Қоршаған ортаны қорғау (7 сынып, I тоқсан )

 Қоршаған ортаны қорғау  (7 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Климат және климаттық өзгерістер.
Сабақтың тақырыбы: Қоршаған ортаны қорғау
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 7.О3.Қазақша ауызекі сөйлеу этикеттері мен көркем сөйлеудің құрылымдық және жанрлық ерекшеліктерін ажырату.
7.О5.Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру
Сабақтың мақсаты: Оқушылар оқушылар қоршаған ортаны қорғау тақырыбы бойынша оқылым мәтінін құрылымдық және жанрлық ерекшеліктеріне сай талдап, мәтінде көтерілген мәселені анықтауға арналған нақтылау сұрақтарын құрастырады.
Сабақ барысы: Оқушылармен сәлемдесу. Кезекшімен сұхбат.
Оқушы назарын сабаққа аударту мақсатында, «Қоршаған ортаны қорғау- жерді сақтау» тақырыбында бейнематериал көріп, сабақтың тақырыбына болжам жасайды.
2:02 минут
ЖЕТЕЛЕУШІ СҰРАҚТАР:
- Бейнематериалдан не байқадыңыздар?
- Климаттың бұзылуына не себеп?
- Экологияны қалай сақтай аламыз?
- Сіз тұрып жатқан мекеннің климаты қандай?
Төмендегі суреттер арқылы сынып 2 топқа бөлінеді.
7.О3. Оқу мақсаты бойынша оқушылар А және Ә мәтінінің тілінің тілдік құрылымына талдау жасайды.
1 топқа - А-мәтіні
Азаттық Алматыда жүрген селге байланысты табиғи апаттарды зерттейтін мамандармен онлайн-конференция өткізді.
Тікелей трансляцияда көрсетілген онлайн-конференцияға қатысқан География институтының табиғи апаттар лабораториясының жетекшісі Виктор Благовещенский мен «Қазгидромет» мекемесінің аға ғылыми қызметкері Борис Степановтың таудағы мұздықтардың еруінен туындайтын селдің пайда болуы мен оның алдын алуға қатысты кейбір пікірлерін назарларыңызға ұсынамыз.
Виктор Благовещенский: «Сел болуы мүмкін еді. Себебі жылда жаз кездерінде тауларымызда мұздықтар ерігенде сел жүру қаупі туады. Бұл қауіп жыл сайын қайталанады.«Қазселденқорғау» мекемесі мұздықтардың жай-күйін әуеден тікұшақпен тұрақты түрде бақылап отырады. Осыдан он күн бұрын бақылағанда жағдай соншалықты қауіпті емес болатын. Бірақ одан бері ауа температурасы + 37 градустан түспей ысып тұрды. Мұздықтарда температура ең жоғары деңгей – 20 градусқа жетті. Бұрын бұл бассейнде мұздық астындағы моренада көлшік пайда болғаны байқалмаған. Ал кешегі бөгет мұздық суларынан емес, жауын-шашын суынан жүретін селді тосуға арнап салынған.
Алматыда шілденің 23-іне қараған түні қаланың бірнеше ауданы аумағында сел жүріп, жүздеген үйді су басқан. Адам шығыны болмағанмен, жер үйлер мен жолдар қатты бүлінген. Қалада ерекше зардап шеккен аумақ – былтыр құрылған Наурызбай ауданы. Ресми орындар Алматыда селге Қарғалы өзеніндегі бөгеттің жоғары жағында, яғни тау ішіндегі еріген мұздық пен жаңбырдан жиналған көлшік суының көтерілуі себеп болған дейді.
ІІ топқа - Ә-мәтіні
Францияда БҰҰ-ның климат өзгеруіне қатысты мәселелерді талқылайтын дүниежүзілік конференциясы өтіп жатыр. 147 елдің басшылары экологтардың көбі «ескірді» деп санайтын Киото хаттамасының орнына қабылданатын жаңа келісімнің шарттарын жан-жақты талқылап отыр. Жаңа құжат ғаламдық климаттың жылынуына себепкер парник газдарының бөлінуін тежеуі тиіс.
Азаттық «Табиғат» экологиялық одағының жетекшісі, БҰҰ конференциясына қазақстандық делегация құрамында қатысып отырған Мэлс Елеусізовтен жиында айтылған мәселелер жайлы сұрады.
Азаттық: – Конференцияға қатысу Қазақстан проблемаларын шешуге қаншалықты ықпал ете алады?
Мэлс Елеусізов: – Мұндай конференциялардың не беретінін өзім де түсінбеймін. 20 жыл қатарынан қарақұрым халық жиналып өткізіп жатады, бірақ ешқандай нәтиже жоқ. Климаттың өзгеруіне әсер ететін проблемаларды шешудің еш қиындығы жоқ. Оларды жұрттың бәрі біледі. Парник әсері газдардан пайда болады.
Азаттық: – Әлем елдері басшылары осы мәселені талқылау үшін жинала ма? Әлде олар өзге де проблемаларды талқылай ма?
Мэлс Елеусізов: – Терроризм проблемасы ушығуына байланысты бұл жолғы конференция өз тақырыбынан біраз ауытқыды. Бірақ климатқа көңіл бөлу керек екенін олар қазір түсінді. Бұрын мұндай көңіл бөлінбейтін. Атмосфераны ең көп ластайтын елдер – Қытай, Ресей және АҚШ. Климаттың жылыну проблемасы адамзатқа атом соғысынан да қауіпті екені осы конференцияда алғаш рет айтылды. Бірақ әлдебір тұщымды нәтижелер байқалмайды.
1 Тапсырма.
1. Мәтіннің жанрын анықтаңыз.
2. Мәтін тіліндегі тілдік құрылымдарға талдау жасау.

