Қазақтың салт-дәстүрі мен ырымдары (6 сынып, III тоқсан )

 Қазақтың салт-дәстүрі мен ырымдары (6 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері. Наурыз. Морфология.
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың салт-дәстүрі мен ырымдары

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.1.1.1.- мәтіннің атауын талқылау және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжау.
Сабақтың мақсаттары: Оқушылар мәтін мазмұны негізінде өз ойларын білдіріп, ұстанымдарын дәлелдеу тиіс.
Сабақ барысы: Қызығушылықты ояту
Ой шақыру үшін оқушыларға жоғарыда ұсынылған сурет ұсынылады. Сурет мазмұны негізінде оқушылар ойларымен бөлісуі тиіс.
Мағынаны тану
Тыңдалымалды кезеңі.
- Сендер қазақтың наным-сенімдеріне байланысты ырым-тиымдарға қалай қарайсыңдар?
- Ырымдарға сенесіңдер ме?
Тыңдалым кезеңі. Оқушылар тыңдалым мәтінін мұқият тыңдайды.
Дәстүр – ұрпақтан-ұрпаққа ауысатын, тарихи қалыптасқан нормалар мен үрдістер. Ол – қоғамдық ұйымдар мен халықтың мінез-құлқының, іс-әрекетінің рухани негізі. Дәстүр мәдениетпен тығыз байланысты, сондықтан мәдениеті дамыған ел дәстүрге де бай. Ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, адалдық, әділеттілік, мейірімділік сезімдері озық дәстүрлерге жатады.
Дағды, әдет-ғұрып деген ұғымдар адамның мінезі мен тіршілігіне байланысты қанға сіңген қылықтарды білдіреді.
Аузына түкірту – ырым. Ертеден келе жатқан ырым бойынша, қазақтар белгілі батырлар мен билерге, ақындарға, тағы басқа елге белгілі адамдарға жас сәбидің аузына түкіртіп алатын болған. Оның мақсаты – сәби сол адамдардай өнегелі кісі болсын деген ұғымнан туған.
Тұсау кесу – бала тәрбиесіндегі әдет-ғұрып, ырым. Баланың аяғын жіппен немесе қойдың піскен майлы ішегімен тұсап, бала-шағалы, аяғы жеңіл, ақкөңіл адамға кескізеді. Тұсау кесу құрметіне тағам дайындап, көршілерді жинап, жеңіл-желпі құрмет көрсетіледі. Тұсау кескен адамға сыйлық беріледі. Тұсауды ала жіппен кесу көне шаман дінінен қалған.
Қазақ ырымдары:
Бала бас ұстамайды. Егер бала бас ұстаса әкесі өліп қалады деп тыйым салған.
Нанның қиқымын жесе – бай боласың дейді.
Сәби тоңқайып екі аяғының астынан қараса, күткен жолаушы келеді немесе қонақ келеді дейді.
Жас балаға бұғана ұстатпайды, онда бойы өспей қалады деп жорыған.
Қыз балаға жілік ұстатпайды. Ұстатса күйеуге шықпай оң жақта көп отырып қалады дейді.
Бала алғаш жолаушы шыққанда той жасайды.
Сәби көзін ашып ұйықтаса – жары сұлу болады.
Тыңдалым мәтіні негізінде төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер:
1. Мәтінде қандай салт-дәстүр мен ырымдар туралы айтылған? Оларды атап шығыңдар.
________________________________________________
2. Нәрестенің болашақта сол өнегелі кісі сияқты болсын деген ұғымды білдіретін дәстүр қалай аталады?
______________________________________________________
3. Өмірде ешкімнің ала жібін аттамасын деген ниетпен білдіретін дәстүр қалай аталады?
____________________________________
4. Қонақ келе жатыр деген ойды білдіретін ырым қалай аталады?
Тыңдалымнан кейінгі кезең.
Қазақтың ырым-тиымдарына өз көзқарастырыңды білдіріңдер. Сынып ішінде екі «жақтаушы» және «даттаушы» топтарына бөлініп, өз ұстанымдарыңды дәделдеңдер.
Мен қазақтың ырым-тиымдарын қолдаймын (қолдамаймын)
Жақтаушы топ Даттаушы топ...


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 435



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?