» » » » Қазақ тілінен сабақ жоспары: №1-сабақ Хат жазамыз Сөз таптарын қайталау (3 сынып, IV тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: №1-сабақ Хат жазамыз Сөз таптарын қайталау (3 сынып, IV тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: №1-сабақ Хат жазамыз Сөз таптарын қайталау (3 сынып, IV тоқсан ) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: №1-сабақ Хат жазамыз Сөз таптарын қайталау (3 сынып, IV тоқсан ) на казахском языке
Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мерекелер. Демалыс мәдениеті
Сабақтың тақырыбы: №1-сабақ. Хат жазамыз. Сөз таптарын қайталау
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;
3.4.2.4 негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау
3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен сызба, график, кесте, фотосуреттермен мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық, презентация т.б.) құрастыру
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
- мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтайды;
- сөз құрамы сызбасы негізінде негізгі және туынды зат есімдер мен сын есімдерді, етістікті анықтайды;
- үлгі негізінде тірек сөздерді қолданып, ашықхат мәтінін құрап жазады
Оқушылардың көбі:
- мәтіннің тақырыбын, мұғалімнің қолдауымен ондағы негізгі ойды анықтайды;
- негізгі және туынды зат есімдер мен сын есімдерді, етістікті ажыратады;
- үлгі негізінде ашықхат мәтінін құрап жазады
Оқушылардың кейбірі:
- мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтай алады;
- туынды зат есімдер мен сын есімдерді, етістікті жасай алады;
- ашықхат мәтінін өз бетінше құрай алады.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. «1 минуттық жазу» әдісі.
3.4.2.4 Негізгі және туынды сөз таптары туралы білімін еске түсіру. Оқушылардың тақырып аясында сөздік қор деңгейі анықталады, сауатты жазу қабілеті дамытылады.
1. Оқушылар «ана» сөзіне қатысты сөздерді 1 минут ішінде жазып шығады. Жазған сөз санын жай қарындашпен белгілеп алу ұсынылады.
2. 1 және 2 -нұсқада отырған оқушылар сынып бөлмесінің екі жағына топтасып, өз жазған сөздерімен бөліседі. Бір оқушы жазған сөздерін оқиды, тыңдап тұрған оқушылар өздерінің жазбасында сөз кездескен жағдайда белгілеп, болмаған жағдайда сөзді толықтырып жазып алады. Келесі кезекте оқушылар тек аталмаған сөздерді ғана оқиды. Топта идея алмасуға 2-3 минут уақыт беріледі. Жазған сөздері санын анықтайды. Сабақ тақырыбы болжатылады.
Сабақ мақсаты мен оқу мақсаты, бағалау критерийлері белгіленеді.
3.4.2.4 (Ж, МК, Қ) Оқушылар өзара дәптерлерін алмасып, бір бірінің жазуын тексереді. Қате кездескен жағдайда жай қарындашпен белгілеп, түзетуге мүмкіндік береді. Сынып оқушылары жіберген қателерді бақылап, классификация жасап, дер кезінде қатемен жұмыс ұйымдастыру міндетті болып табылады.
Талқылау
- Неліктен бұл сөзді ана сөзімен байланыстырасың?
- Ананың тағы қандай қасиеттерін атап толықтыруға болады?
- Анаңның қандай әрекеттерін байқайсыңдар?
- Анаңа қандай жақсылық жасауды парыз деп санайсың?
(Т) Оқушыларды 1-4 – ке дейін санау арқылы немесе көршілес парталар бойынша шағын топтарға топтастыру.
Сызба бойынша жазған сөздерді топтастыру. Өз жауаптарын таныстыру және негіздеу.
Зат есім Сын есім Етістік
Негізгі зат есім Туынды зат есім Негізгі сын есім Туынды сын есім Негізгі етістік Туынды етістік
Саралау
• Туынды сөздің сызбасы
• Туынды сөз тудырушы жұрнақтар кестесі
Жұрнақтар
Туынды зат есім Туынды сын есім Туынды етістік
-шы, -ші,
-кер,-гер, -гөй;
-паз,
-хана,
-...
-ды,-ді, -ты, -ті;
-шыл, -шіл,
-тай,-тей, -дай, -дей;
-қыш, -кіш, -гіш…,
-..., -та, -те,
-ла,-ле, -
-па, -пе, -ба - бе, -ма, -ме
-... ,

Топтар өзара орындалған жүмыстарды таныстыру барсында тыңдап, нақтылаушы сұрақтар қойып бағалайды.
Дескриптор:
- негізгі және туынды сөздерді ажырата алады;
- туынды сөздерді сөз құрамына талдайды;
- туынды зат есімді, туынды сын есімді, туынды етістікті анықтайды.
3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;
( МК;Ұ;Ө;Қ) Мәтінді мәнерлеп оқу. Мәтіндегі негізгі ойды табу.
Анаға құрмет
Мерекелі көктем келіп, кең дала гүлдеді. Аналар күні қарсаңында біздің отбасымыздағы балалардың үлкені
Асқар:
- Аналар күні жақын, анамызға сыйлық даярлайық,–деп ұсыныс жасады.
- Анамызға беретін сыйлықты өзіміз қолдан жасайық, – дедім.
Асқар мектеп шеберханасынан үлкен қондырғы жасап әкелді. Мен оған ақ мата керіп, оның ортасына күннің суретін салдым. Маржан мен салған сурет бойынша кесте тікті. Бүкіл ғаламға сәулесін таратып тұрған күннің ортасына анамыздың суретін орналастырдық. Күлімдеген күн. Асқақтаған Алатау. Гүлжазира кең дала. Анамыз күннің кеудесінде күлімдеп тұр. Суреттің астына: «Ана –біздің күніміз!»–деп, мен көркем етіп жаздым.
Аналар күнінде ерте тұрып, үй жинадық. Маржан тамақ дайындады. Біз оған көмектестік, анамызды дастарқан басына шақырдық.
- Анашым, мерекеңіз құтты болсын!–дедім күлімдеп.
- Біз сізді жақсы көреміз!–деп Асқар анамызды құшақтады.
Маржан сыйлығымызды ұсынды. Ананы құшағымызға алып сүйдік. Анамызға арнап:
Ғаламда бар адам
Анадан тараған:
Ақылгөй, балажан,
Аман бол, анажан!–деп, тақпақ айтып бердім. Асқар күй тартты.
Маржан мен Асқар үшеуміз қосылып:
Ана – біздің күніміз!
Ананың біз – гүліміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз! – деп ән айттық.
Анамыз күндей жайнап, мейірлене күліп, бәрімізді құшырлана сүйді де:
«Өмірлерің мәнді болсын, тірліктерің сәнді болсын! Татулықтарың осылай тәтті болсын, әрбір әрекеттерің сәтті болсын!» – деп, аналық батасын берді. Біз масаттана қуандық.
Әдібай Табылды
Оқушылардың мәтінді оқуында мәнерлеп оқу элементтері (логикалық, психологиялық, грамматикалық кідірістер, дауыс ырғағы т.б.) басшылыққа алынады.
Талқылау
- Балалар анасының мерекесіне қандай сыйлық әзірледі?
- Сыйлықты әзірлеуге балалар қалай үлес қосты?
- Балалардың бойында қандай қасиеттерін байқадың?
- Кейіпкерлерден қандай өнеге алар едің?
- Автор осы шығармасы арқылы балаларға қандай жақсылықты үлгі етуді көздеді?
- Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойының арасында байланыс бар ма?
- Мәтінге басқаша тағы қандай тақырып беруге болады?
Мәтінге қойылған «Анаға құрмет» атының негізгі ойдың қысқаша атауы екендігі оқушыларға байқатылады.
Тақырыптың қысқаша атауы ретіндегі оқушылардың нұсқалары сыныпта талқыланып таңдалады: «Мереке күні», «Аналар мерекесі», «Сыйлық» т.б.
Мәтінге жоспар құру жұмысы жүргізіледі:
1. Асқардың ұсынысы
2. ....
3. ....
4. ....
Бағалау критерийлері
- өз бетінше мәтіннің тақырыбын анықтайды;
- мәтіндегі негізгі ойды тұжырымдайды;
- мәтіннің негізгі ойына сәйкес тақырып ұсынады.
3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен кестені қолданып ашықхат құрастыру (МК,Т,Ө) Ашықхат мәтінін жазу. Кестені бірлесіп толтыру. Үлгі бойынша ашықхат мәтінін дайындау.

