Кітапханалар Морфология (6 сынып, IV тоқсан )

 Кітапханалар Морфология (6 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Әлемдегі ірі кітапханалар
Сабақтың тақырыбы: Кітапханалар. Морфология.
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: О5. Оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін (компрессия) жазу
Сабақтың мақсаттары:
Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін жазу.
Сабақ барысы: «Жасырынған сөз»
Төменде берілген сөздерден туынды сын есім жасап, шақпақты толтырып жазыңдар. Егер тиісті жұрнақтарын дұрыс қолданып жазып шықсаңдар, сарымен сызылған жолды тігінен оқығанда грамматикалық бір терминнің аты шығады.
Берілген сөздер:
1. Ағаш.
2. Айт.
3. Жаса.
4. Сөз.
5. Бәкі.
6. Кең.
7. Бүр.
Жасырынған сөз
1. Ағашсыз.
2. Айтқыш.
3. Жасанды.
4. Сөзшең.
5. Бәкісіз.
6. Кеңірек.
7. Бүрмелі.
Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелер хабарланады.
Оқушылар түрлі фигуралар арқылы үш топқа бөлінеді.
Морфология, сөзжасам туралы түсінік беріледі.
Оқылымалды тапсырма
Оқушыларға оқылым мәтіндері таратылады. Ол мәтіндердегі сөз таптарын мына кестеге толтыру керек.
Зат есім Сын есім Сан есім Есімдік Етістік Үстеу
Оқылым тапсырмасы
Әр топқа үш мәтіннен беріледі. Сол мәтіндерден жинақы мәтін құрастыруы керек.
1-ТОПҚА:
1-мәтін:
Кітап – адам баласы ақыл-ойынан туған рухани байлықты сақтап, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыратын құрал, білім мен тәрбие көзі. Ол – адамзат жасаған ең ұлы кереметтердің бірі. 23 сәуір – Халықаралық кітап және авторлық құқық күні.
Арабтың «кітап» деген сөзі қазақша «жазу», «жазба» деген мағынаны білдіреді. Кітаптың шығу мен дамуы сол жазу өнерінің пайда болуымен тығыз байланысты. Ол қажетті материалдардың ойлап табысуына және техниканың дамуына сәйкес жетілдіріле берді. Ежелгі заманда Мысыр мен Шығыс елдерінде, Греция мен Римде кітап қыш тақталарға жазылды. Кітап тас бетіне де қашалып жазылды.Түркі халықтарының көне жазба мұрасы болып табылатын «Орхан – Енисей жазба ескерткіштерін» (7-9 ғ.) ашық аспан астында тұрған тас кітаптар деп айтуға болады.
2-мәтін:
Ең алғашқы кітап көпшілікке арналған алғашқы баспа өнімдері (діни уағыздар, қолжазба кітаптар) ағаш қабығына, теріге, кейіннен қағазға қолмен көшіріліп жазылған. Ірі қалаларда қолжазба кітапты мәнерлеу өнерімен шұғылданатын арнайы мамандар- көшірмешілер, түптеушілер, миниатюрші суретшілерді топтастырған орталықтар жұмыс істеген (қысқаша Қолжазба кітаптар). Біртекті мәтінді көп данамен тарататын Баспа тарихы Қытайда кітап көбейтудің жаңа әдісі – ксилографияның (ағаштан ойылған қалыппен басу) пайда болуынан басталады (8-9 ғасырлар).
1040-1048 жылдары Би Шен жылжымалы қаріптерді, құйма әріптермен теру процесін ойлап тапты (Еуропаға бұл жаңалық 4 ғасырдан кейін келді). 14 ғасырда Қытайда түрлі-түсті баспа пайда болды. 1340 жылы «Сутраның түсініктемелері» деген кітап 2 түрлі бояумен басылып шықты. Еуропада 1445 жылы неміс өнертапқышы Иоганн Гутенберг кітап басуға алғаш рет жылжымалы құйма әріптерді пайдаланды. Ал, Ресейде 1564 жылы Иван Федоров пен Петр Мстиславец орыс тіліндегі тұңғыш кітап «Апостолды» басып шығарды. 16-17 ғасырларда баспаханаларды ірілендіру, шығаратын өнім көлемін ұлғайту және оны сатуды жүйелі жолға қоюдың қажеттілігіне қарай жекелеген баспагерлер көптеп шықты. Бұлардың қатарында Мануция Альда (Венеция), К.Плантена (Антверпен), Элзевировтар отбасы (Нидерландия), Этьенков және Дидо (Франция) секілді баспагерлерді ерекше атауға болады.
