Бабалар мұрасы Қара құлып (5 сынып, IV тоқсан )

 Бабалар мұрасы Қара құлып (5 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ғасырлар қойнауынан
Сабақ тақырыбы: Бабалар мұрасы. Қара құлып
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 5.1.4.1 тақырып бойынша дәлелдер келтіре отырып, өз ойын түйіндеп айту;
5.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша себеп-салдарын анықтауға және шешім табуға негізделген сұрақтар қою және жауап беру.
Сабақ мақсаттары:
*Тақырып бойынша өз ойымызды толық, түсінікті жеткізіп, мәтін мазмұны бойынша себеп-салдарын анықтауға және шешім табуға негізделген сұрақтар қойып үйренеміз.
Сабақ барысы: Қара құлып, сандық, шеге (сөздік жұмыс-осы сөздердің мағынасын бірлесе отырып ашу)
(Т.ж.) Берілген сөздер мен сөз тіркестерін
қолданып , критерий бойынша мәтін құрастыру.
Критерий:
1. Мәтіннің мазмұнына аты сәйкес.
2. Сөйлемдер бір-бірімен байланысты.
3. Мазмұны мен идеясы толық сәйкес келеді.
Әр топ өздерінің құрастырған мәтіндерімен таныстырады.
Мәтінді оқу (тиісті жерден тоқтап, болжау)
Қара құлып
Біздің үйде сыртын әшекейлеп сырлаған үлкен ала сандық бар. Сандықтың іші неше түрлі кәмпиттерге толы. Бірақ сол сандықтың аузында үлкен кісінің қос жұдырығындай қара құлып тұрады.Қара құлып мелшиген, тастай суық. Сүйкімсіз құлып. Өзі зілдей ауыр –ақ.Апам ол сандықты тым сирек ашады. Онда да үйге қонақ келе қалғанда дастарқанға жақсы кәмпит салу үшін ашады. Жайшылықта құмартып жүретін кәмпиттерді мен де тек сол уақытта жей аламын.Бір күні біздің үйге апамның бауыры келді. Ол кісі өзімен бірге Жақан деген баласын да ала келіпті. Жақан менен бірер жас үлкен. Біз мәре –сәре боп, қуанысып қалдық. Жақанның келгеніне әсіресе мен қатты қуандым. Апам шай әзірлеп, дереу әлгі сандағын ашты. Оның ішінен тәтті кәмпиттерден уыс –уысқып алып, дастарқанға салып жатыр. Менің жоғары жағымда сандыққа мойнын соза қарап отырған Жақан: Кәмпиттерің көп екен,-деп қояды.Сол күні түстен кейін Жақан екеуміз үйде оңаша қалдық. (ары қарай не болды деп ойлайсыңдар?) -Кел, кәмпит алып жейік, -деді Жақан.-Қара құлып ше?-Пішту, сөз бе сол да! –деп Жақан сирек тістерінің арасынан шырт еткізіп қойды. –Кәне, маған шеге тауып берші.Мен оған құлыпты бұзуға болмайтынын айтып едім, ол:-Әй, өзіңнің кәмпит жегің келе ме? –деді.-Иә.-Ендеше, неге тұрсың? Бар, тез бірдеңе әкел.Мен жүгіріп барып, қорадан шеге алып келдім. Жақан тағы да шырт еткізіп түкіріп қойып:-Қазір сенің қара құлпыңды ... –деді де, шегені құлыптың тесігіне салып жіберіп, бұралақтатып айналдыра бастады. Мен оның бұл ожарлығына қайран қалып қарап тұрмын. Қара құлып, өзі зілдей ауыр құлып ... Мәссаған, ашылды да кетті... Ала сандықтың ішіндегі орау –орау кәмпиттерге Жақан екеуміз қойын –қоншымызды толтырып алдық та, зытып тұрдық.Кешкісін апам қабағы түсіп, бізді жабырқау қарсы алды. Бірақ ұрыспады. Қара құлып, өзі зілдей ауыр құлып, ала сандықтың үстінде жатыр.-Апа, сандықтың аузын неге жаппайсың?-дедім мен бірде шыдай алмай. (апасы не деп жауап берді деп ойлайсыңдар? -Жауып қайтем, бәрібір сен құлыпты ашуды үйреніп алдың ғой, -деді апам. Ақылың бар болса, кәмпитті сұрап жерсің, ақылың жоқ болса, ұрлап жей бер.Мен не дерімді білмей, ұялып төмен қарадым. Содан былай ала сандықтың аузына құлып салынбайтын болды. Ал мен апамның рұқсатынсыз кәмпит алмайтын болдым. Енді бір күні қара құлып ешкімге керексіз болып, қораның бұрышында жатыр екен.
Сайын Мұратбеков.
Сергіту сәті
*Өздерінің құрастырған мәтіндері мен С.Мұратбековтың жазған мәтінін салыстырады.
*Ұқсастығы мен айырмашылығын табады. (Венн диаграммасын құрастырады)
*Дифференциация (өздерінің қалауы бойынша ұсынылған тапсырманың біреуін таңдайды)
* Мәтіннің мазмұны бойынша 3 себеп-салдарын анықтауға сұрақтар дайындайды.
* Мәтіннің ішінен кез-келген екі сөйлемге синтаксистік талдау жасау.
Үйге: оқу, Егер менде осындай сандық болса, мен онда ...сақтаушы едім... өйткені....эссе жазу
Рефлексия . .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 064



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?