Су тапшылығы (6 сынып, III тоқсан )

 Су тапшылығы (6 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Су – тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен-көлдер. Морфология.
Сабақтың тақырыбы: Су тапшылығы
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.2.4.1 - ауызекі және ресми стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мазмұнын, тілдік ерекшелігін салыстыру.
Сабақтың мақсаттары: Ауызекі сөйлеу мен ресми іс-қағаздар стилінің айырмашылығын таба алады.
Сабақ барысы: Оқушыларға бүгінгі сабақтың оқу мақсаты мен бағалау критерийлері түсіндіріледі.
Оқу мақсаты: ауызекі және ресми стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мазмұнын, тілдік ерекшелігін салыстыру.
Бағалау критерийі:
ауызекі және ресми стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мазмұнын және тілдік ерекшелігін салыстырады.
Суреттер галереясына қарап, болжам жасалады.
Оқылымалды кезеңі.
Сөз тіркестерін оқи отырып, түсініктері туралы айтады. Тірек сөздермен жұмыс.
Су тапшылығы, таза су, зауыт, келісімшарт, табиғи өнім, швейцарлықтар.
1-Тапсырма. Мәтіндерді толықтай оқып шығыңыз.
1- мәтін
Женевада өткен су және бейбітшілікке қатысты халықаралық конференцияда сұхбат берген Франсуа Мюнгер су – жалғыз табиғи ресурс, оны ештеңемен ауыстыруға болмайтынын атап өтті.
Су тақырыбы жайлы әңгіме бастамас бұрын Швейцария мен Францияның Альпі тауларынан құйылатын тау суын бірлесіп пайдаланатынын ескере кеткен дұрыс болар. Швейцарияда суы таза қолдан жасалған көл жұмыс істейді, қымбат әрі әйгілі Evian суын бұл жерде шүмектен ағызып іше беруге болады, бірақ бұл қолдан жасалған және басқарылатын процесс. Швейцарлықтар кезінде су тазалайтын зауыт салған. Бұл таза альпілік ауыз судың өзіндік қоймасы секілді, алайда Альпі өзендері мен Женева көлінің суы бұл су қоймасына түспес бұрын, зауытта тазалаудың бірнеше сатысынан өтеді. Женева көлі екі елдің арасында орналасқан. Бұл – әлемдегі трансшекаралық су жобасын бірлесіп пайдалануға қатысты ең алғашқы келісім-шарттың бірі.
– Франсуа Мюнгер мырза, жеке бизнес халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ететін су инфрақұрылымын құру үшін өз инвестицияларын қалай тиімді салу керек деп ойлайсыз?
– Жеке, тіпті мемлекеттік бизнесті кез келген су жобасына тарту көп жағдайда елдің нормативтік базасына байланысты, сондықтан ең бірінші, шартты әзірлеп алу керек, алайда нормативтер мәселесі – бұл мемлекеттің айрықша құзыреті. Осыдан кейін ауыз сумен қамтамасыз етуді жеке компания қолға алса да, мемлекеттік компания алса да бәрібір.
– Сонда қандай да бір салықтық жеңілдіктер мен ерешеліктерді ұсыну емес, тариф пен нормативке байланысты болғаны ма?
– Бизнес кез келген келісімшартта ашықтық пен нақтылықтың болғанын қалайды. Мәселе жеңілдік туралы емес, олардың ұстанатын нормативтерін құру жайында болып отыр. Жеке сектор сонда ғана су саласын инвестициялауға қатыса алады.
2- мәтін
Оқырманымызға хабарласып, мән-жаймен толығырақ таныстық. Айтуынша, жолдасы екеуі осы КБМ-де 12 жыл жұмыс істейді. Судың әр флягасын 10 теңгеден босатады. Ауылдықтардың тіршілік көзін алып отырған жалғыз қондырғы. Сондықтан оның жекенің қолына кетсе, құрылғы құрдымға кетеді деп алаңдайды. Себебі айына мардымсыз табыс түсіретін КБМ аз уақыттан кейін кәсіпкерге жақпай қалып, жауып тастауы ғажап емес, дейді Екібастұз қаласының Бесқауға ауылының тұрғыны Гүлбадам Жамайхан. Тілегіміз – құдығымыз бюджетке қарап, бұрынғыша әкімдікпен жұмыс істеу. Осылай ауылдықтардың айтарын жеткізген бесқауғалық тұрғынның өтініші бойынша, хатта көрсетілгендей шешім шығарды деген мекемеге хабарластық. Яғни, облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының мамандарымен тілдестік. Айтуларынша, мұндай шешім шығаруға басқарманың құзыреті жоқ. Сондықтан «Екібастұз қаласының экономика және бюджетті жоспарлау бөліміне хабарласқандарыңыз дұрыс» деп жөн сілтеді.
2-тапсырма. Мәтіндерді оқып салыстырыңыз.
Мәтіндер Тақырыбы Мазмұны Стилі Тілдік ерекшелігі (терминдер, қос сөз, сандарды не мақсатта қолданғаны туралы)
1-мәтін
2-мәтін
Оқылымнан кейінгі кезең.
1. Оқыған мәтін бойынша өзіндік пікірін бір сөйлеммен айтады.
2. Өз пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді.
3. Пікірін өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді.
4. Тақырып бойынша қорытынды шығарады.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 982



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?