Адам құқығы (8 сынып, III тоқсан )

 Адам құқығы (8 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Жасөспірім және заң
Сабақтың тақырыбы: Адам құқығы
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 8.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сай ғылыми және халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді орынды қолданып, диалог, монолог, полилогта өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізу
8.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыру, өз ойын дәлелдеп жазу(аргументативті эссе)
Сабақтың мақсаттары: Оқушылар өз ойларын дәлелді, жүйелі жеткізеді.
Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, аргументативті эссе жазады.
Сабақ барысы: Оқушылармен бірге сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін талқылау.
Тыңдалым алдындағы тапсырма.
Оқушылар «Өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбында бір-бірінен интервью алады. Жауаптарды саралай келе, қорытынды шығарады.
- Сен өз құқығыңды білесің бе?
- Сенің құқығың үнемі сақталады деп ойлайсың ба?
- Сен өз құқығыңды қалай қорғайсың?
Тыңдалым тапсырмасы.
Оқушылар «Адам құқығы» туралы тыңдалымды тыңдайды. Тыңдалымдағы мәселені талқылап, диалогқа түседі. Диалогта оқушылар заң терминдерін орынды қолдануы керек. Мұғалім терминдерді алдын ала беріп қояды.
- Жапондықтар ар-намыс мәселесін қандай орынға қояды?
- Самурайлар қандай тәртіпке бағынады?
- Бір қылмыс үшін кім жазалануы мүмкін?
- Үнді халқының жастары қандай?
- Үнді халқы өз қалауларымен отбасын құра алады ма?
- Үнді халқының қандай құқығы жоқ?
- Азия елдеріне қандай ортақ құқық бар?
- Әйел құқығы деген не?
- Нидарланды әйелдері туралы қандай пікірлер бар?
Ж. Жазылым тапсырмасы.
Оқушылар бейнематериалдағы ақпараттарды қолданып, «Әлем елдеріндегі адам құқықтарының сақталуы » тақырыбында эссе жазады.
Жазылымда оқушылар әр елдің адам құқықтарын сақтауына байланысты артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстырып, өз ойларын нақты дәлелдер келтіріп жазады.
Мұғалім оқушыларға қосымша деректерді ізденіп, пайдалануына жағдай жасайды. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 236



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі