» » » » Қазақ тілінен сабақ жоспары: 1-сабақ Киіну Сән Талғам Оқшау сөздер (5 сынып, I тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: 1-сабақ Киіну Сән Талғам Оқшау сөздер (5 сынып, I тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: 1-сабақ Киіну Сән Талғам Оқшау сөздер (5 сынып, I тоқсан ) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: 1-сабақ Киіну Сән Талғам Оқшау сөздер (5 сынып, I тоқсан ) на казахском языке
Пәні: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Киіну. Сән. Талғам.
Сабақ тақырыбы: 1-сабақ Киіну. Сән. Талғам. Оқшау сөздер.
Сабақтың оқу мақсаттары: Т/А6 Сөйлеу мәдениетін дамыту. Коммуникативтік жағдаятқа сай эмоционалды сөздерді, дауыс ырғақтары арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін қолданып, диалогке даярлықсыз қатысу, өз пікірін білдіру
Сабақтың мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Эмоционалды сөздерді қосып, диалогке қатыса алады;
Оқушылардың көпшілігі:
Оқшау сөздерді еркін қолданып, диалогке дайындықсыз қатысады;
Оқушылардың кейбірі:
Эмоционалды-экспрессивті сөздерді еркін қолданып, диалогке дайындықсыз қатысады;
Оқшау сөздерді орынды қолданып, дербес ой білдіреді.
Сабақ барысы: Оқушылармен амандасу.
«Атомдар мен молекулалар» әдісімен 4 топқа бөлінеді. Шарты: әуен қойылып, оқушылар оған билейді, әр тоқтатқан сайын «Атомдар мен молекулалар1» деп әр түрлі сан айтылып, топтасады, қайта жалғасады. Мұғалім «4» деген санды айтқан кезде, бөлінген құрамы ұнаса, солай бөлуді ұсынады болмаса қалауынша жалғастырып барып, топқа бөледі.
«Бес қадам» ойынының шарты:
Ортаға табан іздері тасталады.Сыныптан 5 оқушы ойынға шығады. Әр оқушыға лексикалық тақырып бойынша бір сұрақ қойылады. Оқушы берілген табан іздерін баса отырып, жылдам жауап береді.
Сұрақ үлгілері:
– Ұлттық киімнің 1 түрін ата.
– Қысқы киімдердің 1 атауын айт
– Киім түрлеріне қатысты 1 мақал айт.
– Киімге қатысты 2 сын есім айт.
– Қыздардың 2 киімінің атауын ата.
Ал енді мына суреттерге қарап, бүгінгі сабақ тақырыбын болжап көріңіздер.
Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты таныстырылады.
Киіну. Сән. Талғам. Оқшау сөздер
Тыңдалым алды тапсырма
– Қалай киіну керек? Қалай ойлайсыздар?
– Кейбір адамдардың «Сәннен қалу – қатарыңнан қалу» деген сөзіне қалай қарайсыздар? Пікірлері тыңдалады.
– Бүгінде кішкентай балалардың киім үлгісі үлкендердің сән үлгісінен кем түспейді. Балақай, егер сен ең сәнді болғың келсе, «Таңшолпанның» кішкентай көрермендеріне арналған кеңесін ескер.
http://kaztrk.kz:8888/ru/node/4241 тыңдалымы тыңдалынады.
Ж/Ж. Тапсырма
– Қыздарға арналған қандай киім түрлерін кездестірдіңіздер?
– Қандай ер балаларға арналған киім үлгілерін байқадыңыздар?
– Қандай әшекей түрлері сөз болады?
Төмендегі кестені толтыру тапсырылады.
№ Қыздарға арналған киім атаулары Ұлдарға арналған киім атаулары Әшекей атаулары
Бағалау критерийі:
Әр түрінен кемінде 3 киім атауын жаза алады.
Топтық жұмыс. «Сәнбике немесе сәнгер болғың келе ме?» тақырыбында пікірталас ұйымдастыру. Әр топтан 1 сарапшы тағайындалады.
Сарапшылық бағалау.
Бағалау критерийі:
Дайындықсыз диалогке түсу;
Ойын дәлелді көркем (2 теңеу, 2 эпитет қолдану) жеткізу
С. Грамматикалық тақырып түсіндіріледі.
Оқшау сөздер
Оқшау сөздің түрі Ережесі Мысалы Тыныс белгілері
Қаратпа сөз Біреудің назарын өзіне аудару үшін қолданыла тын сөз. Самат, ертең сынақ болады. Ұялма, балам, жоғары шық. Ендігі кезек сенде, қарағым! Оқшау сөз сөйлемнің басында келсе, одан кейін үтір қойылады.
Қыстырма сөз Сөйлемдегі ойға қатысты сөйлеушінің түрлі көзқарасын білдіретін сөз. Меніңше, сенің айтқаның дұрыс. Бұларды, әрине, осы жерде жасауға болмайды. Өзі осында келген шығар, сірә?! Оқшау сөз сөйлемнің соңында келсе, оның алдынан үтір, соңынан леп белгі қойылады.
Қыстырма сөз түсіндірме сөз не сөйлем түрінде қолданылса, жақшаға алынып жазылады. Мысалы: Жақаң (менің әкем) ол кезде жас еді.
Одағай сөз Сөйлеуші нің түрлі көңіл-күйін білдіретін сөз. Қап, оны кеше сұрау керек еді. Қазақтың даласы, шіркін, кең байтақ қой! Аз сабыр етсең қайтер еді, ә?! Оқшау сөз сөйлемнің ортасында келсе, оның екі жағынан үтір қойылады.
Тапсырма. Оқшау сөздерді пайдалана отырып, 3 сөйлемді ауызша құрастыру тапсырылады.
Бағалау критерийі:
• 3 ықпал түрін, 3 оқшау сөзді қолданып, 3 сөйлемді дұрыс құрастыра алады.
Бағалау «Екі жұлдыз, 1 тілек» түрінде ұйымдастырылады.
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма
Жұпқа бөлінеді.
Жұптық жұмыс. Бейнефильм материалын пайдалана отырып, сөйлемдегі көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып шығады.
Мәтін
... бай Алдардың тоңудың орнына өлең айтып келе жатқанына таң қалып, сөзге тартты. Сондықтан да Алдар көсе байға ... солай жауап берген шығар. ... бай мақтанқұмарлығының себебінен аты мен тонынан айрылды. ... Алдар өлең айтып, байдың назарын өзіне аударды. ... тоңбау себебін қызықтыра түсіндірді. ... байдың шешінуіне себепкер болды. ... байдың бәйбішесі оны «тоналған» деп шошып кетті. Бай болса – өміріне риза.
Тапсырма. Мәтінді оқып, көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қою.
Керекті сөздер: Алдымен, біріншіден, ал, меніңше, ақырында, мүмкін, екіншіден.
Оқушылар жаттығуды орындап болған соң, топпен бірге талдайды. Керекті сөздердің қыстырма сөздер екендігіне назар аударып, тыныс белгісін еске түсіреді.
Бағалау критерийлері:
Қыстырма сөздерді орнымен қолданады;
Екі сөзден қателесуі мүмкін.
С. Оқушыларға қыстырма сөздерге байланысты ереже түсіндіріледі.
Қыстырма сөз – сөйлемдегі ойға айтушының көзқарасын білдіретін оқшау сөздің бір түрі.
Ой тәртібін
білдіреді Қуаныш,
аяушы лық,
өкінішті білдіреді Растау,
теріске шығару
мағынасын білдіреді Ойдың кімнен
шыққа нын білдіреді Күмәнді
ойды білдіреді
біріншіден,
екіншіден, алдымен,
ақырында бақытына қарай,
амал қанша, өкінішке орай сөз жоқ, әлбетте, шынында, бәсе меніңше,
оның айтуынша сірә, мүмкін, бәлкім
Сынып оқушылары қыстырма сөздерді қатыстырып, дайындықсыз ауызша диалог құрастырады.
С. «Қазіргі жастардың сән киімі қандай?» деген тақырыпта дөңгелек үстелде пікір алмасады. Олардың қыстырма сөздерді қолданып сөйлеуіне басты назар аударылады......