Ашықхат мәтінінің бөліктері Мәтін үлгісі
Кімге арналады? Құрметті әже!
Қандай тілек жазылады? Сізді аналар мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Деніңізге саулық тілеймін. ...
Тілек білдіруші кім? Немереңіз Арман.
Мұғалім ашықхат мәтінінің қандай бөліктерден тұратындығына оқушылардың назарын аударады:
1. Кіріспе бөлігі құрметті, қымбатты сөздерімен басталады.
2. Негізгі бөлікте тілек білдіріледі.
3. Соңғы бөлікте ашықхат иесі кім екендігі көрсетіледі.
Кестенің сол жақ бөлігіндегі сұрақтар бойынша жұмыс жүргізіледі. Ашықхат мәтіні бөліктері бойынша берілген сұрақтарға назар аудартылады. Ұжымдық жұмыс арқылы кестенің оң жақ бөлігі толтырылады. Осындай жұмыстардан кейін әр оқушының өзбетімен ашықхат жазуы жүзеге асырылады.
Саралау
«1 минуттық жазу» барысында жазған сөздерін қолдану.
Дескриптор:
- кестені қолданып ашықхат құрылымын сақтайды;
- сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап құрастырады;
- сөздерді сауатты жаза алады......



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 138 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №124-сабақ Ардагерлерді ардақтайық!  (3 сынып, IV тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №124-сабақ Ардагерлерді ардақтайық! (3 сынып, IV тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 5 сабақ Ынтымақ күні (3 сынып, IV тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 5 сабақ Ынтымақ күні (3 сынып, IV тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №2-сабақ  Хат жазамыз (3 сынып, IV тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №2-сабақ Хат жазамыз (3 сынып, IV тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 104 сабақ Негізгі және туынды сын есім (3 сынып, IV тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 104 сабақ Негізгі және туынды сын есім (3 сынып, IV тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 1 сабақ Негізгі зат есім және туынды зат есім Күй атасы (3 сынып, III тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 1 сабақ Негізгі зат есім және туынды зат есім Күй атасы (3 сынып, III тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Бақылау диктанты (3 сынып, III тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Бақылау диктанты (3 сынып, III тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 71-сабақ Негізгі және туынды зат есім (3 сынып, III тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 71-сабақ Негізгі және туынды зат есім (3 сынып, III тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №16 сабақ Өнерлінің қолы алтын Презентация құрастыру (3 сынып, III тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №16 сабақ Өнерлінің қолы алтын Презентация құрастыру (3 сынып, III тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №15 сабақ Өнерлінің қолы алтын Хат шақыру қағазын жазу (3 сынып, III тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №15 сабақ Өнерлінің қолы алтын Хат шақыру қағазын жазу (3 сынып, III тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 3-сабақ Сөз таптары (3 сынып, III тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 3-сабақ Сөз таптары (3 сынып, III тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 58-сабақ Сөйлем мүшелерінің байланысы (3 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 58-сабақ Сөйлем мүшелерінің байланысы (3 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 42-сабақ Түбір сөз және туынды сөз  (3 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 42-сабақ Түбір сөз және туынды сөз (3 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 9-сабақ Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 9-сабақ Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 7- сабақ Мәтін түрлері және құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 7- сабақ Мәтін түрлері және құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ауызекі сөйлеу (2 сынып, I тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ауызекі сөйлеу (2 сынып, I тоқсан)
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қуыршақ көрінісін жасау «Үйшік» орыс ертегісі (2 сынып, III тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қуыршақ көрінісін жасау «Үйшік» орыс ертегісі (2 сынып, III тоқсан )

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы, сабақ жоспары №1-сабақ Хат жазамыз Сөз таптарын қайталау 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, №1-сабақ Хат жазамыз Сөз таптарын қайталау, сабақ жоспары №1-сабақ Хат жазамыз Сөз таптарын қайталау 3 сынып қазақ тілі қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак тили кыска мерзимди сабак жоспары №1-сабақ Хат жазамыз Сөз таптарын қайталау, Қазақ тілінен сабақ жоспары: №1-сабақ Хат жазамыз Сөз таптарын қайталау (3 сынып, IV тоқсан )