» » » » Қазақ тілінен сабақ жоспары: Кенже ұл- қара шаңырақ иесі (5 сынып, I тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Кенже ұл- қара шаңырақ иесі (5 сынып, I тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Кенже ұл- қара шаңырақ иесі (5 сынып, I тоқсан ) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: Кенже ұл- қара шаңырақ иесі (5 сынып, I тоқсан ) на казахском языке
Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер.
Сабақтың тақырыбы: Кенже ұл- қара шаңырақ иесі
Жүзеге асатын оқу мақсаттары: О5 Мәтін бойынша сұрақтар құрастыра білу. Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру.
ӘТН1 Орфографиялық норма. Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу. (сөздік диктанты)
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар: мәтін мазмұнын түсінеді.
Көптеген оқушылар: мәтін мазмұнын түсінуге бағытталған және нақты ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыра алады.
Кейбір оқушылар: Сөздердің синонимін тауып, талқылауда өз пікірін сенімді білдіреді.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру.
Сөздік диктанты жазылады. Оқушылар жуан сөздерді бір бағанға, жіңішке сөздерді бір бағанға бөліп жазады.
Сөздік диктанты
Кенже ұл, қара шаңырақ, иесі, құндылық, міндет, туыс, ата-ана, үлкен үй, отбасы, келін, отағасы.
Осы сөздер арқылы сабақтың тақырыбы анықталады.
Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері, дескрипторлар талданады.
Оқылым алды тапсырмасы.
Сұрақтарға жауап беру:
Қара шаңырақ дегенді қалай түсінесіңдер?
Қазақ отбасындағы қандай дәстүрлерді білесіңдер?
Ең кенже баланың отбасындағы міндеті не деп ойлайсыңдар?
Оқушыларға мәтін таратылады. Оқушылар мәтін мазмұнын түсініп оқиды.
Шаңырақ – қазақ танымында киелі ұғым. Отау болып, үй тігуді «шаңырақ көтеру» дейміз. «Шаңырағың биік болсын!» деп ізгі ниетімізді білдіріп те жатамыз. Баршамызға белгілі «шаңырақ» сөзі «үй, отбасы» деген мағынаны білдіреді. Халқымыздың ұғымында шаңыраққа ие болу кез келгенге бұйырмас бақыт. Ата-анасының ақ батасын алып, сол шаңырақтың түтінін түзу түтетуге бар ықыласымен тырысады. Өйткені шаңырақ – киелі мекен.
Қазақ отбасында кенже ұл – қара шаңырақ иесі. Қазақта кенже ұл ерекше мейіріммен өседі. Оған бала күнінен «шаңырақтың иесі» деген ұғымды құлағына құйып өсіреді. Атадан қалған ұяның жылылығын ұстау шаңырақ иесі – кенже балаға жүктелер міндет.
Әрбір ата-ана әр баласын саналы болса екен деп тілейді. Оның ішінде кенже балаға ерекше ықыласпен қарайды. Отбасының ұйытқысы болатын да сол кенже бала. Қара шаңырақтың іргесінің берік болуы тікелей «кенже балаға» байланысты. Қара шаңырақ –үлкен үй, ата-ананың үйі. Әдетте, қара шаңыраққа отбасының балалары, туыстары жиналады. Кенже баланың үлкен бауырлары қамқорлықпен қарайды. Кенже келіннің де атқарар міндеті зор. Шаңырақ пен ондағы әрбір құндылық кенже баланың арқасында өз жалғастығын үзбейді.
Оқылым кезіндегі тапсырма.
Оқушылар шеңбер ойынын ойнайды. Олар ішкі шеңбер, сыртқы шеңберде тұрып, оқыған мәтіндерінің мазмұнына байланысты сұрақтар қояды. Ішкі шеңбердегілер сыртқы шеңберде тұрғандарға сұрақтар береді. Кейін ауысады.
ҚБ. Мұғалімнің кері байланысы.
1-тапсырма.
Мәтіндерді ой бөліктеріне бөліп, ат қояды.
2-тапсырма. Әр ой бөлігіне қойылған тақырыпшаларды абзацтармен сәйкестендіру тапсырмаларын құрастырады.
ҚБ. Жұптар бір-бірімен алмасады. Кері байланыс береді.
3-тапсырма.
Оқушыларға мәтінге байланысты (мықты,ойлы,перзенттері) сөздері беріледі. Олар мәтіннен осы сөздердің синонимін тауып, басқа оқушылардын жауабын білу үшін сұрақтар құрастырады.
ҚБ. (Дұрыс жауаптар бойынша оқушылар бір -бірінің жұмыстарын тексереді.)
Оқылымнан кейінгі тапсырмалар.
Оқушыларды топқа бөлу. Отбасына байланысты мақал-мәтелдерді құрастыру арқылы топқа бөлінеді.
1-топ. Ағайын тату болса, ат көп,
Абысын тату болса ас көп.
2-топ. Інісі бардың тынысы бар,
Ағасы бардың жағасы бар.
3-топ. Балалы үй базар,
Баласыз үй қу мазар.
4-топ. Атаның көңілі балада,
Баланың көңілі далада.
Оқушылар топта отбасындағы кенже ұлдың міндеттерін кеңірек талқылайды? Өзіндік ойларын білдіреді.
( Мысалы, ата- анадан қалған мұраны сақтау, қадірлеу, жаңарту, бауырлары келгенде жақсылап қарсы алу т.б).
(Мұғалім әр топты тыңдап, кері байланысын беріп отырады)......



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 220 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...
Читайте также
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Вел Баркер кубогын алған тұңғыш қазақ (6 сынып, III тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Вел Баркер кубогын алған тұңғыш қазақ (6 сынып, III тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Хан Кене (6 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Хан Кене (6 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Тәрбие – тал бесіктен  (6 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Тәрбие – тал бесіктен (6 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Тіл үйренейік (5 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Тіл үйренейік (5 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Өмірдің иесі – ана  (5 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Өмірдің иесі – ана (5 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Бесікке бөленген сәби (5 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Бесікке бөленген сәби (5 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ана тәрбиесі (5 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ана тәрбиесі (5 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №8 сабақ Мәтінмен жұмыс (3 сынып, IV тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №8 сабақ Мәтінмен жұмыс (3 сынып, IV тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Бақылау диктанты (3 сынып, III тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Бақылау диктанты (3 сынып, III тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №46-сабақ  Түбір мен қосымша (3 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №46-сабақ Түбір мен қосымша (3 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 12-сабақ Пайымдау мәтінін құраймын (3 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 12-сабақ Пайымдау мәтінін құраймын (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 11-сабақ Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 11-сабақ Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы, сабақ жоспары Кенже ұл- қара шаңырақ иесі 5 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Кенже ұл- қара шаңырақ иесі, сабақ жоспары Кенже ұл- қара шаңырақ иесі 5 сынып қазақ тілі қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак тили кыска мерзимди сабак жоспары Кенже ұл- қара шаңырақ иесі, Қазақ тілінен сабақ жоспары: Кенже ұл- қара шаңырақ иесі (5 сынып, I тоқсан )