» » » » Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қиялдың технологияның қарыштап дамуына әсері (7 сынып, IV тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қиялдың технологияның қарыштап дамуына әсері (7 сынып, IV тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қиялдың технологияның қарыштап дамуына әсері  (7 сынып, IV тоқсан ) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қиялдың технологияның қарыштап дамуына әсері  (7 сынып, IV тоқсан ) на казахском языке
Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Ғылыми фантастика
Сабақтың тақырыбы: Қиялдың технологияның қарыштап дамуына әсері
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 7.О5 Мәтін бойынша сұрақтар құрастыра білу.
Оқу мақсаты: Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру.
Сабақтың мақсаттары:
Мәтінді талдау арқылы оқушылардың ұжымда өзара білім алмасуларына, өзіндік пікірлерін білдірулеріне, бір-бірін тыңдауға дағдыландыру.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру. Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу.
Қызығушылықты ояту:
Оқушылардың назарына «Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» бейнеролигі ұсынылады. Бейнеролик негізінде оқушылар қазіргі таңда Қазақстанның технологиялық жаңғыруына өзіндік көзқарастарын білдіріп, пікірлерін талқыға салады.
Сабақтың тақырыбы айтылады және сабақтың мақсаты, сабақтың құрылымы таныстырылады.
Мәтін. Қиял шындыққа айналды
Көрерменмен қауышқанына осы айда 50 жыл толғанына қарамастан, «Star Trek» яғни «Жұлдызды саяхат» киносы ғылыми фантастика елестетіп көрмеген белестерді бағындырды. 13 фильм, алты телесерия, үлкен көлемде шыққан кітап, ойын мен спин-оффтары миллиондаған жанкүйер жинап, адамзатты жаңа технологияларға шабыттандырды. Сондай-ақ ол поп мәдениеттің жарқын мысалына айналды.
Жетістіктің сыры неде? «Шынайы ғылымға негізделген сюжетте», – дейді астрономия мен болжау технологиясы атты жаңа кітап сериясының авторы Эндрю Фазекас. Оның айтуынша, «Star Trek» ғылыммен тоғысып қана қоймай, адамның ғаламды тануға деген туа бітті қасиетін оята білді.
Берклидегі Калифорния университетінің планета зерттеушісі, 2009 жылы түсірілген фильмнің кеңесшісі Каролин Порко – бұл франшизаның алғашқы жанкүйерлерінің бірі. Ол үшін «Star Trek» утопиялық көзқарасқа оптимизммен соққы жасап, шалғай өмірдің бар екендігіне көз жеткізеді. NG журналисі Эндрю Фазекас «Star Trek» астарында жатқан астрономия мен технологиялар жайлы толыққанды зерттеуін қағазға түсірді.
«Жұлдызды жолдағы» комбадждардың шын өмірдегі прототипі – смартфондардың біздің өмірге етене араласқанына біраз болды. Енді тіпті қолға ұстамай-ақ сөйлесуге мүмкіндік беретін жабдықтар нарықта үлкен сұранысқа ие. Технология қарыштап дамыған сайын тағып алп жүре беретін құралдар барлық жерде табыла бермек.
2. Мақсатқа сай мәтінді талдау «Сократ курсы», «Сократ семинары» әдіс-тәсілдері негізінде жүзеге асады. Бұл жұмыс мәтіннің мазмұнын жете түсінуге өте пайдалы.
Оқылым алды тапсырмасы.
Бағалау критерийі:
 Мәтінді түсінеді
 Мәтіннің түпкі ойын, тірек сөздерді анықтай алады
 Мәтін негізінде 1 жай, 1 күрделі сұрақ құрастыра алады
« Сократ курсы»
1) Әр оқушы мәтінді өз бетімен оқи отырып, тірек сөздерді белгілейді, негізгі ойды анықтауға тырысады. Мәтіннің мазмұны бойынша 1жай және 1 күрделі сұрақ құрастырады. Сұрағы дайын болған оқушылар орындықтарын алып, ортаға шығып, шеңбер жасап отырады. Қалғандары да біртіндеп шеңберге жиналады.
