Ғылыми прогресс заманы (6 сынып, IV тоқсан )

 Ғылыми  прогресс заманы (6 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Ғылым мен технология жетістіктері
Сабақтың тақырыбы: Ғылыми прогресс заманы
Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 6.3.4.1 - эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу.
Сабақтың мақсаты:
Оқушылар:
• Абзац түрлерін жүйелі құрастырады
• Келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп, эссе жазады.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту
Тезистер» ойыны
Мұғалім түрткі тезистерді айтады, топтың ортасына «+» және «-» белгілері жазылған қағаздар тасталады. Жауап беретін оқушына мұғалім таңдайды, таңдалған оқушы ортадан таңба таңдайды, алу белгісін алса, оқушылар бұл тезиске қарсы көзқарас береді, қосу белгісін алса тезиске келісетіндігін, неліктен келісетіндігін түсіндіреді.
«Тезистер:
1.Ғылыми технологияның адам үшін пайдасы зор.
2.Ғылыми технологияның адамға әкелер зардабы мол.
3. Ғылыми технологиясыз адамдар өмірін елестете алмайды.
4. Ғылыми технологиясыз адам бейбіт өмір сүре алады.
5. Ғылыми технология адамның жеке өмірін де өзгертеді.
6. Ғылыми технологиялардың пайдасынан денсаулыққа тигізер зияны көп.
7. Ғылыми технологиялар адам өмірін жеңілдетті.
8. Қазір көптеген пайдасыз ғылыми технологиялар көп.
Сабақ тақырыбы, мақсаты және бағалау критерийлері айтылады. Оқушылармен бірге талқыланады
Жазылымалды тапсырма:
Оқушылар Канадалық оқушы Куинн Каллендердің хатынан үзінді оқылады.
«Менің роботым»
Менің роботым менің жақын досым болады. Оның аты – Макс .
Ол әрқашан менің жанымда болып, маған көмектесіп жүреді. Менің сырымның бәрін тыңдайды, кеңес береді, оны ешкімге айтпайды. Менің өмірімнің жақсы кездерінде де, жаман кездерімді де жанымда болады.Ол менің жанымда болса, мен ешкімді де іздемеймін, ештеңе де қажет емес...
Түрткі сұрақ:
Сіз өзіңіздің жеке роботыңыздың болғанын қалайсыз ба?
Оқушылар ойларын ортаға салады.
Жазылым тапсырмасы
Жұптағы екі оқушы бір тапсырманы орындайды, бірақ жеке – жеке.
Тапсырмалар:
1-жұп:
Үй шаруасындағы робот - көмекшінің пайдасы мен зиянын жазыңыз. (50-60 сөз)
2- жұп:
Робот – достың пайдасы мен зиянын жазыңыз.
(50-60 сөз)
3- жұп:
Робот – ұстаздың пайдасы мен зиянын жазыңыз (50-60 сөз)
4- жұп:
Робот ата – ананың пайдасы мен зиянын жазыңыз. (50-60 сөз)
5-жұп:
Робот заңгердің пайдасы мен зиянын жазыңыз. (50-60 сөз)
Дескриптор:
• Эссе жазады
• Құрылымын сақтайды
• Абзацты жүйелі құрайды
• Келісу-келіспеу себебін дәлелдейді
Жазылымнан кейінгі тапсырма:
«Автор орындығы»
Оқушылар жазғандарын ортаға салады, салыстырады, бір-бірін бағалау критерийлері арқылы бағалайды.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 700



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі