Технология жетістіктері (6 сынып, IV тоқсан )

 Технология жетістіктері (6 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Ғылым мен технология жетістіктері
Сабақтың тақырыбы: Технология жетістіктері
Сабақтың мақсаттары: 6.1.6.1 - коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысу, ойын анық жеткізу.
Сабақ барысы: І Қызығушылықты ояту. Оқушылар суреттер арқылы тақырыпты болжайды. Сурет бойынша сөйлейді.
Сабақ мақсаты, бағалау критерийлері мен дескрипторлар түсіндіріледі, талқыланады.
Тыңдалым алдындағы тапсырма.
Мұғалім оқушыларға талқылау сұрақтарын қояды.
Талқылау сұрақтары:
• Қандай қиял-ғажайып ертегілерді білесің?
• Ертегілердегі қиялдың қайсы орындалды?
Тыңдалым тапсырмасы.
Мұғалім оқшыларға тыңдалым мәтінін дауыстап оқиды. Оқушылар тыңдап отырып, ғылыми ашылуларға қатысты тіркестер мен терминдерді жазып алады.
Кейін тыңдалым мазмұнын талқылайды.
2015 жылдың басты ғылыми жетістіктері
Адаміспеттес роботтар, өздігінен қозғалатын көліктер және күн энергиясымен қуаттанатын ұшақтар – ғылыми фантастиканың атрибуттары 2015 жылда шындыққа айналды. Ғылым және техниканың бүгінгі жетістіктері туралы айтып отырып, соңғы кезде ойға келген нәрселердің қайсысы осылай жеңілдікпен өмірде өз орнын табады екен деп ойланасың. Марстағы колониялар, жасыл қалалар?
Жоба бойынша жұмыс 2004 жылы басталған болатын. 2007 жылы NAO тұңғыш рет робофутболдан RoboCup Standard Platform League (SPL) сайысына Sony компаниясының Aibo итінің орынан қатысады. Робот қазіргі таңда әлемнің университеттерінде білім беру мақсаттарында қолданылып жүр.
2011 жылы Google компаниясы Невада штатындағы жалпы қолданыстағы жолдарда пилотсыз көліктерге қозғалысқа рұқсат беретін заңды лоббиледі. Ал 2012 жылы автопилот функциясы бар көліктердің жүруіне Калифорния штатында рұқсат берілді.
Компанияның штаб-пәтері орналасқан Калифорниядағы Маунтин-Вью қаласында қазіргі таңда өздігінен басқарылатын 20 көлік қолданыста. 2015 жылдың 1 шілдесінде Google пилотсыз көлігі бірінші рет жол көлік апатына ұшырады. Көлікте болған компания қызметкерлері мен гугломобильдің артынан келіп түйіскен Lexus көлігінің жүргізушісі жеңіл жарақаттар алды.
Франциялық инженер әрі скрипач Лоран Бернадак 3Dvarius скрипкасында ойнауда. 3Dvarius SLA-принтерде басылып шыққан аспап. Стереолитография әдісі арқылы 3D-принтерде басылып шыққан скрипка сұйық фотополимерлерден жасалды. Бірегей мөлдір скрипканың дизайны Страдиваридің классикалық скрипкасы негізінде жасалды. 3Dvarius жасап шығаруға бірнеше сағат қана кеткен.
Роботтанған протездер уақыт өте келе жетіле түсуде. Соңғы нұсқалары адамға күнделікті жұмысты жасауға мүмкіндік береді. Алайда протездердің құны қымбат қалпында қалуда. Сонымен қатар, Intel киюге арналған технология шығаратын компанияларға чиптер мен платформалар ұсынды. Мысалы, чип The Quark SE SOC, Curie модулі.
Оқушылар жазып алған тіркестер мен термин сөздерді қолданып, «Үш қадамдық сұхбат» әдісі арқылы талқылау жүргізеді.
Дескриптор:
Мәтіннің идеясын түсінеді;
Тіркестер мен терминдерді қолданады;
Тақырыпты талдайды, идея айтады;
Диалогте ойын анық жеткізеді.
Мұғалім әр жұпты бақылап, кері байланыс береді. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 938



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі