Роботтар мұғалімдерді ауыстыруы мүмкін бе? (8 сынып, II тоқсан )

 Роботтар мұғалімдерді ауыстыруы мүмкін бе? (8 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары
Сабақтың тақырыбы: Роботтар мұғалімдерді ауыстыруы мүмкін бе?
Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.3.4.1. Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылықтары мен кемшілік тұстарын салыстыру, өз ойын дәлелдеп жазу (аргументативті эссе).
Сабақтың мақсаты:
Оқушылар:
Мәселеге қатысты пікір білдіреді.
Құрылымын сақтап, эссе жазады.
Шешімнің артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстырады.
Сабақ барысы:
Мұғалім оқушылармен бірге сабақтың тақырыбын, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін таныстырады, талқылайды.
Жазылымға дайындық.
Мұғалім оқушыларға мәтін ұсынады. Оқушылар мәтінді жеке оқиды, мәтінде көтерілген мәселені ұсынылған сұрақтар арқылы топта талқылайды.
1-тапсырма.
Мәтінді оқып, сұрақтарды жұпта талқылаңыз.
• Мәтіндегі ойға көзқарасыңыз қандай?
• Адамзатқа қаншалықты пайдалы?
• Зиянды тұстары қандай болуы мүмкін?
• Біздің елімізде де осындай жаңалық болуы мүмкін бе?
Мәтін.
КТК телеарнасының мәліметінше, Қытайда мұғалімдердің орнын роботтар басып жатыр. 600 балабақшаның бүлдіршіні жаңа тәрбиелеушілерімен танысты. Дөңгелек ақ басты, беттің орнына сенсор экран орнатылған роботтың биіктігі бар-жоғы 60 сантиметр. Білім саласындағы жаңа қызметкерге Кико деген есім берілген. Ақылды робот балаларға қызықты әңгімелер мен ертегілер айтып, жаттығу мен тапсырмаларын ұсынады. Егер бүлдіршін дұрыс жауап берсе сенсорде қызыл жүрек жанады. Сонымен қатар, робот мұғалімдер кез келген сұраққа жауап береді. Мұндай мұғалімнің құны 10 мың юань, яғни 500 мың теңге. Бұл аспанасты еліндегі бір педагогтың айлық жалақасы. Құрастырушылар өз өнімдерін басқа елдерге сатуды жоспарлап отыр.
Оқушылар топта бірлесе робот-мұғалімдердің артықшылықтары мен кемшіліктері туралы ойланып жазады.
2-тапсырма.
Робот ұстаздың артықшылықтары мен кемшіліктері туралы ойланып, жазыңыз.
Артықшылықтары Кемшіліктері
Жазылым тапсырмасы.
Мұғалім оқушыларға эссе тақырыбын ұсынып, дескрипторлармен таныстырады. Оқушылар жазылым тапсырмасын жеке орындайды.
3-тапсырма
«Мұғалімнің орнын роботтар ауыстырса білім беру қалай өзгереді?» тақырыбында эссе жазады.
Дескриптор:
• Эссе жазады;
• Құрылымын сақтайды;
• Шешімнің артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстырады;
• Мәселеге қатысты өз көзқарасын дәлелді білдіреді.
• Сауатты жазады.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 128



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!