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 419 |


Социальные комментарии Cackle


Загрузка...
Читайте также
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Фастфуд тағамдары (7 сынып, III тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Фастфуд тағамдары (7 сынып, III тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Нәтиже сабақ Мен не үйрендім? №12 (3 сынып, IV тоқсан, 8 бөлім)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Нәтиже сабақ Мен не үйрендім? №12 (3 сынып, IV тоқсан, 8 бөлім)
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Демалыс мәдениеті №1 (3 сынып, IV тоқсан, 8 бөлім)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Демалыс мәдениеті №1 (3 сынып, IV тоқсан, 8 бөлім)
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Нәтиже сабақ (3 сынып, IV тоқсан, 7 бөлім)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Нәтиже сабақ (3 сынып, IV тоқсан, 7 бөлім)
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Бұлақ және өзен (3 сынып, IV тоқсан, 7 бөлім)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Бұлақ және өзен (3 сынып, IV тоқсан, 7 бөлім)
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Батыр туса-ел ырысы №3 (7 сынып, IV тоқсан, 3 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Батыр туса-ел ырысы №3 (7 сынып, IV тоқсан, 3 бөлім )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Сәлемдесу түрлері (1 сынып, 1 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Сәлемдесу түрлері (1 сынып, 1 бөлім )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Аспан денелері қалай зерттеледі?
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Аспан денелері қалай зерттеледі?

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы, сабақ жоспары 1-сабақ Киіну Сән Талғам Оқшау сөздер 5 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, 1-сабақ Киіну Сән Талғам Оқшау сөздер, сабақ жоспары 1-сабақ Киіну Сән Талғам Оқшау сөздер 5 сынып қазақ тілі қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак тили кыска мерзимди сабак жоспары 1-сабақ Киіну Сән Талғам Оқшау сөздер, Қазақ тілінен сабақ жоспары: 1-сабақ Киіну Сән Талғам Оқшау сөздер (5 сынып, I тоқсан )