» » » » Қазақ тілінен сабақ жоспары: Бейбітшілік және келісім сарайы (2-нұсқа) (6 сынып, II тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Бейбітшілік және келісім сарайы (2-нұсқа) (6 сынып, II тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Бейбітшілік және келісім сарайы (2-нұсқа) (6 сынып, II тоқсан ) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: Бейбітшілік және келісім сарайы (2-нұсқа) (6 сынып, II тоқсан ) на казахском языке
Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Астана – мәдениет пен өнер ордасы
Сабақтың тақырыбы: Бейбітшілік және келісім сарайы (2-нұсқа)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)6.2.3.1. ауызекі сөйлеу этикеттері мен көркем сөйлеудің құрылымдық және жанрлық ерекшеліктерін ажырату.
6.4.3.1. неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу
Сабақтың мақсаттары: Ауызекі сөйлеу мен көркем сөйлеуді жанрлық белгілеріне қарай ажырату.
Термин сөздердің қолданылатын орындарын білу.
Сабақ барысы: Қызығушылығын ояту
Мұғалім оқушыларға Бейбітшілік пен келісім сарайы туралы мәліметтерді айтады, бірақ ғимараттың атын атамайды, оны оқушылар өздері болжап табулары тиіс. Сөйтіп сабақ тақырыбын ашады.
Мәліметтер:
- Ол – Қазақстан жеріндегі бірлік пен достастықтың, бейбітшілік пен ынтымақтастықтың белгісі.
- Ол – тұңғыш президентіміздің идеясымен салынған ғимарат.
- Оның күмбезі әйнекпен жабылған.
- Күмбезі түнде маяк сияқты жанып тұрады.
Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, тақырыпқа болжам жасайды. Мұғалім оқушылардың пікірлерін қорыта келе сабақтың тақырыбын анықтауға бағыттайды.
Сабақ тақырыбы анықталғаннан кейін сабақ мақсатымен таныстырады.
Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып, сабақтың бағалау критерийлерін әзірлейді.
Оқылым алды тапсырма
Оқылым алдындағы екі тапсырма да «Үштік» стратегиясымен орындалады.
Мұғалім сынып оқушыларын қабілеттері мен мінез ерекшеліктеріне қарай үш-үштен топқа бөледі.
1-тапсырма
Әр топқа термин сөздердің анықтамасы мен мысалдары жазылған таратпа қағазды береді. Топтағы оқушылардың біреуі термин туралы мәліметті ортадан төмен дауыспен оқиды, екіншісі тыңдайды, үшіншісі жазып алады. Аяқтаған соң үшеуі мәтіннен түсінгендерін ортаға салып пікірлеседі.
2-тапсырма
Көркем сөйлеудің белгілері:
- бейнелі сөздер көп қолданылады;
- тіл байлығы кең;
- эстетикалық тәрбие береді.
Ауызекі сөйлеудің белгілері:
- сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі сақталмайды;
- сұраулы, лепті сөйлемдер қолданылып, диалогқа құрылады;
- ым-ишара қосылып қолданылады;
- дыбыстар түсіріліп айтылады.
Оқылым тапсырмасы
Тапсырма «Ойлан/жұптас/бөліс» әдісімен орындалады.
1. Әр оқушыға «Бейбітшілік пен келісім сарайы» туралы екі стильде жазылған мәтін таратылып беріледі. Оқушы мәтіндерді оқып, қайсысы көркем сөйлеу мен ауызекі сөйлеудің үлгісі екенін ажыратады. Содан кейін жұбымен бірге талқылайды, топта нәтижемен бөліседі. Мұғалім жеке жұмыс жасауға 5 минут, жұппен жұмысқа 3 минут, топпен бөлісуге 2 минут уақыт белгілейді.
2. Мәтіннен термин сөздерді тауып, дәптерге жазады.
(архитектура, витраж, турист, этника, баспасөз)
1-мәтін (көркем сөйлеу мәтіні)
Бұл ғажайып сарай – қазақ жеріндегі бірлік пен достастықтың, бейбітшілік пен ынтымақтастықтың белгісі ғой. «Бас шаһарда пирамида тәріздес сарай бой көтерсе, әрі онда түрлі ұлт, дін өкілдері бас қосып, барша адамзатты бейбітшілік пен жақсылыққа жетелейтін шешімдер қабылдаса» деген идеяны айтты елбасы. Қандай көрегенділік десеңші! Бейбітшілік және келісім сарайы әлемнің түкпір-түкпірінен келетін Астана қонақтарының, туристердің қызығушылығын арттырып отыр емес пе?! Пирамиданың күмбезі – елімізде тұратын түрлі ұлт өкілдерін суреттейтін 130 ақ көгершін бейнеленген нағыз өнер туындысы атақты суретші Брайн Кларктың витражымен безендірілген. Сарай ішінде 1302 орынға арналған Опера залы, Atrium салтанат залы, «Бесік» конференция залы, көрме алаңдары, «Құланшы» галереясы, баспасөз орталығы, Астана қаласының этникалық мәдени орталықтары, Халықаралық мәдениеттер мен діндер орталығы, Түркі әлемінің академиясы орналасқан. Архитектурасы ерекше бұл ғимарат бас қаламыздың ғана емес, еліміздің көркіне айналды.