Оқылым тапсырмасы.
Бағалау критерийі:
 Қойылған сұрақтарды түсінеді
 Сұрақтарға нақты әрі дұрыс жауап бере алады
2) «Сократ семинары»
3) Сынып оқушылары шеңберге толық жиналғанда екінші бөлімді, Сократ семинарын бастауға болады, яғни, дискуссия басталады.
4) Шеңберде отырған оқушылар еркін түрде мұғалімнің қадағалауынсыз өздерінің сұрақтарын қояды, отырғандардың кез келгені жауап береді, егер жауап толық болмаса басқалары толықтыра алады. Сұраққа толықанды жауап алынғанда, келесі кезекте кез келген оқушы отырғандарға сұрақ қояды.
5) Бағалау: Мұғалімнің оқушылардың іс-әрекетін сырттай бақылайды, оқушыларды дескриптор бойынша бағалайды, дескриптор алдын ала сыныпта таныстырылған.
Оқылымнан кейінгі тапсырма.
Тапсырма соңында мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі:
Семинар соңында мұғалім оқушылармен әңгімелеседі:
-Шеңбер жасап отырғанда өздеріңді қалай сезіндіңдер?
- Неге кей сұрақтар нақты болмай жатты?
-Кім өзінің сұрақтарын қойып үлгермеді? Неге олай болды деп ойлайсыңдар?
(Болжам: Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап бере отырып, мәтінді мұқият түсініп оқу керектігін мойындайды, атүсті оқығандықтан сұрақтарды құрастыру қиындық туғызатынын біледі. Сұрақ құрау да үлкен жауапкершілікті талап ететініне келіседі. Егер мәтін мазмұнын жете түсінген жағдайда, талқылауға түсу анағұрлым жеңіл болатынын аңғарады).
Тапсырма № Дескриптор Ескерту
1 Мәтіннің мазмұнына және идеясына сәйкес сұрақ құрастырады +
2 сұраққа толық, нақты, жүйелі жауап береді +
3 Сұрақтарға жауап беру барысында өзіндік көзқарастарын білдіреді +
4 мәтіндегі негізгі ойды түсінеді +.....



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 95 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...
Читайте также
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Рухани адамгершілік құндылықтар (8 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Рухани адамгершілік құндылықтар (8 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Өзге ғаламшарлықтар (7 сынып, IV тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Өзге ғаламшарлықтар (7 сынып, IV тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қиял мен шындық (7 сынып, IV тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қиял мен шындық (7 сынып, IV тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ұлттық тағамдар (7 сынып, III тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ұлттық тағамдар (7 сынып, III тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жасыл экономика Су ресурстары (6 сынып, III тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жасыл экономика Су ресурстары (6 сынып, III тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Тәрбие – тал бесіктен  (6 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Тәрбие – тал бесіктен (6 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Күн тәртібі – уақыт тиімділігін арттыру кепілі №1 (7 сынып, I тоқсан, 2 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Күн тәртібі – уақыт тиімділігін арттыру кепілі №1 (7 сынып, I тоқсан, 2 бөлім )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Төрт мезгіл туралы оқу (2-сабақ) (2 сынып, IV тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Төрт мезгіл туралы оқу (2-сабақ) (2 сынып, IV тоқсан )

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы, сабақ жоспары Қиялдың технологияның қарыштап дамуына әсері 7 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Қиялдың технологияның қарыштап дамуына әсері, сабақ жоспары Қиялдың технологияның қарыштап дамуына әсері 7 сынып қазақ тілі қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак тили кыска мерзимди сабак жоспары Қиялдың технологияның қарыштап дамуына әс, Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қиялдың технологияның қарыштап дамуына әсері (7 сынып, IV тоқсан )