Халық үшін ашық парақпын (8 сынып, IV тоқсан )

 Халық  үшін ашық парақпын (8 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім тақырыбы: Театр өнері мен мәдениеті
Сабақтың тақырыбы: Халық үшін ашық парақпын
Оқу мақсаттары: Ж8.3.1.1 - тақырып бойынша материал жинақтап, тезистік жоспар құру;
ӘТН 8.4.4.4 – жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолдану
Сабақ мақсаттары:
Оқушылар:
Жинақталған материалдан тезистік жоспар құрады.
Сабақ барысы: Қызығушылықты ояту:
Сыныптың әр бұрышына мұғалім өмірін өнерімен өрнектеген танымал адамдар өміріне қатысты сөйлем немесе сөздерді ақ параққа жазып іліп қояды. Оқушылардың қолдарына сол сөз немесе сөйлемдердің жауабын немесе сұрағын карточкаға жазып береді. Оқушылар сыныпты айналып жүріп, өзінің қолындағы тапсырмаға қатысты парақты табады. Барлығы тауып болған соң, бірлесе жүріп әр парақтың жанына барады. Өз парағының жанына келгенде, сол оқушы өзіне қатысты оқу материалын түсіндіреді. ЖЖ
Мәтінмен жұмыс кезеңі
Алдымен, оқушылар «Мен халқым үшін ашық парақпын» тақырыбындағы сұхбат мәтінімен танысады. Содан кейін мәтіндегі деректерді басшылыққа алып, материал жинақтайды және жинақталған материалдарды қажеттілігіне қарай топтастырады. ЖЖ
Сұхбат:
... -Білетіндер Сізді ашық-жарқын, қалжыңбас деп жатады...
Менде құпия ештеңе жоқ. Мен халқым үшін жабық кітап емес, ашық парақпын. Айтылған әзілдердің бәрі «Деген екен...» деген жинаққа енді.Бәрі халықтың аузында. Қалжыңбас екенім рас.Юморы жақсы адамдармен тез достасамын.Оспанхан екеуміз дос болдық. Мен бір әзілді бастасам, ол «айта түс, айта түс» деп кеңкілдеп кеп күледі.Ол күлген сайын, менің шабытым ашыла түседі.Өзінің жинағына «осы кітап сенің әдемі әзілдеріңнің, жақсы юморларыңның жемісі» деп жазып берген.Институтта оқып жүрген кезімде «Актер» деген қабырға газеті болатын. Мен соның бас редакторы болдым да, Оспанхан орынбасарым болды. Парадокс қой, өмірде ол актер болмады, жазушы болды, мен жазушы болмадым, актер болдым. Соның бәрінің жиынтығы – біздің өмір...
2-тапсырма. Тезистік жоспар құру
Тезис (түйін)
Тезис – бұл дәлелдейтін немесе жоққа шығаратын тұжырымдама-пайымдаулар. Тезистің көшірмелерден өзгешелігі, ұсынылатын дәйектерге дәлелдер келтірілуі тиіс.
Негізгі тезистер - дерек көзінің мазмұнын жалпылайтын басты тұжырымдамалар. Мұндай тезистерден кейбір жағдайда материалдардың мазмұнын тұтастай айқындайтын жеке жазбалар жасалады. Ал қорытынды басты тезистер алдыңғы материалдардың мазмұнын жалпылауы тиіс.
• Мәтін бойынша тезистік жоспар төмендегідей ретпен көрініс табады:
Негізгі идеялар:
1) Асанәлі Әшімов өмірі мен өнері сұхбатындағы ашық сұхбат оқырманды қызықтырады.
2) Өнер ордаларына зиялы қауымның баруы сирек.
Жақсы жақтары:
Сұхбат барысынан актердің шынай әңгімесін анық аңғарамыз
Әлсіз жақтары:
жас шағында көп нәрсені тындыру
Бағалау критерийі:
Тезистік жоспар құру Дескриптор Балл
Білім алушы:
Қажетті материалды жинақтайды .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 901



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі