» » » » Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстандағы көрікті жерлер (Науырзым қорығы) (6 сынып, I тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстандағы көрікті жерлер (Науырзым қорығы) (6 сынып, I тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстандағы  көрікті жерлер (Науырзым қорығы) (6 сынып, I тоқсан ) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстандағы  көрікті жерлер (Науырзым қорығы) (6 сынып, I тоқсан ) на казахском языке
Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Қазақстандағы көрікті жерлер
Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы көрікті жерлер(Науырзым қорығы)
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.4.2.1. Орфоэпиялық норма
Сабақтың мақсаттары: Екпіннің түрлерін (сөз екпіні, тіркес екпіні, логикалық екпін) сөз және сөйлем ішінде орынды қолдану.
САБАҚ БАРЫСЫ: «Науырзым қорығы» туралы слайдтан көрсетіледі.
Сабақтың тақырыбын болжау арқылы сабақтың тақырыбы айтылады, мақсаты мен күтілетін нәтижелер хабарланады.
Оқушылар қаламдары арқылы төрт топқа бөлінеді.
Ауызша әдеби сөйлеу тіліне сөзді орынды қолдану, сөзді дұрыс айту, екпінді дұрыс қою және т.б. ерекшеліктер тән. Орфоэпия гректің «orthos» (дұрыс, тура) және «epos» (тіл) деген екі сөзінің бірігуінен жасалған, қазақ тіліне аударғанда «дұрыс айту» деген мағынаны білдіреді. Орфоэпия ауызша сөйлеу тілінің ерекше құбылыстарын зерттейді, нақтырақ айтқанда, жазба тілде, әдетте, көрініс таппайтын дұрыс айту нормалары мен екпінді қарастырады.
Екпін — сөйлем ішіндегі кейбір сөздердің немесе сөз ішіндегі кейбір буын, дыбыстардың басқа тілдік бөліктерден ерекшеленіп, көтеріңкі айтылуы
Екпін сөз екпіні, ой екпіні, тіркес екпіні, дыбыс екпіні деп бөлінеді.
Дыбыс екпіні – көк түс; Сөз екпіні – қызыл түс; Тіркес екпіні – сары түс; Ой екпіні – жасыл түс.
Екпін туралы түсінік берілгеннен кейін Қостанай облысындағы көрікті жерлердің бірі – Науырзым қорығы туралы мәтіндер төрт топқа бөлініп беріледі.
1-топ:
Қазақстанның көрікті жерлерінің галереясында жазық далалы, бетегелі-жусанды алқапта орналасқан, 80 жылдан астам тарихы бар байырғы Науырзым қорығының алатын маңызы зор. 1931 жылы ұйымдастырылған бұл мемлекеттік қорық Қостанай облысының Науырзым және Әулиекөл аудандарында орналасқан.
Оған Тірсек, Сыпсың, Науырзым орман алқаптары мен Жаркөл, Ақсуат, Сарымойын көлдері енеді.
Қорық орналасқан аумақтың климаты континенттік; қысы - суық, ызғарлы; жазы - ыстық. Топырағы құмайтты. Мұнда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 700-ге жуық түрі өседі, жануарлар дүниесі де бай: сүтқоректілердің 40-тан астам, құстардың 250-дей, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 3 және балықтардың 10-ға жуық түрлері тіршілік етеді. Қорықтан аққу, безгелдек, дуадақ, ақ сұңқар, тарғақ сияқты саны жылдан жылға азайып бара жатқан құстарды кездестіруге болады.
2-топ:
Науырзым қорығы - республиканың солтүстiгiнiң басты және бiртума табиғи кереметтерiнiң бiрi. Қарағай ормандардың ғажайып сұлулығы еліктіреді, бірде күн шуағымен күмістей жылтыраған ағаштар, бірде оларды күңгірт басып алакөлеңкеге айналады. Тұмса жайлауды көктемде көкжиекке дейін таңғажайып гүлденген кілем басады, ал мамыр айында оның бетінде Шренк лалагүлдері пайда болады. Сонадайдан меруерттей үлкен және шағын айнакөлдер толқынданып, күмістей жарқырайды. Ғалымдар тілімен айтқанда, жайлаулы Қазақстанның табиғат кешендерінің эталоны, орман, жайлау және су-батпақ ландшафтарының бірегей үйлесімі.
Наурызым қорығының эмблемасы - аққу. Қорықтың символы бүркіт те бола алар еді - мұнда олардың 30 жұбы мекен етеді.
3-топ:
Қорықтың бірегейлігі - оның су-батпақты жерлері құстардың ең мықты миграциялық маршруттарында орналасқандығы және көші-қон құстардың патшалығы болып табылатындығы. Жүздеген мың арктика қаздары, үйректері, тырналары, балшықшылары және өзге де құстар көктемде және әсіресе күзде көлге ұшып келеді.
Жыртқыш құстар бойынша маман, орнитолог Тодд Катцнер Науырзымда жыртқыш құстардың тығыздығы әлемдегі ең жоғары екендігіне сенімді. Тодд бүркіттерді зерттейді, барлық ұяларын бес саусағындай біледі, әрбір құспен жеке таныс секілді, қорықтың өз адамына айналды. Өз зерттеулерінің нәтижелерін, бүркіт фотосуреттерін ғылыми журналдарда жариялайды және Қостанайға ұшып келу үшін маусымның басталуын асыға күтеді.
