Отбасы және отбасы мүшелері (5 сынып, I тоқсан )

 Отбасы және отбасы мүшелері (5 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Отбасылық дәстүрлер мен мерекелер
Сабақтың тақырыбы: Отбасы және отбасы мүшелері
Жүзеге асатын оқу мақсаттары: Т/А1. Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау.
Ж3. Сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастыру.
Сабақ мақсаты:
Барлық оқушылар: бағыттаушы сұрақтар арқылы тақырып бойынша жұмыс жасау, болжау, әңгіме құрастыру
Көптеген оқушылар: Оқушылардың көбі ақпараттар бойынша ойларын айту, салыстыру, сәйкестендіру, бағалау.
Кейбір оқушылар: Қабілеті жоғары оқушылар ұтымды ойлар айту, мәтін құрастыруда креативті идеялар жазу, астарлы мағынаны тану және бағалауда нақтылық көрсету.
Сабақ барысы: Оқушылардың қызығушылықтарын ояту. Сабақтың тақырыбын анықтау. Оқушылардың орындықтарына стикерлер жапсырылған. Сол оқушылар тапсырмаларды орындайды. Тапсырма – «Он сұрақ» әдісі
Бала, мейірім, әже, тәрбие, ана, отағасы осы сөздерді көпшілікке жасырады.
Дұрыс жауаптар арқылы сабақтың тақырыбын анықтаймыз.
Оқу мақсаты және бағалау критерийлерімен танысады.
1-тапсырма
ЖЖ (жұптық жұмыс)
Оқушыларға отбасы, отау, отағасы, отау иесі, қара шаңырақ, отбасы берекесі деген сөздер жазылған кесте беріледі. Оның мағынасын түсіндіруі тиіс.
Отбасы жанұя
Отау
Отау иесі
Қара шаңырақ
Отбасы берекесі
Жауап үлгісі: (ықтимал жауаптар)
Отбасы жанұя
Отау жаңадан тұрмыс құрып, енші алып бөлінген ұлдың үйі, отау үй
Отау иесі жеке шаңырақ иесі, кіші үйдің иесі
Қара шаңырақ ата-баба тұрған үлкен үй
Отбасы берекесі молшылық, ырыс
Бағалау: Мұғалімнің кері байланысы, оқушы жауаптарын бірлесе талқылау
2-тапсырма. ЖЖ (жұптық жұмыс)
Туыстық атауларды сәйкестендір.
Ана әкесінің әкесі
Әже өзінен жасы кіші ер адам
Әке бір атадан өрбіген туыстас адамдар
Аға аталас, ағайын жұрт
Іні жасы өзінен үлкен ер адам
Бауыр Отағасы
жамағайын әкесінің шешесі
Ата перзент сүйген әйел (шеше)
ұзатылған қыздан туған бала. Әйелінің әпке-сіңілілерінің күйеуі.
Қарындас қайын інінің әйелі
бажа ер адамдардан жасы кіші әйел
Ажын жиен
Абысын туысқан адамдардың қыздарынан туған бала
Бөле қайын ағаның әйелі
Төркін тұрмысқа шыққан қыздардың ата-ана , ел-жұрты
Жиеншар жиеннен туған бала
Бағалау: жұптар өзара бір-бірі тексеріп бағалайды. 80%-дық үлестің орындалуы.
3-тапсырма. Ж (жеке жұмыс)
Оқушылар бес-бестен жұмыс жасайды. Бірақ олар топ құрамайды, жеке жұмыс жасайды. Бір қатарда отырған 5 оқушыға жоғарыдағы бес түрлі сурет ұсынылады. Суреттер партада жатады, оқушылар сағат тілімен қозғала отырып, төмендегі тапсырманы орындайды.
Мысалы, 1 оқушының әрекеті:
1-қадам. Алдындағы суретке ат (тақырып) қояды
2-қадам. (келесі суретке барады да), суретке байланысты екі сын есім жазады.
3-қадам. (келесі суретке барады да), суретте бейнеленген үш құндылық жазады.
4-қадам. (келесі суретке барады да), суреттің астарлы ойын сипаттап, тұжырым жасайды. (мақал-мәтелмен немесе нақыл сөз арқылы)
5-қадам. (келесі суретке барады да), өзінің алдындағы 4 оқушының жазған мәліметтерін біріктіріп жинақтай отырып, мәтін құрастырады.
Жазған мәтіндерін сынып алдында таныстырады.
Бағалау: оқушылар 3-2-1 әдісі арқылы бір-бірінің жұмыстарын бағалайды.
3- мәтіннің мазмұынын ашатын 3 ұғым;
2- мен үшін қызықты болған 2 мәлімет;
1 – 1 ұсынысым
(бағалаудың жүзеге асу реті: 1 сурет бойынша сыныпта 4 оқушы мәтін құрастырады. Бірдей сурет бойынша мәтін құрастырған оқушылар бір-бірінің жұмысын бағалайды. ).....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 865



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?