№3-сабақ Ұзынсары Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді қайталау (3 сынып, IV тоқсан )

 №3-сабақ Ұзынсары Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді қайталау (3 сынып, IV тоқсан )

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мерекелер. Демалыс мәдениеті
Сабақтың тақырыбы: №3-сабақ. Ұзынсары. Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді қайталау
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру
3.2.5.1 түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) берілген тақырып/сұрақ бойынша алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау
3.2.2.1 тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын
мөлшерін сақтап мәнмәтінде түсіну, сөйлеу барысында қолдану 3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
- тыңдаған мәтін бойынша тірек сөздерді белгілей біледі, мәтін мазмұны бойынша жабық сұрақтарға жауап береді;
- жаңа сөздердің мағынасын түсіндірме сөздікті қолдану арқылы түсіндіреді;
- тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын түсіндірме сөздік көмегімен ажырата біледі, сөйлеу барысында қолданады;
- көркем жазу талаптарын сақтайды
Оқушылардың көбі:
- тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілейді, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтарға жауап береді;
- жаңа сөздердің мағынасын түсіндірме сөздікті қолдану арқылы түсіндіреді, сөздерді сөз таптарына қарай топтастыра алады;
- тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын контексте ажыратады, сөйлеу барысында қолданады;
- көркем жазу талаптарын ескереді, жедел қарқынмен жазады
Оқушылардың кейбірі:
- тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілейді, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтар құрай алады;
- жаңа сөздердің мағынасын түсіндіреді, сөздерді сөз таптарына қарай топтастыра алады;
- тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын ажыратады, сөйлеу барысында орынды қолданады;
- көркем жазу талаптарын сақтайды, жедел қарқынмен жазады.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. (МК,Ұ,Т)
«Ой қозғау» әдісі «Наурыз мерекесі» туралы оқушылардың білгендері мен өмірлік тәжірибелерін қолдану мақсатында ұйымдастырылады. Ол үшін тақтаға Наурыз мерекесі мазмүнын ашатын сюжетті суреттер көрмесі ұйымдастырылады.
Оқушылар мәліметтермен қатар туындаған сұрақтарын да ұсынуына болады. Барлық мәліметтер тізімделген соң, сынып оқушыларымен бірге ұғым, түсініктер талқыланады.
Сабақ мақсаты мен оқу мақатын белгілеу. Бағалау криетрийлерін таныстыру, бағалау кестесін тарату.
3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру
(МК; Ұ; Ө) «Ұзынсары» мәтінін тыңдау. Мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру. Түсініксіз сөздер мен сөз тіркестерін анықтау.
Ұзынсары
Қысқы соғым орталана бергенде әжем: «Әлгі Ұзынсары келеді, мынау соның сыбағасы, оңаша тұрсын», - деп шытырлақ сары қазыны, май мен шұжықты керменің түкпіріне итеріп қояды. Сонда біз алабұртып: «Ұзынсары деген кім, қашан келетін қонақ?» деп ойлаймыз. Қымсына тұрып: «Ол кім, әже?» деп сұраймыз. «Асықпаңдар, боталарым. Жерге көк шығып, шелек сүтке толсын. Сонда сыбағасын аңдып Ұзынсары да жетеді», - дейді әжеміз күле жауап беріп.
Әжеміз айтқан сол Ұзынсарының көктем маусымы екенін кейін білдік. Қазақша наурыз –жыл басы. Бұл кезде күн ұзарады. Қыста жоғары көтеріле алмай, құлап жататын Күн енді өрмелеп, төбеге шығады. Осынау шуақты әрі батпай ұзақ тұратын көктем күнін қазақтар қадірлеп «Ұзынсары» деп ерекелете атаған. Оның мағынасы терең - «Ұлыстың Ұлы күні» деген сөз. Бұл күнді тойлау – халқымыздың ежелгі салты.
«Жыл он екі ай» кітабынан
(Ж) Тірек сөздерді белгілеу. Жабық сұрақтарға жауап беру.
Тірек сөздер: соғым, орталану, керме, сыбаға, көктем маусымы, Ұзынсары, батпай ұзақ тұратын көктем күні, Ұлыстың Ұлы күні, ежелгі салт.
Талқылау
Мұғалім тыңдалған материалдың мазмұнын оқушылар қаншалықты түсінгенін байқау мақсатында мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қояды:
1. Әжей не деді?
2. Балалар қандай сұрақ қойды?
3. Ұзынсары қай кезде келеді?
4. Ұзынсары деген не?
«Ұзынсары», «керме», «көк шығу», сөздері анықтама беру, «қымсыну», «шуақты», «орталана бергенде», «алабұртып» синониммен алмастыру, «салт», «шелек сүтке толсын» өмірден мысал келтіру тәсілдері арқылы түсіндіріледі.
Жабық сұрақтар:
1. Қысқы соғым дегенді қалай түсінесің?
2. Наурыздың жыл басы болу себебі неде деп ойлайсың?
3. Сендер бұл мерекені қалай тойлайсыңдар?
Ұлыс, сыбаға, қысқы соғым сөздерін түрлі дерек көздерінен табуға жағдай жасалады.
Ауыспалы мағынада тұрған басы, ұзарады, көтеріле алмай, құлап жататын, өрмелеп, шығады сөздерінің тура мағыналары таптырылады.
(Ө,Ж) Маңызды ақпаратты іріктеу. Берілген мәтіннен Ұзысары сөзінің мағынасын ашатын үзіндіні теріп жазу. Ауыспалы мағыналы сөздердің астын сызу.
Қазақша наурыз – жыл басы. Бұл кезде күн ұзарады. Қыста жоғары көтеріле алмай, құлап жататын Күн енді өрмелеп, төбеге шығады. Осынау шуақты әрі батпай ұзақ тұратын көктем күнін қазақтар қадірлеп «Ұзынсары» деп еркелете атаған.
Оқушылардың кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, көлбеу, үзбей және біркелкі жазуы қадағаланады.
Саралау
Каллиграфиясы бойынша жеке қолдауды қажет ететін оқушылармен жұмыс ұйымдастырылады.
(Ө,Қ) Наурыз мерекесіне шақырухат дайындау......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 164



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!