Бағалау критерийлері:
7.О3.
-мәтіннің жанрлық ерекшеліктерін ажырата алады;
-мәтін тіліндегі тілдік құрылымдарға кең түрде талдау жасай алады;
2 Тапсырма. Тақырыпқа қатысты мәтін оқиды.
Оқушылар шеңбер ойынын ойнайды. Олар ішкі шеңбер, сыртқы шеңберде тұрып, мәтін тақырыбына байланысты сұрақтар қояды. Ішкі шеңберден үш адам шығып, сыртқы шеңберде тұрғандарға нақтылау сұрақтар қояды
XXII ғасырдың басында ауа температурасы 77°C-қа жетеді.
Америкалық ғалымдар Катар, Бахрейн, Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірлігі территориясының ХХІІ ғасырға арналған климаттық моделін жасады. Ресми болжамға орай, аталған елдерде жазғы температура 35°C-тан төмен түспейді. Ал ауа ылғалдығы 100%-ға дейін көтеріледі. Мұндай атмосферада дені сау адамның ағзасы да біркелкі жұмыс істей алмайды. Ғылыми зерттеу мақаласы Nature Climate Change журналында жарияланды.
«Расында Парсы шығанағындағы барлық елдер ыстық температурадан зардап шекпейтін болады. Абу-Даби, Дубай және Доха сынды дамыған қалалардың басшылары көшелерді оқшаулап, орташа температураны қалыптастыру үшін желдеткіштермен орнатады. Ал жағдайы көтермейтін елдерде адамдардың түнде жұмыс істеп, күндіз демалатын күн тәртібіне ауысудан өзге амалы қалмайды», - дейді Чикагодағы Лойола университетінің профессоры Джереми Пал.
Ғалымдардың айтуынша, Парсы шығанағындағы ел тұрғындары болашақта күндіз көшеде серуендеуді қояды. Себебі атмосфераның ылғалдығы мен жоғары температура ыстыққа төзімді оңтүстік адамдарының денсаулығына да айтарлықтай кері әсер етеді.
Бағалау
7.О5.
-мәтіннен негізгі және қосымша ақпараттар арқылы көтерілген мәселені айқындай алады;
-нақтылау сұрақтарын дайын тіркестер арқылы сауатты құрастыра алады;.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 691



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!