№4-сабақ Наурыз көже мазмұндама жазу (3 сынып, IV тоқсан )

 №4-сабақ Наурыз көже мазмұндама жазу (3 сынып, IV тоқсан )

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мерекелер. Демалыс мәдениеті
Сабақтың тақырыбы: №4-сабақ. Наурыз көже мазмұндама жазу.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау
3.3.3.1* оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құрып, мазмұндама жазу;
3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
- жетекші сұрақтар көмегімен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;
- көрген материал бойынша бірлесіп жоспар құрады, үлгі бойынша мазмұндама жазады;;
- сұхбаттасының айтқанын тыңдап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысады
Оқушылардың көбі:
- тақырып пен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;
- тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша мазмұндама жаза алады;
- қызығушылықпен тыңдап, сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап сөйлейді
Оқушылардың кейбірі:
- сурет бойынша жасаған болжамын негіздей алады;
-жоспар құрып, көрген материал бойынша мазмұндама жаза алады;
- қызығушылықпен және комментарий айта отырып тыңдайды, түрлі жағдаяттарда жүйелі, сөйлеу мәдениетін сақтап сөйлейді.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар Наурыз мекересінде айтылатын баталарды еске түсіреді. Сынып алдында таныстырады.
Наурыз бата тілектері
Ұлыс ... болсын,
Ақ ... болсын,
Қайда барса, ... болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ... болсын!
Ұлыс ... берсін,
Бәле-жала ... енсін!
Жауабы:
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барса, жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жала жерге енсін!
Саралау. Оқушыларға қолдау көрсету мақсатында құрамында түсіп қалған сөздер кездесетін бата жолдарын ұсыну. Оқушылар бата жолдарын мағынасына қарай толықтыырп, есте сақтайды.
Қораң ... толсын,
Үйің ... толсын.
Оқу, ... үйреніп,
Жас балалар ... болсын!
Жауабы:
Қораң малға толсын,
Үйің жанға толсын.
Оқу, білім үйреніп,
Жас балалар адам болсын!
Сабақ мақсаты мен бағалау криттерийлерін белгілеу.
3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу
(Ұ) Ұсынылған жағдаятқа өз ойын жүйелі білдіру, дұрыс баға беру.
Жағдаят:
Наурыз мерекесі күні мұғалім оқушылардан бір-біріне тілек айтуларын сұрады. Айгүл қасындағы Сәнияға «Наурыз мерекесі құтты болсын! Өркенің өссін!» деп, әжесінен естіген тілек сөздерін айтты. Қалай ойлайсың, Айгүлдің айтқан тілек сөздері өз жасына лайық па? Сен қалай құттықтар едің?
Мұғалім оқушылардың тілек сөздерді дұрыс қолдануына, өзара қателерін тауып түзетулеріне мүмкіндік береді.
«Бір сөзбен жеткіз!» жаттығуы арқылы оқушылардың дұрыс интонация таңдауға дағдыландырылады.
Дескриптор
- жағдаятқа сай лексиканы қолданады;
- сұхбаттасының жасын ескереді.
3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер бойынша мәтіннің мазмұнын болжау (Ө, Ұ) «Наурыз көже» тақырыбы және берілген бейнесуреттер бойынша мәтіннің мазмұнын болжау. Болжаулары сынып ішінде жарияланады.
- сурет негізінде болжам жасай алады;
- жасаған болжамын суреттегі деталдар арқылы негіздей алады.
3.3.3.1* оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құрып, мазмұндама жазу; (Ұ,Т,Ө) «Наурыз көже» тақырыбындағы бейнематериалдың 0:56 -1: 40 уақыт аралығындағы үзіндісі көрсетіледі.
«Наурыз көже» тақырыбымен берілген бейнематериалдағы тірек сөздерді және ұсынылған жоспарды пайдалана отырып ауызша әңгіме құрау. «Білім аукционы» ойыны арқылы әр оқушы 1 тірек сөзбен сөйлем құрастырады. Сөйлемдерді өзара мағыналық байланыстыру тәжірибелік жұмысы жүргізіледі.
- Наурыз көженің негізгі құрамы неден тұрады?
- Наурыз көже пісірудің қандай мағынасы бар?
- Неліктен наурыз көже дәмді болады деп ойлайсың?
Бейнесуреттердегі тірек сөздер: құрт, күріш, бидай, тұз, айран, сүр ет, тары.
Жоспар:
1. Көптен күткен наурыз мерекесі.
2. Наурыз көженің дайындалуы.
3. Дәмді наурыз көже.
Жоспардағы әр бөлікке сәйкес мазмұнын ашатын сөйлемдер құрастыру, сөйлемдердің мағыналық байланысы қадағалау.
Өзіндік жұмыс. Жоспар бойынша мазмұндама жазу.
(Ұ,Қ) Жұмыстар көрмесін әзірлеу. «Галерея» әдісі. Оқушылар көрмені аралап, өз ұсыныстарын білдіреді. Сынып оқушыларының жұмыс қарқыны баяу болса, жазба жұмыстарын топ алдында таныстыра алады. Өзара мәтіндерін жетілдіруге ұсыныс айту.
Қателерді анықтау.
Қатемен жұмыс. Анықталған қате түрлеріне орай қатемен жұмыс ұйымдастыру. .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 532



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!