№ 2-сабақ Қазақстанның Қызыл кітабы (5 сынып, II тоқсан )

 № 2-сабақ Қазақстанның Қызыл кітабы (5 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі
Сабақтың тақырыбы: № 2-сабақ. Қазақстанның Қызыл кітабы.
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: О1; Ақпаратты түсіну
Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсінеді, анықтайды;
ӘТН 2; Орфоэпиялық норма
Ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта біледі.
Сабақтың мақсаттары:
Барлық оқушылар: 1) мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтайды; 2) ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарын біледі.
Көптеген оқушылар: 1) мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды; 2) ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарын ескереді;
Кейбір оқушылар: 1) мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды, түсінеді; 2) ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта біледі.
Сабақ барысы: Қызығушылықты ояту
Сәлемдесу, сабаққа дайындық;
Бейнематериал тамашалау;
Сабақтың тақырыбын болжау, мақсаттары мен бағалау критетийлерімен танысу.
Оқылым алдындағы жұмыс
«Ақылды микрофон» стратегтясы арқылы оқушылармен сұхбат.
• Аң құстардың, өсімдіктердің қорықта болу себебі туралы не ойлайсыздар?
• Сирек кездесетін жануарлар, құрып бара жатқан өсімдік түрлері туралы не білесіздер?
Сынып екі топқа бөлінеді.
Оқылым алды жұмыс
1-тапсырма.
• Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты қалай анықтауға болады?
• Негізгі ақпараттың мәтіндегі орны қайда болады?
• Қосымша ақпараттар автор ойын ашуға қалай көмектеседі?
• Қандай ақпараттар қосымша ақпарат болып саналады?
2-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтаңыздар.
Мұғалім мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды білдіретін сөйлемдерді жеке парақшаларға жазып, араластырады. Оқушылар қайсысы негізгі, қайсысы қосымша ақпарат екенін, неге олай ойлайтынын топта талқылайды, түсіндіреді.
Оқушылар мәтінді тұтас көлемде оқып, негізгі ақпарат пен қосымша ақпарат туралы өз пікірлерімен салыстырады.
(Мәтіндегі негізгі ақпарат: «Қызыл кітап» - жәндіктер мен жануарларды қорғауға арналған мемлекеттік шара.
Мәтіндегі қосымша ақпарат. Міндет – «Қызыл кітапқа» тіркелген түрлер мен түршелерді ғана қорғау емес. Жергілікті жерлердегі белгісіз түрлерді тауып, зерттеу.)
Қазақстанның Қызыл кітабы
Қызыл кітап - жәндіктер мен жануарларды қорғауға арналған мемлекеттік шара. Қазақстан Республикасы Қызыл кітабына тіркелген жануарлар 5 санатқа бөлінеді.
I санат - жойылып бара жатқан түрлер мен түршелер;
ІІ санат - саны азайып бара жатқан түрлер мен түршелер;
ІІІ санат - сирек кездесетін түрлер мен түршелер;
IV санат - белгісіз түрлер мен түршелер;
V санат - қалпына келтірілген түрлер мен түршелер.
Міндет - Қызыл кітапқа тіркелген түрлер мен түршелерді ғана қорғау емес. Жергілікті жерлердегі белгісіз түрлерді тауып, зерттеу. Қызыл кітаптан тұңғыш рет жәндіктердің (омыртқасыз жануарлардың 105 түрі орын алды). Әсіресе бунақденелілердің (насекомые) ауыл шаруашылығына зиян келтіретін түрлері көп. Дақылдарда ауруға душар етеді, паразиттік жолмен өмір сүреді, түрлі аурулар таратады. Сондықтан оларға қарсы күрес шараларын ұйымдастырып, әдістерін пайдалана білу керек.
Республикамызда тек Сырдария өзенінің Арал теңізіне таяу су алабында тіршілік етеді. Ғылымға 1979 жылы ған белгілі болды Қазақстанда мекендейтін ең ірі денелі шекшек. Қанаты жоқ. Ол шырылдамайды және жыртқыш жәндік.Табиғатта кергілердің аталықтры көп кездеспейді, сол себепті олар партеногенезді жолмен көбейеді.
Оқылымнан кейінгі тапсырма
3-тапсырма. «Мен нені білдім...» әдісімен әр топ өз сұрақтарыңызбен жұмыс жасаңыздар, сөйлемді мәтін бойынша алған өз білімдеріңізбен толықтырыңыздар. Мыс:
-Мен ... білдім.
-Мен ... білдім.
Бағалау критерийлері:
1. Мәтіннен негізгі ақпарат пен қосымша ақпаратты анықтайды, өз пікірлерін білдіреді.
2. «Мен нені білдім...» әдісімен мәтін бойынша алған білімдерін атап көрсетеді;
3. Қызыл кітапты ашудағы мақсат туралы сөйлегенде, өз тәжірибелерімен байланыстырады;
4. Сөйлеу барысында ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпалды ескеріп сөйлейді.
Қалыптастырушы бағалау: топта.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 365



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!