2-мәтін (ауызекі сөйлеу мәтіні)
Сая: Әли, сен Пирамадаға бардың ба?
Әли: Імм, қайсы?
Сая: Астанадағы ше?
Әли: Аа, иә-иә, бардым.
Сая: Саған ұнады ма?
Әли: Ол әлгі Египеттегі пирамидаға ұқсайды ғой. Бірақ біздің пирамиданың іші әдемі ғой, Сая? Ішінде неше түрлі гүлдер бар.
Сая: Ондағы лифті де қызық қой, иә. Қиғаш көтеріледі. Міндің бе?
Әлидің таңданғаннан көзі алақандай болып кетті: «Шын ба? Шын айтасың ба?»
Оқылымнан кейінгі тапсырма
«Ыстық орындық» әдісі қолданылады. Бірнеше оқушы екі мәтінді салыстыра талдаған жұмысын осы әдіс арқылы сынып алдында оқиды. Бұл әдіс сабақты бекітуде өте тиімді әрі сыныптастары оқушының жұмысын тыңдап, бірден кері байланыс бере алады.
Мұғалімнің бағалауы
Мұғалім бүгінгі сабақтан алған білімдері бойынша оқушыларға кері байланыс береді. Бағалау сындарлы кері байланысты қамтылуы тиіс.
Дескриптор:
- ауызекі және көркем сөйлеудің белгілерін тапты;
- жанрлық ерекшеліктерін ажырата алды;
- кем дегенде екі термин сөз тапты.....



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 211 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Қазақ тілінен сабақ жоспары:  Астананың бойтұмары – «Бәйтерек» (2-нұсқа) (6 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Астананың бойтұмары – «Бәйтерек» (2-нұсқа) (6 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Астананың көрікті жерлері (2-нұсқа) (6 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Астананың көрікті жерлері (2-нұсқа) (6 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Астананың көрікті жерлері (1-нұсқа) (6 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Астананың көрікті жерлері (1-нұсқа) (6 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Астана – мәдениет пен өнер ордасы Неологизм (6 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Астана – мәдениет пен өнер ордасы Неологизм (6 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары:  Астана – отанымыздың жүрегі  (1-нұсқа) (6 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Астана – отанымыздың жүрегі (1-нұсқа) (6 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ауызекі сөйлеу (2 сынып, I тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ауызекі сөйлеу (2 сынып, I тоқсан)
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Дене мүшелері - оқылым (1-сабақ) (1 сынып, 8 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Дене мүшелері - оқылым (1-сабақ) (1 сынып, 8 бөлім )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ауруханаға бару / дәрігерге қаралу №2 (1 сынып, 8 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ауруханаға бару / дәрігерге қаралу №2 (1 сынып, 8 бөлім )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ертегілер – қысқа фильмдерді көру «Үйшік» ертегісі (1-сабақ) (1 сынып, 6 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ертегілер – қысқа фильмдерді көру «Үйшік» ертегісі (1-сабақ) (1 сынып, 6 бөлім )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Саяхат Көлік – идеяларды түсіну (3-сабақ) (1 сынып, 5 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Саяхат Көлік – идеяларды түсіну (3-сабақ) (1 сынып, 5 бөлім )
Сабақ жоспары: Аңдар №1 (Қазақ тілі, 1 сынып, 4 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Сабақ жоспары: Аңдар №1 (Қазақ тілі, 1 сынып, 4 бөлім )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Менің отбасым №3 (1 сынып, 3 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Менің отбасым №3 (1 сынып, 3 бөлім )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Менің отбасым №1 (1 сынып, 3 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Менің отбасым №1 (1 сынып, 3 бөлім )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Сынып бөлмесінің үлгісі мен сызбасы (1-сабақ) (1 сынып, 2 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Сынып бөлмесінің үлгісі мен сызбасы (1-сабақ) (1 сынып, 2 бөлім )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Сынып бөлмесіндегі қауіпсіздік №1 (1 сынып, 2 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Сынып бөлмесіндегі қауіпсіздік №1 (1 сынып, 2 бөлім )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Танысу (1 сынып, 1 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Танысу (1 сынып, 1 бөлім )

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы, сабақ жоспары Бейбітшілік және келісім сарайы (2-нұсқа) 6 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Бейбітшілік және келісім сарайы (2-нұсқа), сабақ жоспары Бейбітшілік және келісім сарайы (2-нұсқа) 6 сынып қазақ тілі қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак тили кыска мерзимди сабак жоспары Бейбітшілік және келісім сарайы (2-нұсқа), Қазақ тілінен сабақ жоспары: Бейбітшілік және келісім сарайы (2-нұсқа) (6 сынып, II тоқсан )