Науырзым қорығы ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізілген. Шетел ғалымдары қорықтың бірегей табиғатын зерттеуге үлкен қызығушылық танытып отыр.
4-топ:
Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы Орталық Азияда бірінші болып ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік табиғи мұра мәртебесін алған Қазақстандағы қорықтың бірі. Ақын тілімен айтсақ, ұшқан құс, жүгірген аң мекені. Көне қорық аумағында өсімдіктің 700-ге жуық түрі бар. Бүркіт, ақсұңқар, қарақұс, дала қырандары сияқты жыртқыш құстардың топтасқан, тығыз орналасқан жері де осы - Науырзым. Бірегей табиғи кешен - зерттеуші ғалымдар үшін таптырмас құнды қазына.
Науырзым қорығы - үнемі зерттеулер жүргізіліп келе жатқан аймақтардың бірі. Болашақта Науырзым қорығында бірыңғай биосфера аумағын ұйымдастырып, оның ғылыми-экологиялық маңызын арттыра түсудің пәрменді шараларын қолға алу қажет-ақ.
Кіріспе тапсырма: Мәтінмен танысып шығыңыздар. Мәтінде қажет деп тапқан жерлерге топта ақылдаса отырып, дыбыс екпінін қажетті түспен белгілеңіздер.
Тапсырманы қалай орындап шыққанын мұғалім бір қарап шығып, кері байланыс береді.
Негізгі тапсырма: 1) Мәтіндегі сөз екпінін тауып белгілеңіздер; 2) тіркес екпінін тауып белгілеңіздер; 3) Ой екпінін тауып белгілеңіздер. Қажетті түстермен белгілейді.
Топтардың жауап парақтары сағат тілімен алмастырылып, бір-бірінің жауаптарын тексереді. Әр топқа кері байланыс беріледі.
Қорытынды тапсырма: Мәтіннен үш хабарлы сөйлемді таңдап, оларды сұраулы сөйлемдерге айналдырыңыздар. Сұраулы сөйлемдерге айналдыру барысында екпінді қоюда қандай ерекшелік байқағандарыңызды айтыңыздар.
Оқушылардың жауаптары тыңдалады, мұғалімнің кері байланысы беріледі. ....



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 218 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Климат өзгерісі  (7 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Климат өзгерісі (7 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Алтын орда мұрагері (6 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Алтын орда мұрагері (6 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Отбасындағы ананың рөлі (6 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Отбасындағы ананың рөлі (6 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Құндылықтарымызды сақтайық (6 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Құндылықтарымызды сақтайық (6 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстандағы  көрікті жерлер (Алтын Емел ұлтық саябағы) (6 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстандағы көрікті жерлер (Алтын Емел ұлтық саябағы) (6 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстандағы көрікті жерлер (Түркістан Шарын шатқалы Балқаш көлі Ақсай сынтастары Баянауыл ұлттық паркі) (6 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстандағы көрікті жерлер (Түркістан Шарын шатқалы Балқаш көлі Ақсай сынтастары Баянауыл ұлттық паркі) (6 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстандағы  көрікті жерлер (Бекет Ата жерасты мешіті Ақмешіт үңгірі) (6 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстандағы көрікті жерлер (Бекет Ата жерасты мешіті Ақмешіт үңгірі) (6 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстандағы көрікті жерлер (Хан Тәңірі Бурабай Байқоңыр Астана Алматы Балқаш көлі Түркістау Шымбұлақ) (6 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстандағы көрікті жерлер (Хан Тәңірі Бурабай Байқоңыр Астана Алматы Балқаш көлі Түркістау Шымбұлақ) (6 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстандағы  көрікті жерлер (6 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстандағы көрікті жерлер (6 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Майкл Харт «100 ұлы адам» кітабынан Альберт Эйнштейн (7 сынып, IV тоқсан, 2 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Майкл Харт «100 ұлы адам» кітабынан Альберт Эйнштейн (7 сынып, IV тоқсан, 2 бөлім )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әлемдегі ең танымал әлеуметтік желі (7 сынып, III тоқсан, 1 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әлемдегі ең танымал әлеуметтік желі (7 сынып, III тоқсан, 1 бөлім )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Уақыт өлшемдері (7 сынып, I тоқсан, 2 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Уақыт өлшемдері (7 сынып, I тоқсан, 2 бөлім )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ырыс алды - ынтымақ (5 сынып, IV тоқсан, 1 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ырыс алды - ынтымақ (5 сынып, IV тоқсан, 1 бөлім )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: «Қазақстан - құтты мекен» (5 сынып, IV тоқсан, 1 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: «Қазақстан - құтты мекен» (5 сынып, IV тоқсан, 1 бөлім )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Досы көпті жау алмайды (5 сынып, IV тоқсан, 1 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Досы көпті жау алмайды (5 сынып, IV тоқсан, 1 бөлім )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мекен және мезгіл үстеулері (5 сынып, I тоқсан, 3 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мекен және мезгіл үстеулері (5 сынып, I тоқсан, 3 бөлім )

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы, сабақ жоспары Қазақстандағы көрікті жерлер (Науырзым қорығы) 6 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Қазақстандағы көрікті жерлер (Науырзым қорығы), сабақ жоспары Қазақстандағы көрікті жерлер (Науырзым қорығы) 6 сынып қазақ тілі қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак тили кыска мерзимди сабак жоспары Қазақстандағы көрікті жерлер (Науырзым, Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстандағы көрікті жерлер (Науырзым қорығы) (6 сынып, I тоқсан )