3-мәтін:
18-19 ғасырларда Баспа саны әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінде шапшаң өсті. 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында Баспалар акционерлік қоғам түрінде құрылып, өз ішінен кітап, газет-журнал баспаларына жіктеле бастады. Бұл кезеңде баспа мен баспахана екеуі біртұтас болды. Кітаптар баспахананың өзінде дайындалып, басылып шықты.
Қазақ тіліндегі ең алғашқы кітап Қазақ тілінде кітап шығару ісінің тарихы 1800 жылы Қазан қаласында ашылған бірінші Азиялық баспаханадан басталады. Қазақ тiлiндегi ең алғашқы кiтап – 1807 жылы Қазан қаласында басылып шыққан «Сейфүл – Мәлiк» қиссасы. Жалпы, 1917 жылға дейін қазақ тілінде жеті жүзге жуық кітап басылып шыққан екен. Кеңес үкіметі кезінде баспа ісі мемлекет қамқорлығында болып, елде танымал ақын-жазу¬шылардың шығармаларының таралымы жүз мыңдаған данаға жеткен. Бүгінгі таңда Ұлттық мем¬лекеттік Кітап палатасының мәлі¬меттері бойынша, елімізде 315 баспа мен кітап шығару ісімен айналысатын мекеме тіркеліпті. Олар¬дың 208-і Алматыда шоғыр¬ланған. Алайда баспалар шығарып жатқан кітаптардың таралымы тым төмен. Көркем әдебиеттің жүз мыңдаған данамен баспа бетін көруі өткен заманда қалған¬дай. Өйткені жарық көрген бір кітаптың таралымы 2 000-5 000 дананың аралығында ғана. Кезін¬де «ең оқымысты» елдердің қата¬рынан табылатын Қазақстанда бүгінгі күні жан басына шаққан¬дағы көрсеткіш 1 кітаптан аз – 0,98-ге тең болып тұр.
2-ТОПҚА:
4-мәтін:
Әйгілі Отырар кітапханасы «Отырар» кітапханасы әлемде «Александрия» кітапханасынан кейінгі екінші орынды алған. Әлемнің екінші үлкен білім бұлағы – Отырар кітапханасы Шыңғысхан шапқыншылығы кезінде жоғалып кетті. Бұрын Фараб аталған бұл қаладан тек ислам әлеміне емес, күллі дүние жүзіне аты мәшһүр, әлемдік ғылымға сүбелі үлес қосқан оқымыстылар шыққан-ды.
«Әлемнің екінші ұстазы» атанған бабамыз Әбу Насыр әл-Фараби ол әлемнің екінші ірі кітапханасында білім нәрінен сусындап өсті. Мұнда ежелгі сына жазуымен жазылған туындылар мен папирус орама қағаздарынан бастап, ортағасырлық Еуропа, араб және Қытай ғалым-оқымыстыларының шығармаларына дейін жинақталған. Міне, осындай кітап қоры өте бай кітапхана 1218 жылы пұтқа табынушы шапқыншылардың аяғына тапталды. Отырар кітапханасы ата-бабамыз мекен еткен алып аймақта ілім дәнін сепкен киелі жер болғаны ақиқат. Көптеген мұсылман ғұламаларының еңбектері арқылы Отырар кітапханасы біздің даламызға ислам дінінің таралуына өз үлесін қосты.
5-мәтін:
Қазақстандағы ең бай кітап қоры «Ғылым ордасы» ғылыми кітапханасында (бұрынғы Орталық ғылыми кітапхана) сақталған. 80-жылдық тарихы бар ең көне кітапханадағы кітаптың саны 5 млн. 600 мыңнан асады. Белгілі ғалым, жазушы Шериаздан Елеукенов: «Бүгінде жаратылыстану және қоғамдық ғылымдар саласында кітап қоры бай дәл мұндай кітапхана иесі Кіндік Азияда жоқ» деп бағалайды. Бұл кітапханада сирек кездесетін кітаптар мұражайы орналасқан. Атақты шығыс шайыры – Әлішер Науаидің диуандарын, Ораз Молда аудармасындағы Әбілқасым Фирдоусидің «Шаһнамесін», Физулидің «Ләйлі-Мәжнүні» шығармасын ел арасында қолдан-қолға көшірілген қолжазба күйінде көруге мүмкіндік алды. «Шығыс Илиадасы» аталған «Шаһнаме», «Лейлі-Мәжнүн» ғашықтық дастандары қазақ арасында ауыз әдебиет үлгісінде де, қолжазба түрінде де тарады. Ораз Молда, Тұрмағамбет Ізтілеуов, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің шығармалары, Жаяу Мұсаның күнделігі, Шәді Төренің өлеңдері, Әлкей Марғұлан шығармалары шығармалары қолжазба күйінде сақталған.
6-мәтін:
Әлемдегі ең керемет 12 кітапхана Мұрағатында 5000000 кітабы бар кітапхана бар екенін білесіз бе? Әуесқойлықпен кітап сөресіне бір-бірлеп кітап жинаудан бастаған Джей Уокердің үйі бүгінде әлемдік деңгейдегі ең таңғажайып кітапханалардың бірі. Мұндай кітапханалар әлемде сирек кездеседі деуге болмайды. Төменде ең керемет кітапханалар тізімін ұсынып отырмыз. Безымянный.jpg 1. Швейцариядағы Сен-Галль аббаттығының кітапханасы — ортағасырлық кітаптарға ең бай кітапхана. 2005 жылы жүргізілген санақ бойынша мұнда 160000 кітап бар. Оның 2100-і қолжазба. Мұндағы төрт жүзге жуық кітаптардың жазылғанына мың жылдан көп болған.
3-ТОПҚА:
7-мәтін:
Дублиннің Тринити-колледжінің кітапханасы — Ирландиядағы ең үлкен ғылыми кітапхана. Мұнда 5000000 кітап бар, соның ішінде манускрипт, карта және ноталар да қамтылған. Безымянный.jpg
Прага қаласында орналасқан Страговск монастырінің кітапханасы. Монастырьдің негізі 1149 жылы қаланған. Мұндағы ең көне кітаптар ХІІ ғасырға жатқызылады. Безымянный.
Джей Уокер — америкалық ойлаптапқыш әрі кәсіпкер. Рriceline.com сайтының негізін салушы. Оның Риджфилдегі үйі адамзат тарихындағы ең үлкен көпдеңгейлі лабиринт тәрізді құрылған кітапхана. Онда 50000 кітап және музейлік деңгейдегі артефакттар бар.
8-мәтін:
Йель университетінің сирек кездесетін кітаптар мен көне қолжазбалар кітапханасы. Оның негізі 1963 жылы қаланған. Бұл сирек кітаптар мен манускриптерді сақтауға арналған әлемдегі ең үлкен кітапхана. Мұнда бүгінде 11 миллион кітап бар, соның ішінде Гутенберг Библиясының 48 данасы сақталған.
Сиэтл кітапханасы — АҚШ-тың солтүстік-шығысындағы Сиэтл қаласының орталығында орналасқан. Бұл әйнек пен болаттан жасалған әсем ғимараттың негізі 2004 жылы тұрғызылған. Мұнда 1,45 миллион кітап сыйады.
Гейзель атындағы кітапхана — Сан-Диегодағы Калифорния университетінің басты кітапханалық ғимараты. Кітапхана сегіз қабаттан тұрады, биіктігі 33,5 м. Аты атақты америкалық балалар жазушысы әрі мультипликатор Теодор Сьюз Гейзельдің құрметіне қойылған.
Голландиядағы Делфт технологиялық университетінің кітапханасы. Ол 1997 жылы Mecanoo архитектуралық студиясының жобасы бойынша салынған. Бұл кітапхана шатыры үлкен конуспен аяқталатын ерекше үлгідегі әлемдегі бірден-бір ғимарат. Безымянный.jpg
9-мәтін:
Хосе Васконселос атындағы кітапхана. Мексиканың астанасы Мехиконың орталығында орналасқан бұл кітапхана 2006 жылы ашылған. Кітапхана 1922-1924 жылдары Мексиканың білім министрі болған жазушы әрі пәлсапашы, мемлекет қайраткері Хосе Васконселостың есімімен аталады. Ол ХХ ғасырда Латын Америка философиясының дамуына зор үлесін қосқан тұлға.
Ванкувер кітапханасы — параллелепипед тәрізді тоғыз қабатты ғимарат. Сыртқы көрінісі римдегі Колизейді еске түсіреді.
Солт-Лейк-Сити кітапханасының басты бөлігі. Бұл бес қабатты керемет ғимарат Ванкувер кітапханасын салған архитектор Моше Сафдинің жобасы бойынша 2003 жылы салынған.
Британ музейінің оқырман залы — Ұлыбританиядағы ең үлкен кітапхана. 1997 жылға дейін кітапханаға кәсіби зерттеушілерге ғана кіруге рұқсат етілетін. Мұнда әр кездері Карл Маркс, В.И.Ленин, Махмат Ганди, Дж.Б.Шоу, Герберт Уэллс зерттеу жұмыстарымен айналысқан. 2000 жылдан бастап кітапхана есігі көпшілікке ашық.
Әр топқа мұғалімнің кері байланысы беріледі.
Оқылымнан кейінгі тапсырма
Әр топ өздерінің мәтіндерінде не туралы айтылғандарын қысқаша мазмұндайды.
Кері байланыс
«V» - білемін «+» мен үшін жаңа «-» басқаша ойлаймын «?» - түсінбедім, тереңірек білгім келеді....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 432



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі