Жаңа жыл – отбасылық мереке (5 сынып, I тоқсан )

 Жаңа жыл – отбасылық мереке (5 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер.
Сабақтың тақырыбы: Жаңа жыл – отбасылық мереке
Жүзеге асатын оқу мақсаттары: Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін (компрессия) жазу.
ӘТН5. Пунктуациялық норма. Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің тыныс белгілерін дұрыс қолдану.
Сабақтың мақсаты:
Оқылым материалдары бойынша негізгі ақпаратты сақтай отырып, жинақы мәтін жазу.
Төл сөз, автор сөзінің тыныс белгілерін дұрыс қолдану.
Барлық оқушылар:
Мәтін мазмұнын түсінеді, лексикалық минимумды тілде орынды қолданады. Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтайды.
Көптеген оқушылар:
Мәтінге компрессия жасай алады, төл сөзде қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданады.
Кейбір оқушылар:
Мәтінді компрессиялауда өзіндік стильді қолданады.
Сабақ барысы: Сәлемдесу.
Оқушылар карточканы таңдап, алты топқа бөлінеді.
АТАҢ - дана қорғаның
ӘКЕҢ- өмір тірегің АҒАҢ - қамқор асқарың
ӘЖЕҢ- асыл ардағың
АНАҢ – күнің, жүрегің ІНІҢ - мөлдір аспаның
Оқушылар өлең жолдарын тиісті сөздермен толықтырып, сабақтың тақырыбын анықтайды.
Ақ таяғын ... (таянып),
Таңмен бірге ... (оянып)
Аяз ата ... (келіп тұр)
Ақ күпіге ... (оранып),
Ал балалар ... (билейік),
Ойнайық та, ... (күлейік).
Мұғалім шәкірттерді оқу мақсатымен және бағалау критерийлерімен таныстырады
1. «Еркін микрофон» ойыны. Оқушылар шеңбер бойына тұрады. Қолына микрофон ұстап (картоннан қиып жасауға болады), берілген мақалдар мен сөз тіркестерді қолданып, қазақ отбасында қалыптасқан дәстүрлер мен құндылықтар туралы ой бөліседі.
Мақалдар мен тіркестер:
Абысын тату болса, ас көп.
Ағайын тату болса, ат көп.
Қара шаңырақ – киелі ұғым.
Әке – әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы.
Отанасы – отбасы ұйытқысы.
Әке көрген – оқ жонар, шеше көрген – тон пішер.
Қыркүйек айының екінші жексенбісі – Отбасы күні.
2. Төмендегі мәтіндерді оқып танысады
Ахмет қазақ отбасындағы жаңа жылды - Наурызды қалай тойлайтыны туралы ой бөлісті.
Қызыр түні Жаңа жыл табалдырық аттап, үйге енгенде, «жалғыз шала сәуле болмас» деп төрге қос шырақ жағылып қойылады. «Жаңа жыл мұнтаздай таза үйге кірсе, ол үй ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады» деген сеніммен Наурызға шейін үй ішіндегі жиһаз-мүліктің шаңы қағылып, жуылып тазартылады. «Жыл бойы ақ мол, дән тасқын-тасқын, жауын-шашын көп болсын» деп Қызыр түні ырысқа (бидай, тары, арпа, сұлы, жүгері т.б.) ыдыс атаулыны аққа (сүт, айран, шұбат, шалап, уыз, т.б.) және кәусар бұлақ суына толтырады.
Бұл түні ауыл бойжеткендері өздері ұнатқан жігіттерге арнап соғымның соңғы етін уызға салып пісіріп, «ұйқыашар» аталатын ерекше дәм дайындайды. Ал жігіттер мен бозбалалар болса, қыздардың қолақысының қарымтасына айна, тарақ, иіс судан тұратын «селт еткізер» сыйлықтарын ұсынады. Дәстүрлі сыйлықтағы айна – пәктік жастықтың, тарақ – әдемілік пен сұлулықтың иіссу – құлпырудың, жайнай түсудің белгісі.
Yamato мырза жапондық жанұясындағы дәстүр туралы айтты.
Жапонияда Жаңа жыл 1 қаңтарда атап өтіледі. Желтоқсан есік қағысымен қала көшелері жаңа жылдық ойыншықтарға, шыршаларға, Аяз Аталарға толады. Жаңа жыл түнінде ғибадатханада 108 соққы жасалады. Он екіден кейін барлық жапондықтар күле бастайды. Олар төрден орын алған жылға күлкі бақыт пен сәттілік әкеледі деп сенетін көрінеді. Олардың мерекедегі ең негізгі нышандары, бақыт бойтұмары – бамбуктен жасалған 10 см-1,5 м аралығындағы тырмалар. Бұндай тырма келер жылы бақытты жинап алу үшін әркімде болу керек.
Бхавин балалық шағында отбасында жаңажылдық мейрам қалай тойланғанын еске түсірді.
Үндістер тұратын жерлеріне қарай Жаңа жылды әртүрлі тойлайды. Жебесі жанып тұрған жылан – басты нышан. Ол жанып біткенде Жаңа жыл басталады. Солтүстік Үндістан тұрғындары өздерін қызыл, күлгін, ақ түсті раушан гүлдерімен сәндесе, Оңтүстік Үндістанда аналар тәттілерді, гүлдерді, шағын сыйлықтарды салған табақтарды дайындайды, таңертең балалардың көздері байланып, сол табақтың жанына алып келінеді. Орталық Үндістанда сарғыш түсті жалаушалар ілінеді. Ал Батыс Үндістанда Жаңа жыл қазан айының соңында атап өтіледі. Бұл кезде үй шатырларына шағын шырақтар жағылады.
Каллиопа да өз отбасындағы дәстүрмен таныстыруды асықты.
Грекияда тура сағат он екіде отағасы аулаға шығып, анар жемісін қабырғаға атады. Дәндері бақшаға шашырап кетсе, сол жылы отбасы берекелі, тату өмір сүреді. Грекияда Жаңа жыл мейірімділігімен танымал Ұлы Василий күні болып есептеледі. Балалар пеш түбіне аяқ киімдерін қойып, оған Ұлы Василий сый-кәде салады деп сенеді. Келген қонақтар өздерімен бірге дәу тас әкеліп, «үй иесінің байлығы осындай ауыр болсын» деп оны табалдырыққа тастайды. Ал кішкентай тас әкелген жағдайда «тіл-көзден сақтасын» деп тастап қояды екен.
София бала кезіндегі анасы пісірген тәтті бәліштің дәмін күні бүгінге дейін ұмытқан жоқ.
Болгарияда Жаңа жылды бүкіл отбасы мүшелері жиналып, мерекелік дастархан басында қарсы алады. Үйдің кенжесі шырша жанына барып, ән айтып, келген қонақтардың көңілін көтереді. Риза болған қонақтар оған сыйлықтар береді. Содан кейін отанасы сыйға толы тәтті бәлішті кеседі. Егер де тиын түссе, байлық, раушан бұтағы түссе, махаббат болады деп болжайды. Бұндай сыйға толы дәстүрлер Австралия мен Румыния елдерінде де бар.
Испандық досымыз Diego да отбасылық дәстүрмен ой бөлісті.
Отбасында салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды пір тұтатын жандар шырша жанындағы жүзімнен ауыз тию үшін орталық алаңға жиналады. Жаңа жыл келгенде, олар асығыс 12 жүзімді жеп, іштерінен армандарын айтады. Тез арада жеп біткен жағдайда, арман орындалады деген наным бар. Ал үйде қарсы алған жағдайда, әр тәрелкеге жүзім салып қояды.
Аннаның жанұясында Жаңа жыл қалай тойланады екен?!
Венгрияда Жаңа жылдың алғашқы секундтарында адамдар ысқыра бастайды. Қолымен емес, балаларға арналған ойыншықтарды қолданады. Олардың ойынша, ысқырықтың дауысы теріс күштерді қуып, қуаныш пен бақыт шақырады. Дастарқандарына фасоль мен асбұршақ (жан мен тәнді сақтаушы), алма (сұлулық пен махаббат күзетшісі), жаңғақ (кедейліктен сақтайды), сарымсақ (аурудан сақтайды), бал (өмірді тәтті етеді) қояды.
3. Оқылым бойынша төмендегі тапсырмалар орындалады:
- Мәтіннің ішіндегі негізгі ақпаратты қарындашпен белгілейді.
- Қарындашпен белгілеген мағлұматқа сүйеніп, көлемді мәтінді ықшамдайды (құрмалас сөйлемдердегі идеяны жай сөйлем арқылы жеткізеді, екі-үш сөйлемдегі негізгі ойды біріктіріп, бір сөйлем жазады т.б.)
Оқушылар ықшамдалған мәтіндерді дауыстап оқиды. Сыныптастары мәтіннің жаңа нұсқасы (копрессияланған) мен түпнұсқасын салыстырып баға береді.
Бағалау кезінде ескерілетін критерийлер:
- Негізгі ақпарат сақталған;
- Логикалық байланыс бар;
- Лексикалық минимумды тілде орынды қолданылуы
Мұғалімнің кері байланысы.
Кейіпкерлердің ойын төл сөз арқылы жеткізеді, яғни хабарлы сөйлемді төл сөзге айналдырады.
Мысалы:
Yamato мырза: «Біз Жаңа жылды 1 қаңтарда атап өтеміз. Қала көшелері жаңа жылдық ойыншықтарға, шыршаларға, Аяз Аталарға толады», - деп таныстырып өтті.
Оқушылар топ ішінде дәптерлерімен алмасып, бағалау критерийлері бойынша жұмыс нәтижесін өзара тексеріп бағалайды.
Бағалау критерийлері
• Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтай алады;
• Көлемді мәтін негізінде жинақы мәтін жазады;
• Төл сөз, автор сөзінің тыныс белгілерін дұрыс қолданады.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 214



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі