы өзін-өзі бағалайды. Оқушының бағалауы шынайы әрі толыққанды болу үшін мұғалім мынадай үлгі ұсына алады:
Үлгі (шаблон):
Мен үшін бүгінгі тақырып құнды болды, себебі ..., біріншіден, ..., екіншіден.
Мен ... жақсарту үшін біріншіден .... орындауым керек, екіншіден ... назар аударуым керек.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 064



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі