Қазақстан жерінде өсетін пайдалы өсімдіктер (5 сынып, II тоқсан )

 Қазақстан жерінде өсетін пайдалы өсімдіктер (5 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан жерінде өсетін пайдалы өсімдіктер
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Ж4 Эссе жазу: Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазу
ӘТН 1 Орфографиялық норма:
Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу
Сабақтың мақсаттары:
Барлық оқушылар:
Жануарлар мен өсімдіктерді қорғау туралы эссе жазады, орфографиялық норманы сақтап жазады.
Көптеген оқушылар:
Эссенің бөлімдерін сақтай отырып, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау туралы эссе жазады, орфографиялық норманы сақтап жазады.
Кейбір оқушылар:
Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау туралы эссе жазады, орфографиялық норманы сақтап жазады.
Сабақ барысы: Қызығушылығын ояту кезеңі
«Кросеанс» әдісі арқылы берілген суреттерді байланыстырып, сабақтың тақырыбын анықтайды.
Сауалдар қою арқылы сабақтың тақырыбы анықталады:
• Берілген суреттер не туралы деп ойлайсыз?
• Суреттерді өзара байланыстырсақ қандай тақырып шығады?
• Берілген суреттің астарында қандай мағына жатыр?

«Ойлан-жұптас-бірік» әдісі арқылы төмендегі тапсырмаларды орындайды:
оқушылар төмендегі сауалдарды жұпта талқылайды:
1. Жануарлар мен өсімдіктерді не үшін қорғау қажет?
2. Жануарлар мен өсімдіктердің қандай пайдасы бар?
3. Өсімдіктер мен жануарларды қорғау үшін не істеу қажет?
4. Өсімдіктер мен жануарларды қорғайтын қандай іс-шараға куә болдыңыз?
2-тапсырма. Эссе құрылымын талқылайды.
Эссе негізгі 3 бөлімнен тұрады: кіріспе бөлім, негізгі бөлім және қорытынды бөлім.
Эссе құрылымы:
I. Кіріспе бөлім
1.Жалпы ой
2.Тезистік ой

ІІ. Негізгі бөлім
А.
Тақырыптық сөйлем
Қолдаушы сөйлем
Қолдаушы сөйлем
Қолдаушы сөйлем
Қорытынды сөйлем
В.
Тақырыптық сөйлем
Қолдаушы сөйлем
Қолдаушы сөйлем
Қолдаушы сөйлем
Қорытынды сөйлем
С.
Тақырыптық сөйлем
Қолдаушы сөйлем
Қолдаушы сөйлем
Қолдаушы сөйлем
Қорытынды сөйлем
Қорытынды бөлім
Негізгі ойларды қорытындылау және бір тұжырымға келу
Абзац:
1. Тақырыптық сөйлем
2. Қолдаушы сөйлем
3. Қолдаушы сөйлем
4. Қолдаушы сөйлем
5. Қорытынды сөйлем
Кіріспе бөлімі 2 ойдан тұрады: Жалпы пікір – оқырман көңілін аудару мақсатында жазылады және бірнеше сөйлемнен тұруы мүмкін; тезистік пікір – эсседегі талқыланатын негізгі ойлардан тұрады және ол тақырыптық сөйлемге ұқсайды. Яғни оқырманға эссе мазмұны туралы жалпы идеяны береді.
Негізгі бөлім – бір немесе бірнеше абзацтан тұрады. Әр абзацта бөлімдерге бөлінген тақырыпшалар дамытылады, ойлары талқыланып ашылады. Олардың саны бөлінген тақырыпшаларға байланысты.
Қорытынды бөлім- негізгі бөлімде талқыланған мәселелерді қорытып, бір тұжырымға келген сөйлемдерден тұрады.
Сонымен қатар, эсседе ойдың бірізділігі сақталуы тиіс. Жалғаулық шылаулар мен есімдіктер (сілтеу, жалпылау, т.б.) де орынды қолданылуы қажет.
Мысалы:
Тақырыптық сөйлем:
1.Майлы тағамдар асқазанға зиян.
Қолдаушы сөйлемдер:
2.Тағам ретінде оларды көп қолдану оның бұзылуына әкелуі мүмкін.
3.Кейбір жағдайларда семіздікке әкеліп соқтырады
4.Сонымен қатар, жүрек-қан тамырларына да әсері бар
Қорытынды сөйлем:
5.Денсаулықты күтудің ең басты жолдарының бірі – майлы тағамдарды аз қолдану
«Жануарлар мен өсімдіктерді қалай қорғауға болады?» деген тақырыпта эссе жазады. Эссе жазуда орфографиялық норманы басшылыққа алады.
«Карусель» әдісі бойынша оқушылар жұбының жұмысын бағалау критерийлеріне сай тексереді.
Бағалау критерийлері:
Жазылым мақсаты бойынша:
 эссе құрылымын сақтайды;
 тақырыптан ауытқымайды;
 эссе жазады.
Әдеби тілдік норма бойынша:
 орфографиялық норманы сақтайды;
емлелік қателер жібермейді......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 234



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі