7-сабақ Ғарышты игеру жетістіктері (8 сынып, II тоқсан )

 7-сабақ Ғарышты игеру жетістіктері (8 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: 7-сабақ Ғарышты игеру жетістіктері
Оқу бағдарламасына сілтеме: ӘТН4.1.Грамматикалық норма
Оқу мақсаттары:
8.4.4.1. Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлері, есімді, етістікті сөз тіркестерін ажырату, қолдану.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Қызығушылықты ояту
«Санадағы кинофильм» әдісі.
Оқушылар көздерін жұмады. Көз алдарына ғарышқа байланысты әртүрлі бейнелерді елестетеді. Мұғалім жай ғана «Кино басталды: сіз ғарыштасыз, ( үзіліс) тосын оқиға (үзіліс), қорқыныш (үзіліс), көмек(үзіліс) кино аяқталды: сіз сыныптасыз» деген сөздерді айтып тұрады. Оқушылар көздерін ашып, көңіл-күйлерін смайликке бейнелеп,партаның астына жапсырып қояды.
Оқу мақсатымен, бағалау критерийімен таныстыру, сыныппен бірге талқылау.
Топқа бөлу. «Шашу» әдісі.
Оқушыларға кофеттерден шашу шашылады. Бірдей конфеттер бір топқа жайғасады. Мұғалім алдын ала конфеттерді есептеп, дайындап қою керек.
Мағынаны ажырату
Ойқозғау.
«Ойлан, ізден, тауып көр» әдісі.
1. Кемінде екі сөзден тұрады, мағыналық жағынан байланысады
2. Бұған жалғау, шылау,интонация көмекке келеді.
3. Бұл екі сөздің атауы Б-дан басталады. Қанадй сөз?
4. Екі сөздің бірі әрқашан екіншісіне бағынышты болады? Ол қандай сөз?
5. Басыңқысы арқылы түрін анықтауға болады.
6. Атау, ілік септігіндегі сөздерден басқа септіктердегі сөздермен дос болады.
7. Ілік септігі бірде бар, бірде жоқ. Неге?
8. Тек жақпен ғана жүреді.
9. Біресе анда, біресе мүнда, біресе шылаумен дос болады, біресе үстеумен дос болады.
10. Маған жалғау да, шылау да керек емес, мен дербеспін,тек өзім сияқты дербес сөздерді ғана жаратамын.
Әдеби тіл нормалары алды тапсырмасы
Оқушылар топта үйден алып келген ақпараттарын қолданып, постер жасайды. Постер жасауға 3 минут беріледі. 2 минут қорғауға беріледі. тыңдап отырған топтар керек ақпаратты дәптерлеріне түртіп жазып алып отырады.
1 –топ. Қиысу
2-топ. .Матасу
3-топ..Меңгеру
4-топ..Қабысу
5- топ. Жанасу
Бағалау критерийі:
1. Сөз тіркесінің жасалу түрін таныстырады
2. Сөз тіркестерінің есімді не етістікті екенін көрсетеді
Ойды жинақтау.
Бағыныңқы Басыңқы
Бес Шық
Дәптерін Армандады
Әдемі Аспан
Биікке Алды
Асыл Ғасыр
Ашық Гүл
Сөз тіркесін жасаңыздар, түрін анықтаңыздар.
1. Сөз тіркесінің басыңқысы арқылы қандай сөз тіркесі жасалады?
2. Өз тобыңыздың атына сай сөз тіркестерін тауып,қоржыныңызға салыңыз.
3. Қоржындағы сөз тіркесі есімді тіркес пе әлде етістікті тіркес пе
Мен сөйлеймін, Жарастың досы, жиналысқа қатысу,жасыл жайлау, әдейі сұрану, сен апарасың,ұжым жиыны, тамақ ішті, алтын қасық, былтыр келді, Абай-ақын, менің дәптерім, хат жазу, үйілген шөп, бүкіл жұмыс, шалқасынан жатыр.
Оқушылар алдымен жұптасады. Тапсырманы жұпта талқылайды. Сабақ басында елестеткен жайттарды бір-біріне айтады. Мәтіннің негізгі ойын ашатын сөз тіркесінің түрлеріне мысалдар келтіреді. (дәптерге жазып қоюға болады) Әсерлі тұстарын кейін топта біріктіреді.Сабақтың басында көздерін жұмып отырып көрген «Санадағы
кинофильмді»топтастырып, баяндап айтады. Әр топ өздерінің санасындағы кинофильмді ұсынады
Тапсырма.
1. «Мен ғарыштамын»
тақырыбындағы «Санадағы кинофильмді» баяндап жеткізіңіз. Баяндап айтуға 2 минут уақыт беріледі.
2. Баяндау барысында мәтіннің негізгі ойын ашатын сөз тіркесінің түрлерін қолданыңыз.
3. Баяндау кезінде мәтіннің негізгі ойын ашатын сөз тіркесінің түрін ерекше дауыс ырғағымен айтыңыз..
Бағалау критерийі:
1. Сөз тіркесінің түрлерін баяндауда қолданады
2. Сөз тіркесінің түрлерін қолдануын ерекше дауыс ырғағымен жеткізеді
3. «Санадағы кинофильмді» логикалық жағынан байланысты баяндайды
Топаралық бағалау
Топтар бір-бірін бағалау үшін топ ішінде өздерінің рөлдерін бөліп алады.Топтағы екі оқушы сөз тіркесінің түрлерін қолдану бойынша өз бақылауын жүргізеді, яғни сөз тіркесінің қандай түрлерін қолданғанын айтады. Топтағы келесі екі оқушы сөз тіркесін қолдануда ерекше дауыс ырғағымен айтқанын бақылайды, келесі екі оқушы әңгіменің логикалық байланысын бақылайды. Топты бағалау кезінде бақылағаны бойынша пікірін айтады.
Кері байланыс.
1. Не жақсы болды?
2. Нені жақсарту керек?
3. Қалай жақсартамыз?
Әдеби тіл нормаларынан кейінгі тапсырма
«Менің көңіл-күйім» әдісі
Сөз тіркесінің байланысу түріне бір –бір мысал келтіреді. Дәптеріне жазады. Жазған 5 мысалды қолданып, көңіл-күйіне байланысты бес сөйлем құрайды. Оқушылар сабақ басында партаның астына жапсырған смайликтерін алады. Көңіл-күйіне қатысты жазған сөйлемдеріне байланысты смайликтің екінші бетіне сурет салады.
Тапсырма.
1 Сөз тіркесінің байланысу түрінің әрқайсысына бір мысал жазыңыз
2. Жазған мысалыңыздың әрқайсысын қолданып, көңіл-күйіңізді сипаттап жазыңыз.
3. Көңіл-күйіңізді смайликтің екінші бетіне салып көрсетіңіз.
Бағалау критерийі:
1. Сөз тіркесінің байланысу түріне мысал келтіреді
2. Сөз тіркесінің байланысу түрін жазылымда қолданады.
Өзін-өзі бағалау......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 984



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі