Астана алған асулар (1-нұсқа) (6 сынып, II тоқсан )

  Астана алған асулар  (1-нұсқа) (6 сынып, II тоқсан )

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Астана – мәдениет пен өнер ордасы
Сабақтың тақырыбы: Астана алған асулар (1-нұсқа)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 6.3.4.1 эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу, келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу («келісу, келіспеу» эссесі).
6.2.1.1 мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты анықтау, түсіндіру.
Сабақтың мақсаттары: Тақырыптан ауытқымай, абзацтарын құрастырып, көтерілген мәселеге өз көзқарасымен (келісу, келіспеу) эссе жазу. Мәтіннен негізі және қосымша ақпаратты анықтау.
Сабақ барысы:Қызығушылығын ояту
Оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын арттыру үшін жаңа сөздермен жұмыс жүргізеді.
Тапсырманың орындалу алгоритмі:
 оқушылар сабақтың тақырыбына сай жаңа сөздерді сөзтізбекті шешу арқылы анықтайды;
 әр оқушы жеке орындайды;
 әр оқушы бір жаңа сөз атайды;
 сөздер тақтаға жазылады;
 мұғалімнің көмегімен әр сөздің мағынасын түсініп алады.
Сөзтізбектің нәтижесінде мынадай сөздер шығуы тиіс:
Жетістік – қол жеткізген табыс
Табыс - жетістік
Марапат – сый-құрмет
Мәртебе - құрмет, атақ, абырой
Құрмет - сый
Халықаралық – бірнеше елдер арасында өтетін байқау
Байқау – жарыс, сайыс
Бүкіләлемдік - бүкіл әлем қатысатын сайыс
Сәулетші - архитектор
Баға – құн
Мұғалім сабақтың тақырыбын хабарлайды. Сабақ мақсатымен таныстырады. Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып, сабақтың бағалау критерийлерін әзірлейді.
Жазылым алды тапсырма
«Дауыстап ойлау» әдісі
Тапсырманың орындалу алгоритмі:
1. Оқушылар жұппен жұмыс істеуге әзірленеді (жұпқа бөлінеді).
2. Жұпта берілген кестедегі мәліметті біреуі дауыстап оқиды, екіншісі тыңдай отырып ой түйеді.
3. Мәтіннен ұққандарын бір-біріне түсіндіреді.
4. Бірлесіп отырып бұл жетістіктердің Астанаға не үшін берілгенін анықтайды.
5. Жұпта «Астана қаласының осындай жетістіктерге, құрметке, марапатқа лайық болуына не себеп? деген сұрақты талқылайды.
«Астана алған асулар» мәтіні (кесте)
Қашан? Қандай жетістік? Қайдан алды?
1999 жылы 16 шілдеде Азия-Тынық мұхит аймағы бойынша жоғары награда ЮНЕСКО-ның «Қалалар бейбітшілік үшін» медалі мен Құрмет дипломы тапсырылды. Боливия астанасы - Ла-Пас қаласынан
2001 жылы «Сәулет-2001» халықаралық фестивалінде сәулетшілер академиясының үлкен Алтын дипломымен марапатталды. Мәскеу қаласынан
2003 жылы Бүкіләлемдік сәулетшілердің триенналында жаңа қаланың архитектурасы үшін Астана Күміс медаль иеленді Болгарияның София қаласы
2003 жылы Сәулетшілер фестивалінде «Бәйтерек» монументі үшін Гран-При және Алтын медаль табысталды. Бішкек қаласынан
Жазылым тапсырмасы
 Жазылым тапсырмасын «Иә, келісемін. Жоқ, келіспеймін» ойынынан бастайды (оқушылар айтылқан ойға қатысты «Иә, келісемін» немесе «Жоқ, келіспеймін» деп жауап береді және неліктен келісетінін, келіспейтінін негіздейді).
 Оқушыларға «Астана қаласы әлемдік марапатқа лайықты ма?» деген тақырыпта эссе жазу тапсырылады. Сөз саны 35-40 сөз.
Жазылымнан кейінгі тапсырма
Жазған жұмыстарын «Конвейер» әдісімен тексереді.
• Оқушылар шеңбер бойымен тізіліп отырады.
• Жазған эсселерін сағат тілі бағытымен бір-біріне береді.
• Бір-бірінің эссесін мұқият оқып, «1 тілек, 1 ұсыныс» арқылы бағалайды.
Дескриптор:
- эссеге қажетті ақпаратты анықтайды;
- мәселеге байланысты көзқарасын негіздейді;
- эссе құрылымын сақтайды.
Өзара бағалау
Сынып оқушыларының «Конвейер» әдісі кезіндегі ауызша кері байланысы мынадай сұрақтар арқылы жүзеге асады:
 Тапсырма шартына сай, бірақ шығармашылықты қажет ететін ...
 Әлі де негізгі бөлімін/кіріспесін/қорытындысын жетілдіре түсу ...
 Креативті эссе ... бірақ көркем тіл жетіспейді. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 787



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі