Астананың бойтұмары – «Бәйтерек» (1-нұсқа) (6 сынып, II тоқсан )

  Астананың бойтұмары – «Бәйтерек» (1-нұсқа) (6 сынып, II тоқсан )

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Астана – мәдениет пен өнер ордасы
Сабақтың тақырыбы: Астананың бойтұмары – «Бәйтерек» (1-нұсқа)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 6.1.4.1 – мәтіннің құрылымдық ерекшелігіне назар аудара отырып, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау.
Сабақтың мақсаттары: Мәтіннің құрылымдық ерекшелігін ескеріп сұрақтар қою арқылы негізгі ойды анықтайды.
Сабақ барысы: Қызығушылығын ояту
Оқушыларға тақтадан екі сурет көрсетіледі.
- Осы екі суреттің қандай байланысы бар? (немесе екі суретті өзара байланыстыра алар ма едің?)
Мұғалім әр оқушының пікірін ескеріп жауаптарын қорытындылайды және сабақтың тақырыбын хабарлайды. Сабақ мақсатымен таныстырады. Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып, сабақтың бағалау критерийлерін әзірлейді.
Сынып оқушыларын бір топта төрт-бес адам болатындай етіп, бірнеше топқа бөледі. Сабақ мазмұнына сай сурет қиындылары арқылы бірнеше топқа бөледі.
Оқылым алды тапсырма
«Шашылған сөйлемдер»
Тапсырма топпен орындалады. Әр топқа бір сөйлемнен беріледі. Шарты бойынша берілген сөйлемдердегі сөздердің орнын реттейді.
1. әулие ағаш Ата-бабаларымыз жалғыз өскен киелі ағаш далада жапан деп санаған ағашты.
2. кесуге Оны, қандай да бір зақым тыйым келтіруге салған.
3. Саясында ескерткен демалып, ұйықтауға да ұзақ отырып болмайтынын.
4. Жалғыз өскен жанында ұзақ болсаң, жалғыздықтың нышанына ағаштың сол ағаштай сопиып балаған жалғыз қаласың деп.
5. қасиетті санап, түзде жайқалып өскен Құла жалғыз ағашты жанында түнеп, байлайтын болған шүберек.
Оқылым тапсырмасы
1-қадам. Мәтінді түсініп оқиды. Жеке оқуға 5 минут беріледі.
2-қадам. «Журналистік сұрақтар» кестесі. Кестені толтыруға 7 минут беріледі. Оқушылар өзіндегі оқылым мәтіні бойынша төмендегі сұрақтарға ақпараттарды іріктей отырып, кестені толтырады. Мәтіннің әр абзацына тақырып қояды. Топ ішінде талдайды (3 минут).
Сұрақтар Жауаптар
Не?
Қашан?
Қайда?
Неге?
Қалай?
Оқылымнан кейінгі тапсырма
«Төрт сөйлем»
Оқушылар топта жүргізілген талқылауды қорытындылап, мәтіннің негізгі ойын төрт сөйлем арқылы білдіреді.
1. Пікір. Мәтіннің негізгі ойын жазады.
2. Дәлел. Пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді.
3. Мысал. Пікірін өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді.
4. Қорытынды. Пікірге бір сөйлеммен қорытынды жасайды.
Дескриптор:
- сұраққа жауап береді;
- абзацқа тақырып қояды;
- негізгі ойын анықтайды, талдайды.
Бағалау. Мұғалім «Температураны өлшеу» әдісі бойынша оқушыларға «Біз не істеп жатырмыз?» деп сұрақ қойып, тапсырманы қаншалықты түсінгендіктерін, жұмыс бағытын бағдарлайды. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 292



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі