Туған өлкем байлығы мол қазынам (8 сынып, III тоқсан )

 Туған өлкем байлығы мол қазынам (8 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Қоршаған орта.
Сабақ тақырыбы: Туған өлкем байлығы мол қазынам
Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары: 8.2.6.1 оқылым стратегияларын қолдану:
комментарий жасау, іріктеп оқу, талдап оқу
Сабақ мақсаты:
Барлық оқушылар үшін:
- Ақпаратты түсінеді, іріктеп оқиды.
- Жеке эпизодтарға комментарий жазады.
- Мәтін бойынша пікір білдіреді.
Кейбір оқушылар үшін:
- Тыңдарманға әсер ете отырып, көркем сөйлейді.
Сабақ барысы: Ой шақыру
Мәтіналды тапсырма. «Ақылды доп» әдісі
Оқушылар бір біріне доп лақтыру арқылы өткен сабақтарда білген сөздерді еске түсіреді.
Доп кімге түседі, сол оқушы жылдам бір сөз айту керек.
Кідіріп қалса ойыннан шығады.
Соңында қалған оқушы жеңімпаз болып саналады.
«Ф» Жеңімпаз оқушыларды мадақтау
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру
Кері байланыс
ЖЖ
Мәтінмен жұмыс тапсырмасы
«Іріктеп оқу» әдісі.
Мәтінді оқу барысында маңызды деп
ойлаған сөздердің, тіркестердің, мағлұматтардың астын сызып отырады.
Жер байлықтарының түрлері
Жер байлықтары – бұл биосфераның минералдық негізгі, табиғаттың бірінші құрылымды бөлігі. Жер байлықтарының бастысы – пайдалы кендер.
Пайдалы кендерге барлық табиғи минерал байлықтары жатады. Олар өңделген күйде немесе сол бірінші табылған күйінде пайдаланылуы мүмкін. Мысалы, пайдалы тастар, отындық материалдар сол күйінде немесе сол бірінші табылған күйінде пайдаланылуы мүмкін. Мысалы, пайдалы тастар, отындық материалдар сол күйінде пайдаланылады, ал мыс, қорғасын, темір т.б. қазбалы байлықтар өндегенен кейін ғана кәдеге жарайды. Көптеген табиғат ресурстары жердің сыртқы қабатында жатады. Минералды ресурстар суда да болады. Мысалы, сулардан фосфорды, калиді, магниді, темірді т.б. өндіруге пайдаланылмай жатқан мүмкіндіктер мол.
Минералды кен ресурстар өздерінің табиғи сапасына және пайдаланылу бағыттарына қарай төмендегі топтарға бөлінеді.
- Отын-энергетика ресурстары – мұнай, газ, көмір, жанатын сланец, торф, уран т.б.
- Кең ресурстары – темір және марганец рудалары, хромит, боксит, мыс, қорғасын-мырыш, никел, вольфрам, молибден, қалайы, бағалы металл ресурстары т.б.
- Тау-химия шикізаттары – апатит, фосфорит, калий, магнизий, ас тұзы, күкірт, барий, тау рудалары, бром және йод қоспалары бар ерітінділер т.б.
- Табиғи құрылыс материалдары, минералды руда емес табиғи қазбалар – мрамор, гранит, азот, тау хрусталы, корунд, алмаз т.б.
- Су минералды ресурстары – жер асты тұщы сулары мен минералды сулар.

Жұптар өзара пікір алмасып, асты сызылған сөздер мен сөз тіркестерінің маңызы туралы ой бөліседі.
«Ф» Бір біріне ұсыныс, пікірлерін айтады
Кері байланыс
1. Мәтін бойынша кесте толтыр.
2. Топтар өз жұмыстарын қорғайды
Дескриптор
1. Мәтіндегі жеке эпизодтарды сипаттап айтады
2. Тілдік ерекшелігіне салыстыру жасайды.
3. Әр бөлік бойынша пікір білдіріп, комментарий жазады.
Кері байланыс
Мәтіннен кейінгі тапсырма
Өзі тұратын аймақ туралы «Жер байлығы-ел байлығы» тақырыбына «Төрт сөйлем» тәсілін қолданып сөйлейді
1. Пікір. Тақырып бойынша өзіндік пікірін бір сөйлеммен жазады.
2. Дәлел. Өз пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді.
3. Мысал. Пікірін өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді.
4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарады.
Тапсырма дескрипторы
1. Өзі тұратын аймақ туралы ақпарат бар.
2. Пікір, дәлел, қорытынды айта алды.
Кері байланыс....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 058



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі