ЭКСПО-дағы кітапхана көрмесі (6 сынып, IV тоқсан )

 ЭКСПО-дағы кітапхана көрмесі (6 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Әлемдегі ірі кітапханалар
Сабақтың тақырыбы: ЭКСПО-дағы кітапхана көрмесі
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Ж6. Мәтіндерді түзету және редакциялау
Сабақтың мақсаттары:
Мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп түзету, редакциялау.
Сабақ барысы: Шаттық шеңбері.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Баршаңызды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
(Балалар шеңбер бойында тұрады. Қолды алға созу. Қолды кеудесіне қою. Басты төмен ию).
Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелер хабарланады.
Жазылымалды тапсырма
ЭКСПО-2017 көрмесі туралы не білесіздер? Көрмеге қатыстыңыздар ма? Ондай қай елдерің көрмесі ұнады және неліктен ұнады?
ЖЖ. Жазылым тапсырмасы
Мәтіндегі грамматикалық, пунктуациялық қателерді дұрыстаңыз, оларды түсіндіріңіз.
«ЭКСПО-2017» - Тәуелсіздік жемісі кітап көрмесі өтті
«ЭКСПО-2017 егемен елдің жемісі» атты келесі бөлімде осы көрме аясында елімізде жүрып жатқан қызу дайындықтар бастамалар құрылыс алаңдары жайында әдебиеттер қойылған.
«Тәуелсіздік тұмарым, Мәңгілік ел тұрағым» деп аталатын үшінші бөлім еліміздің тәуелсіздігіне арналған. Тәуелсіздік айшықтары, Елбасымыз Н.Назарбаевтың жүргізіп отырған сарабдал саясаты, Елордамыз Астананың көзтартарлық қазіргі келбеті туралы әдебиеттер мен қанатты сөздерқойылған.
«Адамзат ертеңі: жасыл энергия» және «Жасыл Экономика: Қазақстанның Жеңісі мен жемісі» деп аталатын соңғы бөлімдер жалпы «ЭКСПО-2017» тақырыбына арналған. Әлемдік қауымдастыққа Қазақстан «Болашақтың энергиясы» тақырыбын ұсынғаны белгілі. Осы тақырып аясында жарияланған мақалалар, қызықты ұсыныстар суреттерімен қоса берілген. Сонымен қатар, өңіріміздің басты мақтан ететін нысандары қорқыт кесенесі мен Байқоңыр ғарыш айлағы жайында көп мәліметтер бар. Шетелдіктер тарапынан үлкен қызығушылық танытатын облысымыздағы бұл орындар халықаралық көрме өтетін уақытта қонақтар қабылдауға әзірлік үстіңде. ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрме туралы бар құжаттар, суреттер, мақалалар, естеліктер көрмеден хронологиялық тәртіппен орын алған.
Экран арқылы шара қатысушыларына халықаралық көрмеге облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының мамандары «Жасыл Экономика» тақырыбында арнайы дайындаған жобаларының презентациясі көрсетілді.
Залдың оң жаққанатында «Менің ЭКСПО-2017-ге қосатын үлесім» тақырыбында жас шеберлердің қолдан жасаған бұйымдары қойылған. Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрлерін көрсететін түрлі тақырыптағы зергерлік бұйымдарды жас өнертапқыштар темірден қағаздан киізден жіппен жасаған.
Көрменің ашылу салтанатына зиялы қауым, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының мамандары, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, бақ өкілдері қатысты.
Жазылымнан кейінгі тапсырма
Топта бір оқушы қалады, қалғандары басқа топтардың дұрыстаған мәтіндерін тескереді, басқа топтан келген оқушыларға қалған оқушы неге олай дұрыстағандарының себебін түсіндіреді. Оқушылар өз топтарына келген соң мұғалім әр топқа мәтіннің қатесіз нұсқасын береді. Олардың ауаптарымен салыстырады, кері байланыс жасайды.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 004



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!