» » » » Қазақ тілінен сабақ жоспары: Құндылық – мәдениеттің құрамдас бөлігі (8 сынып, I тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Құндылық – мәдениеттің құрамдас бөлігі (8 сынып, I тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Құндылық – мәдениеттің құрамдас бөлігі (8 сынып, I тоқсан ) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: Құндылық – мәдениеттің құрамдас бөлігі (8 сынып, I тоқсан ) на казахском языке
Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті. Фонетика.
Сабақтың тақырыбы: Құндылық – мәдениеттің құрамдас бөлігі
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 8.1.2.1-әлеуметтік-қоғамдық, мәдени-тарихи тақырыптарға байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, пікірталас үзінді) автор көзқарасы мен экспресивті-эмоционалды сөздердің рөлін талдау;
8.4.2.1 - сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану.
Сабақтың мақсаттары: Автор көзқарасын анықтап, экспресивті-эмоционалды сөздердің рөлін талдайды. Дауыс ырғағының қызметін түсінеді және ажыратады.
Сабақ барысы: Тыңдалымалды кезеңі.
1-тапсырма. Суреттерді басшылыққа алып ойыңды топта талқыла және төмендегі сұраққа жауап бер.
- Адамзаттық құндылықтың қазіргі сипаты қалай деп ойлайсың?
- Болашақта құндылықтар әлеміне қандай үлес қосамын деп ойлайсың?
2-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі сұрақтарға жауап бер.
Тыңдалым мәтіні.
-Жалпы адамгершілік құндылықтар ежелгі дәуірден бастап бүгінгі күнге дейін аса маңызды мәнге ие өзекті тақырыптардың бірі.......
- Жалпы адамгершілік құндылықтар жайлы гуманитарлық бағыттағы барлық салалар, яғни философия, психология, мәдениеттану, әлеуметтану, эстетика, этика және педагогика ғылымдары кеңінен қарастырады. Құндылықтарға бейімделу, оны бойына сіңіру жеке тұлғаны қалыптастырушы негізгі факторлардың бірі болып табылады. Әлем сахнасындағы кез келген ұлт пен ұлыстың руханияты, мәдениеті басқа халықтармен салыстырғанда өзіндік ерекшелік пен айырмашылыққа толы құндылықтарға ие. Құндылық, соның ішінде әсіресе рухани құндылық ұғымы үлкен мән мен маңызға ие.
- Қалай ойлайсыз, құндылық мәдениетке жата ма?....
- Құндылық – мәдениеттің құрамдас бөлігі. Мәдениеттің құрамдас бөлігі болуы себепті құндылық адамдардың жеке тұлғасына қатысты тәрбиені жүзеге асырумен қатар, жалпы қоғамның дүниетанымдық көзқарасы мен ұстанымын, ертеңгі күн бағдарын айқындайды.
Рухани құндылық ғасырлар бойына дүниетаным мен дәстүр негізінде үздіксіз қалыптаса отырып атадан балаға, яғни ұрпақтан ұрпаққа мұра ретінде берілетін баға жетпес асыл қазыналардың бірі.
1. Сұхбаттағы автор көзқарасынан нені аңғаруға болады? Неліктен өзекті тақырып ретінде адамгершілік құндылықтарды алып отыр?
2. Сұхбат берушінің экспресивті-эмоционалды сөздерінен нені аңғаруға болады?
3-тапсырма: Тыңдалым мәтінінен басты және пен қосымша ақпараттарды анықта. Үлгі:
Басты ақпарат
Қосымша ақпарат
Адамгершілік құндылық өзекті мәселе Адамгершілік құндылықтарды барлық сала ғалымдары қарастырады
4-тапсырма. БАҚ материалдары, ғаламтор т.б. танымал адамдардың адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті тақырыбындағы айтқан әңгімелерін тауып, сөйлеу барысындағы дауыс ырғағына көңіл бөл. Төмендегі сұраққа жұбыңмен ақылдасып, жауап бер.
1. Айтылған пікірлердің мағыналық және эмоциялық айырмашығына не әсер етті?
2. Сөйлеушінің көңіл күйін, өз көзқарасын білдіруін интонация қалай көрсете алды?
Бағалау критерийі Дескриптор
Білім алушы:
Сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктерін сөйлеу мәнеріне сай қолдану. • Сөйлеу барысында дауыс ырғағына мән бере алады
• Әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдана алады.....



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 552 |


Социальные комментарии Cackle


Загрузка...
Читайте также
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қыз баланың қайырымдылығы (8 сынып, III тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қыз баланың қайырымдылығы (8 сынып, III тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жасөспірімдер арасындағы қылмысқа қарсы күрес (8 сынып, III тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жасөспірімдер арасындағы қылмысқа қарсы күрес (8 сынып, III тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қоршаған орта Биоалуантүрлілік (8 сынып, III тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қоршаған орта Биоалуантүрлілік (8 сынып, III тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Египет мәдениетінің феномені (8 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Египет мәдениетінің феномені (8 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ұлттық тәрбие (8 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ұлттық тәрбие (8 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мәдени мұра әлем назарында (8 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мәдени мұра әлем назарында (8 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Асыл шөп (8 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Асыл шөп (8 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Кітап – адамзаттың ортақ құндылығы. (8 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Кітап – адамзаттың ортақ құндылығы. (8 сынып, I тоқсан )

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы, сабақ жоспары Құндылық – мәдениеттің құрамдас бөлігі 8 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Құндылық – мәдениеттің құрамдас бөлігі, сабақ жоспары Құндылық – мәдениеттің құрамдас бөлігі 8 сынып қазақ тілі қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак тили кыска мерзимди сабак жоспары Құндылық – мәдениеттің құрамдас бөлігі, Қазақ тілінен сабақ жоспары: Құндылық – мәдениеттің құрамдас бөлігі (8 сынып, I тоқсан )