» » » » Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ерте аққан жұлдыз (6 сынып, III тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ерте аққан жұлдыз (6 сынып, III тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ерте аққан жұлдыз (6 сынып, III тоқсан ) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ерте аққан жұлдыз (6 сынып, III тоқсан ) на казахском языке
Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары.
Сабақтың тақырыбы: Ерте аққан жұлдыз
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.3.2.1 - жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып, мінездеме, өмірбаян құрастырып жазу.
Сабақтың мақсаты: Құрылымын сақтай отырып өмірбаян жаза алуға үйрету.
Сабақ барысы: 1-тапсырма
Оқушылардың қызығушылықтарын ояту мақсатында
тақтаға спортшылар есімі жазылып, ол туралы білетін мәліметтерімен бөлісу тапсырмасы беріледі.
2-тапсырма
Мұғалім оқушылардан өмірбаян жазу туралы ақпаратпен танысуларын сұрайды. Оқушылар ақпаратпен танысып, ақпаратқа сай жазылған үлгіні оқиды.
Өмірбаян жеке адам өміріне қатысты іс қағаздарына жатады. Өмірбаян-оқу орнына немесе жұмысқа орналасатын адамның жеке басының сапалық қасиетін,өміріндегі негізгі кезеңдерді нақты фактілермен көрсететін іс қағазы.Оның ерекшелігі-жеке адамға қатыстылығында.
Стильдік белгісі-қысқа да тұжырымды сөйлемдер қолданылады.Айғақтар нақты санмен көрсетіледі.
Өмірбаянның саяси-қоғамдық өмірбаян, жай өмірбаян және автобиографиялық түрлері бар.
Саяси-қоғамдық өмірбаян жаңа қызметке келген мемлекет қайраткерін немесе көпке танымал белгілі ғалым,ақын-жазушыларды таныстыру мақсатында жазылады. Азаматтың туған жылы,қайда оқығаны, еңбек жолын қайда және қалай бастағаны,қоғамдық қызметтегі белестері,жазған еңбектері жазылады.Ғылыми дәрежелері,алған атақтары да анық көрсетіледі.
Жай өмірбаянда адамның өзі құжат тапсырғалы отырған оқу орнына,не мекемеге орналасқанға дейінгі негізгі өмір жолы айтылады.Туған жылы,қайда оқығаны,қайда жұмыс істегені, білім дәрежесі, кәсіби деңгейі,мамандығы, еңбек өтілі нақты көрсетіледі және азаматтың талап-тілегі де қысқаша баяндалып өтіледі.
Автобиография-өмірбаянның ерекше түрі.Бұл өмірбаянда ақын,жазушы, ғалымдар өз өмір белестері жайлы көркем әдеби тілмен естелік ретінде баяндайды.Оның автопортрет,мемуар атты түрлері бар. Өмірбаян-адамның өз өмірі мен өсу жолдары туралы баяндауы.Оны жаза білуге үлкен шеберлік қажет.
Өмірбаянның мазмұндық-құрылымдық жүйесі:
1. Құжаттың аты (өмірбаян)
2. Аты-жөні (толық жазылады), туған жылы, айы, күні, туған жері
3. Ұлты
4. Білімі, оқыған оқу орындары
5. Қоғамдық-саяси қызметі
6. Ата-анасы, жұбайы, балалары туралы мәлімет
7. Қазіргі жұмысы, мекен-жайы
Өмірбаянның мазмұны автордың өмір жолын, іскерлік қасиеттерін жан-жақты баяндап беруге тиіс және бірінші немесе үшінші жақтан жазылады.
Үлгі:
Өмірбаян
Мен, Серік Жүмаділұлы Қалымбетов, 1984 жылы Оңтүстік Қазақстан обылысы, Бәйдібек би ауданы, Боралдай ауылында қызметкерлер отбасында тудым.
1990-2001 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы 3. Шүкіров атындағы №20 орта мектепте оқыдым. Мектепте оқып жүргенде үздік окушы екенімді көрсете білдім. Әр түрлі қоғамдық жүмыстарды атқардым, спортпен шұғылдандым.
Ата-анам бар: әкем - Ж. Қалымбетов Шымкент қаласында жекеменшік кәсіпорнында жұмыс істейді. Шешем ~ 3. Қалымбетова Шымкент қаласындағы №20 орта мектепте орыс тілінен сабақ береді.
2001 жылы аталған мектепті бітірген соң, Қазақстан-Британ техникалық университетіне мұнайшы-инженер мамандығын алу үшін окуға түстім.
Бүгінгі таңда осы оқу орнының 2-курс студентімін, мен үйленбегенмін. Ағылшын тілімен шүғылданамын, компьютерлік курсқа барып жүрмін. Алдыма қойған мақсатым: білімді маман болып шығу.
Мекен -жайым: Алматы қаласы, Тастақ-1 ықшамауданы, 9-үй, 53-пәтер, тел.40-02-05.
3-тапсырма
Оқушылар мәтінді мұқият оқып, Денис Теннің өмірбаянын жазады.
ХХ ғасырдың басында жапон елі Кореяға соғыс ашқан. Сол қиян-кескі соғыста корей елінің азаттығы үшін генерал Мин Гын Хо ерлік танытып, Отан үшін жанын қияды. Кейіннен корей халқының бір бөлігі Ресейге қоныс аударған. Кеңес үкіметі кезінде сол қоныс аударған корейлер тағдырдың айдауымен Қазақстанға жер аударылады. Олардың қатарында сол баяғы Мин ұрпағы да бар еді. Оның ұлы Ен Ук Шымкентте пединистутты аяқтаған екен. Ал Мин Гын Хоның шөпшегі болып келетін Денис Тен 1993 жылдың 13 маусымында дүние есігін ашыпты.
Денис Тенді отбасы бетінен қақпай өсірген. Соның арқасында қазіргі жас спортшы мәнерлеп сырғанаудан өзге, теннис, акробатика, таеквондо, карате және жүзумен айналысқан. Би және көркемсурет мектептеріне де барған. Музыка мектебінің 5 сыныбын тәмамдап, хорда да ән салыпты. Ол жолға түсуді де таңдап кетуге шақ қалған Денис соңында бәрібір мәнерлеп сырғанауды таңдаған.
Денис Тен алғаш рет мұз айдынындағы халықаралық дәрежедегі сындарға қатыса бастағаннан кейін-ақ жас талантқа құда түсушілер жаңбырдан кейін шыққан саңырауқұлақтай қаптап шыға келді. Бәлкім болашақ таланттың шеберлігін мойындағаны болар. Десе де Алматы өңірінде дүние есігін ашқан спортшы еліміздің нағыз патриоты екенін танытып, олардың ұсынысын құлаққа ілмеді.
2010 жылы Канаданың Ванкувер қаласында өткен ХХІ қысқы Олимпиада ойындарында өнер көрсетіп, еліміздің мәнерлеп сырғанау спортындағы финалдық кезеңге өткен тұңғыш спортшысы болып танылды. Сонымен қатар сол додада ерлер арасындағы ең жас спортшы да еді. Небәрі 17 жаста болатын. Және 11-ші орынға тұрақтады. Ал Денис оған дейін талай жарыстардың алтынын иеленіп, танылып үлгергенін көпшілік жақсы біледі.
Денис Тен мұз айдында еркін өнер көрсетуімен ерекшеленіп келеді. Қобалжыса да, жұртшылыққа байқатпайтындай. Ал айдындағы басты әдістерінің бірі – бильман деп аталады. Иілгіштікті талап ететін маңызды әдісті ерлер арасында жасай алатын мәнерлеп сырғанаушылар санаулы ғана. Олардың қатарында Евгений Плющенко және бүгінгі сайысқа қатыспайтын бірнеше спортшы ғана бар.
Аздап қобалжып тұрғаным рас! Бірақ мен қазақстандықтардың, отбасымның және достарымның үлкен қолдауына ие болып отырмын. Бұл менің жеңіске деген сеніміме қанат бітіреді. Дәл осы қолдаулардан қуат алып отырған мен, қазір ұялы телефон секілдімін. Ең басты қарсыласым – өзім! Кез келген спорт түрінде спортшы ең алдымен өзіне сенім артуы тиіс. Сондықтан мен де жүлде жолында өзімді барлық жағынан дайындау үстіндемін, – деді Денис Тен жарыс алдында «Хабар» арнасының тілшілеріне берген сұхбатында.
Міне, Денис Тен Қазақстан қысқы Олимпиада тарихындағы мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш жүлдені иеленді. Осыған дейін жерлестеріміз биатлон, коньки және шаңғы спорты түрлерінен ғана көзге түскен болатын.
4-тапсырма
Оқушылар жазған өмірбаяндарын жұпта алмасу арқылы бөліседі. Оқушылар бір-бірінің жазбасын оқып, бағалайды.
Дескриптор:
- Белгілі бір спортшы туралы білетін ақпараттарымен бөліседі;
- Өмірбаян туралы ақпаратпен мұқият танысады;
- Стильге сай құрылымды сақтап өмірбаян жазады;
- Жұпта бөлісу арқылы бір-бірін бағалайды;....



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 106 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...
Читайте также
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Болашақта әлем қалай өзгереді? (6 сынып, IV тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Болашақта әлем қалай өзгереді? (6 сынып, IV тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Кітапхана мен кітап маңызы (8 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Кітапхана мен кітап маңызы (8 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Спорт жұлдызы (6 сынып, III тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Спорт жұлдызы (6 сынып, III тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қоғам қайраткері – Дінмұхамед Қонаев (6 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қоғам қайраткері – Дінмұхамед Қонаев (6 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Менің отбасым және достарым Өмірбаян жаза аламын (2 сынып, I тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Менің отбасым және достарым Өмірбаян жаза аламын (2 сынып, I тоқсан)
Қазақ тілінен сабақ жоспары: «Ассамблея жылы – халықтар  бірлігінің кепілі» (7 сынып, III тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: «Ассамблея жылы – халықтар бірлігінің кепілі» (7 сынып, III тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Вел Баркер кубогын алған тұңғыш қазақ (6 сынып, III тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Вел Баркер кубогын алған тұңғыш қазақ (6 сынып, III тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстанның жеті кереметінің бірі – домбыра (6 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстанның жеті кереметінің бірі – домбыра (6 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Шынықсан шымыр боласың (7 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Шынықсан шымыр боласың (7 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Отбасындағы әкенің рөлі (6 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Отбасындағы әкенің рөлі (6 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары:  Астананың құрметті азаматтары (1-нұсқа) (6 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Астананың құрметті азаматтары (1-нұсқа) (6 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мамандық таңдау  (8 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мамандық таңдау (8 сынып, I тоқсан )

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы, сабақ жоспары Ерте аққан жұлдыз 6 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Ерте аққан жұлдыз, сабақ жоспары Ерте аққан жұлдыз 6 сынып қазақ тілі қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак тили кыска мерзимди сабак жоспары Ерте аққан жұлдыз, Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ерте аққан жұлдыз (6 сынып, III тоқсан )