№ 5 сабақ Ынтымақ күні (3 сынып, IV тоқсан )

 № 5 сабақ Ынтымақ күні (3 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Демалыс мәдениеті. Мерекелер»
Сабақ тақырыбы: № 5 сабақ Ынтымақ күні
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;
3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
-мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және жауап береді;
-мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтайды;
-мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді.
Оқушылардың көбі:
-мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және сұрақтарға жауап береді;
-мәтіннің тақырыбын, мұғалімнің қолдауымен ондағы негізгі ойды анықтайды;
-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді.
Оқушылардың кейбірі:
-мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және өз жауабын негіздеп жауап береді;
-мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтай алады;
-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді.
Сабақ барысы: (Т, Ұ) Ой қозғау
Мақал-мәтелдерді оқу.
Ырыс алды – ынтымақ
Бірлік болмай – тірлік болмас.
Ауылы бірдің – ауызы бір.
Алтау ала болса,
Ауыздағы кетеді.
Төртеу түгел болса,
Төбедегі келеді.
Тозған қазды
Топтанған қарға алады.
Ынтымақ түбі – бірлік.
-Мақал-мәтелдердің тақырыбын анықта.
-Бүгінгі сабақтың тақырыбы не туралы болуы мүмкін?
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлап, бағалау критерийлерін құрастыру.
Негізгі бөлім
3.2.3.1 (МК, Ұ, Т, Қ) Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру. Өзара бағалау.
Тапсырма 1. «Ынтымақ күні» өлеңін мәнерлеп оқу. Өлең мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру.
Ынтымақ күні
Жалауымда -
Нұрлы күн,
Нұрын шашып тұр бүгін!
Паш етеді ол
Халқымның
Ынтымағын, бірлігін!...
Ортақ – дәстүр, ғұрып бай,
Ынтымағын суытпай,
Шаңырағын көтерген,
Жүз түрлі ұлт
Жүз уықтай!...

Шыңға тартса салып жол,
Қиналмайды талып бел:
Жүз иыққа сүйенген,
Қазақстан –
Алып ел!
Өтепберген Ақыпбекұлы
Тапсырманы орындау критерийі құрастырылады:
1 Сұрақ өзіндік пікір білдіруге бағытталуы қажет.
2 Сұрақ мәтін мазмұнына сәйкес болуы керек.
3 Сұрақта менің ойымша, меніңше, өйткені, сондықтан сияқты көмекші сөздер болуы керек.
«Интервью» әдісі арқылы оқушылар бір-біріне сұрақ қояды және жауап береді.
Алдымен оқушылар топтасып бір сұрақ құрастырады. Бірінші топ екінші топқа, екінші топ үшінші топқа т. с.с. сұрақтарды арнап қояды. Әр топтың сұрақтары тақтаға жазылады. Сұраққа критерийлер бойынша жауап беру үшін оқушыларға уақыт беріледі.
Сергіту сәті! Бірлік ойыны.
Оқушылар шағын топ құрамында бір қолын жұдырыққа жұмып, бір мезгілде саусақтарын ашады. Мақсат: оқушылардың барлығы да бірдей саусақ санын көрсетуі керек. Ойын оқушылардың біркелкі саусақ көрсеткенге дейін жалғасады.
Ойын кезінде оқушылар сөйлеспеуі керек.
3.2.4.1 (Ө) «Ынтымақ күні» өлеңінің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау.
Мұғалім өлеңнің тақырыбы мен негізгі ойды анықтауда төмендегі сұрақтарды басшылыққа алады:
1. Өлең не туралы?
2. Неге бұл өлең «Ынтымақ күні» деп аталады?
3. Өлең мазмұны қандай мерекеге сәйкес келеді?
4. Ол мереке қалай аталады?
5. «Жүз түрлі ұлт - Жүз уықтай!...» дегенді қалай түсінесің?
(Т, Қ) Өлең мазмұнын талқылау
І топ ІІ топ ІІІ топ
Халықтың ынтымағын паш етеді Жүз түрлі ұлт - Жүз уықтай Қазқстан - алып ел
3.3.5.1 (Ө; Ж, Қ) «Еркін жазу» әдісі. Қатені табу және түзету.
«Ынтымақ күні» өлеңін мәнерлеп, қайталап оқиды. Мәтіннің мазмұнын есіне түсіріп, бірлік, ынтымақтастық сөздерін қатыстырып, әңгімелеу мәтінін құрап жазады. Құрастырған мәтінді өзара тексеру. Қателерді анықтау және түзету.
Құраған сөйлемдегі сөздерді сөз құрамына талдау......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 285



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады