Ауыр атлетиканың аңызы (6 сынып, III тоқсан )

 Ауыр атлетиканың аңызы (6 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары.
Сабақтың тақырыбы: Ауыр атлетиканың аңызы
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.3.5.1. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін жазу.
Сабақтың мақсаты: ақпараттарды тыңдай отырып, ойын ықшамдап жинақы мәтін жазуға үйрену.
Сабақ барысы: Оқушылардың қызығушылықтарын ояту мақсатында алдымен мұғалім тақырыпқа қатысты тірек сөздерді анықтауға шақырады:
1-тапсырма
2-тапсырма
 Суретке қарап тапсырманы болжап көріңіз. Қандай тапсырма орындаймыз?
 Көлемді мәтінді ықшамдап жазу не деп аталады?
Оқушыларды жинақы мәтіннің жазылуы туралы ақпараттары аз болса, мұғалім қосымша толықтыра кету керек.
 Жинақы мәтін – бастапқы мәтіндегі негізгі идеялар мен ақпараттарды сақтай отырып, мәтін көлемін ықшамдау және өңдеу.
 Жинақы мәтін түпнұсқа мәтіннен 75 % дейін қысқа болады.
 Өз ойыңды жинақы мәтінге қосуға болмайды. Жинақы мәтін тек автор идеясынан ғана тұрады.
1.Мұғалім оқушыларды мәтінді зейін қоя отырып тыңдауға және мәтіннен негізгі ақпараттарды түртіп алып отыруға шақырады. Мұғалім мәтінді анық, оқушыларға түсінікті етіп оқиды.
Олимпиада жеңімпазы
Илья Ильин жылдың қорытындысы бойынша, жер бетіндегі ең үздік ауыр атлет атанды. Екі дүркін Олимпиада, төрт дүркін Әлем чемпионы мұндай атаққа осымен төртінші мәрте ие болып отыр.
Халықаралық ауыр атлетика федерациясы жыл сайын әлемнің үздік зілтеміршілерін жариялауды дәстүрге айналдырған. Ұйымға мүше мемлекеттер дауыс беру арқылы жер бетіндегі ең мықты ауыр атлетті анықтайды. Былтыр Грозныйда өткен Ресей президентінің кубогы бәсекесінде екі мәрте әлем рекордын жаңартқан жерлесіміз Илья Ильиннің бағындырған айтулы белесі дүниежүзін тамсандырған еді. Сауалнама қорытындысымен екі мыңнан аса дауыс жинаған толағай жаһанда өзіне тең келер ешкім жоқ екенін тағы да бір дәлелдеді. Алаш толағайының әрбір жетістігіне балаша қуанатын жерлестері бұл жолы да Ильяға тілеулестігін білдіріп, құттықтауда.
Ал әйелдер арасында Тайпей елінің спортшысы Сюй Шу-Чин көш бастады. Айта кетейік, екі дүркін олимпиада, төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин бұған дейін 2005, 2006 және 2014 жылдары да халықаралық ауыр атлетика федерациясы тарапынан үздік деп танылған болатын. Аты аңызға айналған алып, бұйыртса, Қазақстан қоржынына тағы да алтын салады деген сенімдеміз. Ендеше, сәттілік серігің болсын, алаш оғланы!
2. Мұғалім оқушыларға мәтіннен түртіп алған ақпараттарын қолдана отырып, жинақы мәтін жазуды ұсынады.
3. Жазған мәтіндерін мұғалім алдымен топта оқып бөлісуге шақырады. Оқушылар топта бір-бірінің жазылымдарымен танысып, бір-бірінің жұмыстарының соңына «бір ұсыныс, бір тілек» жазу арқылы өзара бағалайды. Мұғалім оқушылардың жұмыстарын аралап бақылап, қажет деп тапса, қосымша уақыт беру арқылы жұмыстарына түзету енгізіп, соңғы нұсқасын жазуларына мүмкіндік береді.
Оқушылар топта өзара ақылдаса келе орталарынан бір оқушының жұмысын сынып алдында бөлісуге ұсынады. Үздік жұмыстың иелері «автор орындығына» отырып оқиды.
ДЕСКРИПТОРЛАР
 тыңдалым мәтінінен негізгі ақпараттарды анықтайды;
 қосымша ақпаратты білдіретін сөйлемдерді ажырата алады;
 жинақы мәтін талаптарын есіне түсіреді;
 жинақы мәтін жазады.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 782



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!