1-сабақ Сүйіспеншілік пен достық (7 сынып, II тоқсан )

 1-сабақ Сүйіспеншілік пен достық (7 сынып, II тоқсан )

Пәні: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Сүйіспеншілік пен достық
Сабақтың тақырыбы: 1-сабақ Сүйіспеншілік пен достық
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 7.О5 Мәтін бойынша сұрақтар құрастыра білу. Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру.
Сабақтың мақсаты:
• Мәтіндегі мәселені түсінеді;
• Мәтін идеясын анықтай алады;
• Проблемалық сұрақ құрастыра алады;
• Қойылған сұраққа ұтымды жауап бере алады.
Сабақ барысы: Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады.
Оқылымалды тапсырма
Жалпы сыныптық жұмыс
Берілген суреттер арқылы дос болу мен достықтың сыры туралы ой қозғау.
Достық кімдердің арасында болады? Не үшін дос болады? Дос болудың мәні неде? (Достық жайлы сөз қозғайды)
Оқылым тапсырмасы
Оқушылар жұптаса отырып оқылым мәтінін оқиды.
1-нұсқа
Екі дос
Ел аузынан
Ертеде, ел арасында жаугершілік жиі болған кезде қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады.
Бірде әскерлер бір өзеннің бойына шатыр тігіп дамылдайды. Сонда тұтқиылдан жаудың қаптаған қалың тобы шабуыл жасайды. Тонаған мал-мүліктерін тиеп кетеді. Қолға түскен қазақ жасағын айдап әкетеді.
Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түскенін естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп,жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасыларына алып баруын өтінеді. Алып барған соң ол жаудың қолбасына:
-Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбасқа берер мал-мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол—өзімнің өмірім. Досымды босатсаңдар, ол үшін өзімнің өмірімді қияр едім,-дейді.
Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:
-Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болды,-дейді.
-Ол не?-деп сұрайды досын құтқаруға келген жігіт.
-Маған сенің көздерің керек,-дейді қолбасы.
-Ол да болсын, көзімді ал да, досымды босат,-дейді жігіт. Ол бұл сыннан тоқтаусыз өтеді.
Әлгі жауынгер тұтқыннан босанған досының иығына қолын артып, зағип күйі қуана күлімдеп келе жатады. Мұны көрген жаудың қолбасшысы: "Мұндай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу өте қиынға соғар”,-деп түйеді.Сөйтіп өзінің әскерлеріне шегінуге бұйрық берген екен.
2-нұсқа
Достар
Екі дос бір егістікте жұмыс істейтін. Бірі үйленген, 3 баласы бар. Екіншісі бойдақ. Күн батқанға дейін жұмыс істеп, достар тапқан өнімді тепе-тең етіп екіге бөліп алатын. Күннің бірінде бойдақ болған ішінен: “Өнімді және шыққан пайданы тепе-тең бөлгеніміз дұрыс болмады,” – деп ойлайды, “Мен жалғыз тұрамын, сондақтан да айтарлықтай көп қажеттілігім де жоқ”. Осындай ойымен, түн сайын үйінен шығып, бір қап өнімді жасырын түрде досының үй алдындағы қорасына апарып тұратын болады. Досы да ішінен: “Өнім мен пайданы бірдей бөлгеніміз дұрыс емес, мен үйленгенмін, жұбайым мен балаларым бар – қартайғанымда олар маған қарайтын болады. Досымның болса ешкімі жоқ, қартайған кезінде оған қарайтын адам болмайды,” – дейді. Осылайша бұл досы да түн жамылып үйден шығып досының қорасына бір қап өнім апаратын болады. Осыған қарамастан екі қорадағы қаптар саны неліктен еш азаймағанын екі дос та түсінбей жүреді. Бір түні жасырын түрде бір-бірінің қорасына қап тасып жатқанда, бір-біріне соғылысып қалады. Сонда ғана болған жағдайды түсінеді. Қаптарды жерге қоя салып достардың бір-біріне деген адал ниеті мен достығы алдында көз жастарын тия алмады.
Оқушылар FILA кестесін толтыра отырып, мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрайды.
Facts (мәтіндегі фактілер) Ideas (мәтіннің идеясы) Learning issues (сұрақтар) Action plan (әрекет жоспары)
Дискриптор:
1. Мәтіндегі мәселені түсінеді;
2. Мәтін идеясын анықтай алады;
3. Проблемалық сұрақ құрастыра алады;
4. Қойылған сұраққа ұтымды жауап бере алады.
FILA кестесін толтыру жайлы нұсқаулық.
Facts бағанына мәтіннің фактілері жазылады.
Ideas бағанына аталған ситуацияның тууына себеп болады -ау деген идеялар жазылады.
Learning issues бағанына мәселеге қатысты 3 проблемалық сұрақ құрастырылып жазылады.
Action plan бағанына басқа жұптар проблемалық сұраққа жауап жазады.
Оқушыларға проблемалық сұрақ құрастыру жайында мұғалім түсініктеме береді.
Жұмыс жұпта орындалып болған соң, мәтіндері ұқсас жұптар топтарға бірігеді. Жұмыстарын талдайды, бірінің қойған сұрағына бірі жауап береді. Сұрақтың қойылу деңгейіне, оған берілген жауапқа өзара баға беріледі, пікір айтылады.
Мұғалім жасалған жұмысқа кері байланыс беріп отырады.
Оқылымнан кейінгі тапсырма
«Жасырын жауап» әдісі
Сынып оқушылары жұптаса отырып тақырыпқа сәйкес бір – біріне 1 сұрақ дайындайды. Ол сұрақты кімге арнағанын жазады, бірақ сұрақ қоюшының аты аталмайды. Жауап алушы сұрақ кімге қойылғанын біліп отырады. .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 680



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!