Керқұлан (8 сынып, III тоқсан )

 Керқұлан (8 сынып, III тоқсан )

ПӘН: ҚАЗАҚ ТІЛІ
Бөлім атауы: Биоалуантүрлілік.
Сабақ тақырыбы: Керқұлан
Сабақ қамтитын оқу мақсаттары: 8.2.5.1 - перифразаның түрлі тәсілдерін қолдана отырып, мәтін бойынша сұрақтар құрастыру
8.4.4.2 - тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің сөйлем жасаудағы өзіндік орнын, қызметін түсініп қолдану.
Сабақ мақсаты:
Мәтін тақырыбын анықтайды;
Сұрақтар құрастырып, жұбының сұрағына жауап береді;
Сөйлем мүшелеріне талдап, сөздердің орын, қызметін түсінеді.
Сабақ барысы: Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сынып оқушылары түгенделеді. Сабақ мақсаты хабарланады.
1-тапсырма
- «Қазіргі таңда жабайы жылқылар бар ма?
- Керқұлан туралы естігендеріңіз бар ма?
- Жабайы жылқылардың үй жылқыларынан айырмашылығы қандай?
- Жабайы жылқыларды қорғауға алу қажет пе?
Жылқының суреті таратылады, оқушылар оның сырт келбетін сипаттап жазады.
2-тапсырма
Мәтінді оқы. Мәтінге тақырып қой.
- " Оқушылар, Керқұланға берілген сипаттаманы оқып, өздерің дайындаған сипаттамамен салыстырыңыздар.
“Тұрқы 2 м, биіктігі 1,5 –1,3 м, мойны қысқа, әрі жуан, жалы – тік, қысқа әрі сирек, қайратты келеді. Басы үлкен, кеңсірігі жалпақ. Танауы, астыңғы ерні мен иегіне сояуша түк өседі. Құлағы қысқа, қалың, ұшында жарты ай тәрізді ойығы болады...”.
Керқұлан – өте қағылез сақ жануар. 10 – 20-дан топтанып үйір құрады. Қыс мезгілінде шағын үйірлер бірігіп қос құрайды. Олар бетеге, ақшөп, теріскен, итсигек, сексеуіл, ермен, жыңғыл, тасбүрген, селеу, дүзгенді, т.б. сүйсініп жейді. Керқұлан, көбінесе, қар суларын ішеді.
3-тапсырма
Мәтін мазмұны бойынша 5 сұрақ құрастыр. Жұбыңа қой.
Дескрптор
Мәтін тақырыбын, мәселесін анықтайды.
Кемінде 3 сұрақ құрастырады.
4-тапсырма
Керқұлан – өте қағылез сақ жануар. 10 – 20-дан топтанып үйір құрады. Қыс мезгілінде шағын үйірлер бірігіп қос құрайды.
Мына сөйлемдерді дәптерге жазып, сөйлем мүшесіне талда. Тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің орнын, қызметін түсіндір.
Б. Мұғалімнің бағалауы ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 879



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі