» » » » Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қызметке тұру (8 сынып, II тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қызметке тұру (8 сынып, II тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қызметке тұру (8 сынып, II тоқсан ) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қызметке тұру (8 сынып, II тоқсан ) на казахском языке
Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары
Сабақтың тақырыбы: Қызметке тұру
Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.1.5.1. перифраз түрінде берілген сұрақтар арқылы мәтіннен қажетті ақпаратты таба білу, көтерілген мәселе бойынша ой тұжырымдау.
Сабақтың мақсаты:
Оқушылар:
• Перифраз түрінде берілген сұрақты түсінеді;
• мәтіннен қажетті ақпаратты тауып, жауап береді;
• мәтіндегі ойды қорытындылап пікір білдіреді.
Сабақ барысы: «Құндылықтар спектрі» тапсырмасы.
Спектр үшін жіпті, тақтаны көрсетіп тұратын стрелкаларды пайдаланыңыз; қарама-қарсы қабырғаларға пікірлердің екі ең шеткі нүктелерін орналастырыңыз.
Жаттығудың сипаттамасы:
Оқушылар немесе оқушылардан құрылған топтар айтылған пікірмен қаншалықты келісетіндігін айта отырып, оған қатысты өз ойларымен бөліседі. Бұны жүзеге асырудың тәсілдері өте көп: оқушылардан олардың өз пікірлерін көрсететін сызықтың нүктелеріне келіп тұруды өтінуге болады немесе олар айтылғанды алдымен топ ішінде талқылайды да, содан кейін топтан бір оқушы шығып өз тобының ұстанымын түсіндіре отырып, тобының белгі/карточкасын сызықтың бойына орналастырады. Бұл – бір сұрақтардың әртүрлі жауаптарын салыстырып, пікірлер арасындағы алшақтықты анықтауға арналған өте жақсы әдіс
Тұжырым: Бүгінгі заманда жұмысқа орналасу қиын.
Осы тапсырмадан соң, сабақтың тақырыбын анықтайды.
Мұғалім оқушылармен бірге оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін бірге талқылайды.
Тыңдалым/айтылым алдындағы тапсырма.
Мұғалім оқушыларға жұмысқа орналасуға қатысты әрекеттер жазылған бірнеше қима қағаздарды үлестіреді. Оқушылар әрекеттерді дұрыс ретімен орналастырып, үдерісті әңгімелеп береді.
1-тапсырма.
Жұмысқа орналасу үшін жасалатын әрекеттерді дұрыс ретімен орналастырып, үдерісті әңгімелеп беріңіз.
Тыңдалым/айтылым тапсырмасы.
Мұғалім оқушыларға бейнематериалды қосып, тыңдалым мәтінін тыңдатады. Оқушыларға осы тыңдалым бойынша перифраза арқылы құрылған сұрақтарды береді. Мұғалім перифраз жасаудың тәсілдерін ескеріп, басқа да сұрақтар құрастыра алады.
Оқушылар осы сұрақтарға мәтін бойынша жауап береді.
1-тапсырма.
Бейнематериалды тыңдап, сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Бейнематериалдағы қағидалар кімдерге арналған?
2. Мамандар неліктен бір орында ұзақ тұрақтамауға кеңес береді?
3. Қызметке тұрушы туралы алғашқы көзқарасты не қалыптастырады?
4. Қызметке орналасуда қандай әрекет ең пайдасыз?
5. Жұмыс берушілер қызметкерге зәру екенін көбіне қайда жариялайды?
6. Түйіндемені жіберген фирма бірден хабарласа ма?
7. Қызметке тұруда қандай әрекет жағымды нәтижеге әкеледі?
8. Жұмысқа орналасуға қатысты қандай кеңестер берілді?
А)
Ә)
Б)
Дескриптор:
• Перифраз тәсілі арқылы берілген сұрақтарды түсінеді.
• Сұрақтарға тыңдалым мәтіні бойынша жауап береді;
• Айтылған кеңестерді жаза алады.
2-тапсырма.
Оқушылар тыңдалым мәтінін бойынша ой тұжырымдап, жеке көзқарасын ПОПС формуласы арқылы білдіреді.
Сұрақ:
• Сіздің ойыңызша, ұсынылған кеңестер жұмысқа орналасуда пайдалы ма? Неліктен?
• Сіздің пікіріңізше, қай кеңес ең пайдалы?
Дескриптор:
• Тыңдалым бойынша жеке пікірін білдіреді;
• ПОПС формуласы арқылы сөйлейді;
• ойын дәлелді, анық жеткізе алады.
Оқушылар бір-біріне дескрипторға сай кері байланыс береді.
Шығармашылық тапсырма.
Мұғалім оқушыларға бірнеше комикстердің суреттерін береді. Оқушылар осы комикстерді өздері сөйлетулері керек. Ол үшін тыңдалымдағы ақпараттарды, ұсынылған мақал-мәтелдерді қолданулары керек.
Тапсырма.
Төмендегі комикстерге қарап, «Менің жұмысқа орналасудағы талпынысым» тақырыбында шағын әңгіме құрап, әңгімелеп бер.
1-сурет
2-сурет.
Мақал-мәтелдер:
• Еңбек — ширатады.
Өмір — үйретеді.
• Күшіңе сенбе,
Ісіңе сен.
• Еңбек ет те, міндет ет.
• Ер дәулеті — еңбек.
• Бір еңбектің — бір рахаты бар.
Дескриптор:
• Комикстерге сай әңгіме құрайды;
• тақырыпты ашады;
• мақал-мәтелдерді орынды қолданады......



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 82 |



Загрузка...
Читайте также
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Кәсіп (8 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Кәсіп (8 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстандағы туризм түрлері (8 сынып, IV тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстандағы туризм түрлері (8 сынып, IV тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Болашақ мамандықтары (8 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Болашақ мамандықтары (8 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Тәрбие – тал бесіктен  (6 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Тәрбие – тал бесіктен (6 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстанның су ресурстары Су – өмірдің нәрі  (6 сынып, III тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстанның су ресурстары Су – өмірдің нәрі (6 сынып, III тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Хан Кене (6 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Хан Кене (6 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Роботтар мұғалімдерді ауыстыруы мүмкін бе? (8 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Роботтар мұғалімдерді ауыстыруы мүмкін бе? (8 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Биотехнология жетістіктері (6 сынып, IV тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Биотехнология жетістіктері (6 сынып, IV тоқсан )

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы, сабақ жоспары Қызметке тұру 8 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Қызметке тұру, сабақ жоспары Қызметке тұру 8 сынып қазақ тілі қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак тили кыска мерзимди сабак жоспары Қызметке тұру, Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қызметке тұру (8 сынып, II тоқсан )