» » » » Қазақ тілінен сабақ жоспары: Бокс өнері (6 сынып, III тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Бокс өнері (6 сынып, III тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Бокс өнері (6 сынып, III тоқсан ) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: Бокс өнері (6 сынып, III тоқсан ) на казахском языке
Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары.
Сабақтың тақырыбы: Бокс өнері
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.4.4.2 етістіктің етіс түрлері мен салт-сабақты етістіктердің тіркесімдік мүмкіндігін ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану;
Сабақтың мақсаты: Етіс түрлерін қолдана алуға үйрет.
Сабақ барысы: 1-тапсырма
Сабақты бастамас бұрын мұғалім оқушыларды екі топқа бөлініп, ойын ойнауға шақырады. Мұғалім оқушыларға алдымен ойын шартын түсіндіреді. Екі топ тақтадан 1 не 1 жарым метр қашықтықта сапқа тұрады. Әр топтан оқушылар рет-ретімен шығып, тақтаға бір етістіктен жазып, борды келесі оқушыға тапсырады. Оқушылар бір-бірінің сөздерін қайталамай, кідірмей, реттерін бұзбай жазып шығулары керек. Қай топтан сөздері таусылып, кідірсе, ойынды тоқтатады да, екі топ жазған сөздерін санайды, қайталанбағанына көз жеткізеді. Ойын соңында қанша етістік жазғандарына қарай жеңімпаз команда анықталады.
Бұл ойын оқушыларға сабақта өтілетін етістіктің етіс түрлерін оңайырақ түсіну үшін көмектеседі.
2-тапсырма
Мұғалім оқушыларға етіс және оның түрлері туралы қысқаша таныстырып өтеді. Егер түсінбеген оқушылар болса, қосымша көмек көрсетеді. Оқушылар етістің жасалу жолдары, жұрнақтары және оның түрлерімен танысады, әр түріне айналадан мысал келтіреді.
3-тапсырма.
Мұғалім оқушыларды мәтінмен мұқият танысуға шақырады. Оқушылар мәтінді мұқият оқып, ішінен етістерді анықтайды, етістің қай түріне жататындығын ажыратады.
Бокс спорты
Бокстің алғашқы түрі ежелгі Грекияда ұйымдастырылып (б. з. б. 688 ж.), Олимпиялық ойындар қатарына енген. Ол кезде жекпе-жекке шыққан жігіттер қолдарын жұмсақ терімен немесе дәкемен орап шайқасқан. Төбелес екі жігіттің бірі естен танып жығылғанша жалғаса берген.
Алайда, Рим мен Грекияда белгiлi дәрежеде беделдi болған бұл спорт түрi олимпиадалық ойындарға мейлiнше кеш, тек 23-ойында барып қосылған. Олимпиададағы алғашқы ойындар жалаң қолмен жүргiзiлген, кейiн қос қолға белдiктi орауға көшедi. Одан соң көрермендердiң тiлегiмен бұл белбеулерге темiр сақиналар кигiзiлген. Тұңғыш рет чемпион кубогын гректiң Ономастус есiмдi спортшысы иеленедi.
Ал бокс жеңiмпазына арналған алғашқы арнау өлеңiн Пиндар есiмдi ақын жазған екен. Ол олимпиада чемпионы атанған өзiнiң ұлы Диагоросты мадақтап, оған жыр арнайды. Бұл боксшылардың ерлiгi қарсыласының құлағын тiстеген Майк Тайсонның әрекетiндей емес. Мәселен, Эуридиамас есiмдi боксшы ойын үстiнде жағы сынады да, мұны ешкiм көрiп қалмауы үшiн, сынған сүйектi жұтып қойып, төбелестi жалғастыра түседi. Оның ерлiгiн кейiн ақын Элиан мақтанып жазады.
4-тапсырма
Айтыс, жүзу, ойнау, айту, кию, қою, жазу, көру.
Берілген етістіктерден етістер жасап, сөйлемдер құраңыздар. Сөйлемдердің спорт тақырыбында болуын ескеріңіздер.
Оқушылар тапсырманы орындау арқылы етістің жасалуы мен қолданылуын білетін болады.
Оқушылар жазған сөйлемдерін жұпта алмасу арқылы бөліседі. Оқушылар бір-бірінің жазғанын оқып, бағалайды.
Дескриптор:
- Етістіктерді жазады;
- Етіс түрлерін біледі;
- Мәтіннен етіс түрлерін анықтайды;
- Етістіктерден етістер жасайды;....



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 92 |



Загрузка...
Читайте также
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары:  Орхон-Енисей ескерткіштері «Күлтегін» жыры 2-сабақ (7 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Орхон-Енисей ескерткіштері «Күлтегін» жыры 2-сабақ (7 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Гендік өзгеріске ұшыраған ағза  (7 сынып, III тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Гендік өзгеріске ұшыраған ағза (7 сынып, III тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ауыр атлетиканың аңызы (6 сынып, III тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ауыр атлетиканың аңызы (6 сынып, III тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақ күресі (6 сынып, III тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақ күресі (6 сынып, III тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Вел Баркер кубогын алған тұңғыш қазақ (6 сынып, III тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Вел Баркер кубогын алған тұңғыш қазақ (6 сынып, III тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Екі дүркін олимпиада жеңімпазы (6 сынып, III тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Екі дүркін олимпиада жеңімпазы (6 сынып, III тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Футбол жұлдыздары (6 сынып, III тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Футбол жұлдыздары (6 сынып, III тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Батыр туса-ел ырысы №3 (7 сынып, IV тоқсан, 3 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Батыр туса-ел ырысы №3 (7 сынып, IV тоқсан, 3 бөлім )

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы, сабақ жоспары Бокс өнері 6 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Бокс өнері, сабақ жоспары Бокс өнері 6 сынып қазақ тілі қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак тили кыска мерзимди сабак жоспары Бокс өнері, Қазақ тілінен сабақ жоспары: Бокс өнері (6 сынып, III тоқсан )