» » » » Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ер және қыз баланы қалай еркелетеді? Бауыржан Момышұлының бала тәрбиесі туралы айтқан өнегесі (8 сынып, III тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ер және қыз баланы қалай еркелетеді? Бауыржан Момышұлының бала тәрбиесі туралы айтқан өнегесі (8 сынып, III тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ер және қыз баланы қалай еркелетеді?  Бауыржан Момышұлының бала тәрбиесі туралы айтқан өнегесі (8 сынып, III тоқсан ) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ер және қыз баланы қалай еркелетеді?  Бауыржан Момышұлының бала тәрбиесі туралы айтқан өнегесі (8 сынып, III тоқсан ) на казахском языке
Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Жасөспірім және заң
Сабақтың тақырыбы: Ер және қыз баланы қалай еркелетеді? Бауыржан Момышұлының бала тәрбиесі туралы айтқан өнегесі.
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 8.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып мақала құрастырып жазу
Сабақтың мақсаттары: Мақала жазудың талаптарымен таныстырып, теорияны практикада бекіту.
Сабақ барысы: Оқушылар жан-жануарлардың баласын сүюі туралы тұжырымдарды сәйкестендіріп, бөлім тақырыбымен байланыс орнатып, сабақтың тақырыбын болжайды. Оқу мақсатымен танысып, бағалау критерийлерін белгілейді.
Қарға баласын «үрпегім» деп сүйеді.
Қоян баласын «жұмсағым» деп сүйеді
Мысық баласын «үркегім» деп сүйеді,
Ит баласын «мырылым» деп сүйеді,
Тауық баласын «жұмсағым» деп сүйеді.
Кірпі баласын «аппағым» деп сүйеді,
Жазылымға дайындық жұмысы
Топтық жұмыс
Оқушылар мәтінді оқып, сөздікпен жұмыс ұйымдастырылады. Жазушының көзқарасын қолдаушылар мен өзге позицияны ұстанатындар екі топ құрап, өз пікірілерін дәлелдейтін аргумент дайындайды.
Топ мүшелері сынып алдына шығып өз жауаптарын ұсынады, орында отырғандар «Екі жұлдыз, бір тілек» тәсілі бойынша бағалап отырады.
Бауыржан Момышұлының ер және қыз бала тәрбиесі туралы айтқан өнегесі
Бұрын қазақтар ер баланы еркелеткенде басынан сипамаған. Арқасынан қаққан. «Басына сипау ұл баланы аяп, мүсіркеу сезімдерін туғызады, төмен қарап жүретін жасық болып қалады» деп түсінген. Ата-ана, ел-жұртына қорған болатын, шаңыраққа ие болатын ұлдың көзін жерден алмайтын жігерсіз, есіркеуді тілеп тұратын ынжық болғанын қаламаған. Ал арқасынан қаққанда ер бала батылданады, жігерленеді, еңсесін тік ұстап, тура қарауға дағдыланады. Неге болса да тайсалмай қарайтын қайратты, батыл болып ержетсін деп ұлды арқадан қағыпты. Ал қыздарды керісінше басынан сипаған. Қыз — жатжұрттық, қыздың бағы — үйде емес, түзде. Қыз басқа босағаны аттап, өзге үйдің отын жағады, ұрпағын өсіреді. Қызды «кететін бала ғой» деп еркелетеді. «Алдында не күтіп тұр екен, тағдыр-талайы қалай болады» деп басынан сипап аялаған. Қыз баланы басынан сипағанда басы еріксіз еңіс тартады, көз жанары төмен түсіп, жасырынады. Кісі бетіне бажырайып қарамайтын әдетке үйреніп, қызға лайық биязы мінез қалыптасады. Арқадан қағу мен бастан сипаудың осындай талғамды астары, тәрбиелік мәні бар екен.
Мұғалім оқушыларды мақала жазу талаптарымен таныстырады.
1. Кіріспе бөлімі
• Қандай тақырып төңірегінде ой өрбітесіз?
• Тақырыпты/мәселені кім көтерді? (кім қызығушылық танытты?)/оқиға қайда орын алды?
• Тақырыптың мәселелік жақтары қандай?/ Қандай мәселені шешуге бағытталған?
2. Негізгі бөлім
• Оқиғаға/іс-әрекетке/пікірге жеке көзқарасыңызды білдіріңіз
• Неге сондай баға бердіңіз? (дәлел келтіріңіз). Мықты және осал жақтарын атап өтесіз.
3. Қорытынды
• Ойыңызды қорытындылап, ұсыныс жасаңыз
Жеке жұмыс
Ер және қыз баланы еркелету туралы Бауыржан Момышұлының көзқарасы бойынша сыни пікір жазады.
Жауапта мәтіндегі ақпаратты пайдаланып, өз ойын қосып жазады.
Жауаптар «Ыстық орындық» ойыны арқылы тексеріледі. Мұғалім кері байланыс беріп отырады.....



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 166 |


Социальные комментарии Cackle


Загрузка...
Читайте также
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мамандық таңдау  (8 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мамандық таңдау (8 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Кітапхана мен кітап маңызы (8 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Кітапхана мен кітап маңызы (8 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Рақмет саған анашым! (8 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Рақмет саған анашым! (8 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Достық байланыстар (7 сынып, III тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Достық байланыстар (7 сынып, III тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: «Ассамблея жылы – халықтар  бірлігінің кепілі» (7 сынып, III тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: «Ассамблея жылы – халықтар бірлігінің кепілі» (7 сынып, III тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Шынықсан шымыр боласың (7 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Шынықсан шымыр боласың (7 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ана тәрбиесі (5 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ана тәрбиесі (5 сынып, I тоқсан )
Ертегі: Қарға баласын аппағым дер кірпі баласын жұмсағым дер
Қазақ халық ертегілер жинағы
Ертегі: Қарға баласын аппағым дер кірпі баласын жұмсағым дер

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы, сабақ жоспары Ер және қыз баланы қалай еркелетеді? Бауыржан Момышұлының бала тәрбиесі туралы айтқан өнегесі 8 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Ер және қыз баланы қалай еркелетеді? Бауыржан Момышұлының бала тәрбиесі туралы айтқан өнегесі, , Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ер және қыз баланы қалай еркелетеді? Бауыржан Момышұлының бала тәрбиесі туралы айтқан өнегесі (8 сынып, III тоқсан )