» » » » Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстандағы туризм түрлері (8 сынып, IV тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстандағы туризм түрлері (8 сынып, IV тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстандағы туризм түрлері (8 сынып, IV тоқсан ) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстандағы туризм түрлері (8 сынып, IV тоқсан ) на казахском языке
Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазақстандағы туризм және экотуризм
Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы туризм түрлері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.1.5.1 перифраз түрінде берілген сұрақтар арқылы мәтіннен қажетті ақпаратты таба білу, көтерілген мәселе бойынша ой тұжырымдау
Сабақтың мақсаттары:
Тыңдалым мәтінінен перифраз сұрақтар арқылы қажетті ақпаратты табу; мәтіндегі мәселе бойынша тұжырым жасау.
Сабақ барысы: Қызығушылығын ояту
Мұғалім сабақты тау, көл, балық, емдік, ескерткіш, туризм сөздерін бөлек-бөлек қағазға жазып (немесе тақтаға жазып) оқушыларға ұсынудан бастайды.
Мұғалімнің сұрағы: тау, көл, балық, емдік, ескерткіш, туризм сөздерін бір-бірімен байланыстыруға бола ма? Болса, қалай? Өз ой-пікірлеріңмен бөлісіңдер.
Әр оқушының пікірін жетекші сұрақ қою арқылы тақырыпты болжауға бағыттайды. Бұл жерде оқушының сабақ тақырыбын дөп басып болжауы маңызды емес, ең маңыздысы креативті ой айта білуге дағдыландыру, оқушының қиялын дамыту болып табылады. Сонымен мұғалім оқушылардың жауаптарын қорытындылай келе, сабақтың тақырыбын хабарлайды.
Мұғалім сабақ мақсатымен таныстырады.
Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып, сабақтың бағалау критерийлерін әзірлейді.
Тыңдалым алды тапсырма
Оқушылар «БББ кестесін» толтырады. Олар бұл тапсырманы жеке орындайды. «Қазақстандағы туризмнің қандай түрлерін білемін?»
«Білемін» деген жерге Қазақстандағы туризм туралы білетін мәліметтерін, «Білдім» дегенге жаңадан білгендерін, «Білгім келеді» дегенге қазақстандық туризм туралы не қызықтыратындықтарын атап қана жазып өтулері тиіс. Өткен сабақта алған білімдері негізінде туризм туралы мәліметтерді жазуға болады. Саралау ретінде мұғалім кейбір оқушыларға бағыт беруіне болады.
«БББ»кестесі
«Қазақстандағы туризмнің қандай түрлерін білемін?»
Білемін Білдім Білгім келеді
Кестені толтырып болғаннан кейін мұғалім оқушыларды төрт адамнан тұратын топқа бөледі. Оқушылар кестеге толтырған мәліметтерін топта оқып, талдайды.
Тыңдалым тапсырмасы
ЖЖ
Топ ішінде жұпқа бөлінеді.
Оқушылар «Қазақстандағы туризм түрлері» атты мәтінді тыңдайды. Мұғалім әр жұпқа мәтіннен алынған бір сөйлемді әр жұпқа таратып береді. Жұптағы оқушылар осы сөйлемнен перифраз арқылы сұрақ құрастырады. Сұрақты А4 форматты немесе дәптердің ақ парағына жазады. Содан кейін сол қағаздан ұшақ жасап сынып ішінде бір-біріне бағыттап ұшырады. Әр жұп оқушы бір «ұшақ» сұрақтан алып, сұрақ иесіне жауап беруі тиіс.
Тапсырманы ұйымдастыру: «Ұшақты» ұшырар кезде сынып оқушыларын кең шеңбер құрып отырғызған дұрыс. Сонда олар «ұшақты» бір-біріне қарама-қарсы ұшыра алады.
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма
Оқушылар мәтіндегі көтерілген мәселе бойынша «ПОПС формуласы» арқылы ой тұжырымдайды.
Позиция (мен солай санаймын, ...)
Түсіндіру (... себебі ...)
Мысал (мен мұны мынадай мысал арқылы дәлелдей аламын ...)
Салдар (айтылған мәселе бойынша мынадай қорытынды жасаймын ...)
Өзіндік бағалау
Оқушылар «БББ» кестесіне оралып, «Білгім келеді» бөлігі бойынша бүгінгі сабақтан алған білімдері бойынша кері байланыс жасайды. Мұғалім мүмкіндігінше оқуылардың көп бөлігін қамтуы тиіс.
Дескриптор:
- сұрақ құрастырады;
- сұраққа жауап береді;
- мәтін бойынша қорытындылайды......



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 214 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...
Читайте также
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Туристік жарнамалар (8 сынып, IV тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Туристік жарнамалар (8 сынып, IV тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Туризмді дамыту жолындағы проблемалар (8 сынып, IV тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Туризмді дамыту жолындағы проблемалар (8 сынып, IV тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстандағы туризм  (8 сынып, IV тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстандағы туризм (8 сынып, IV тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстандағы көрнекті орындар (8 сынып, IV тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстандағы көрнекті орындар (8 сынып, IV тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Кәсіп (8 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Кәсіп (8 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қызметке тұру (8 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қызметке тұру (8 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Тәрбие – тал бесіктен  (6 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Тәрбие – тал бесіктен (6 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Семирамиданың аспалы бағы (6 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Семирамиданың аспалы бағы (6 сынып, I тоқсан )

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы, сабақ жоспары Қазақстандағы туризм түрлері 8 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Қазақстандағы туризм түрлері, сабақ жоспары Қазақстандағы туризм түрлері 8 сынып қазақ тілі қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак тили кыска мерзимди сабак жоспары Қазақстандағы туризм түрлері, Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстандағы туризм түрлері (8 сынып, IV тоқсан )