116-сабақ Шығарма (3 сынып, IV тоқсан )

 116-сабақ Шығарма (3 сынып, IV тоқсан )

Пән:Қазақ тілі
Бөлім: Су – тіршілік көзі
Сабақ тақырыбы: 116-сабақ Шығарма
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау;
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің қолдауымен тауып, түзету
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
- жетекші сұрақтар көмегімен сурет бойынша мәтін
мазмұнын болжайды;
- үлкен жазу жол дәптерінде бас әріп пен кіші әріп биіктігін және көлемін бағдарлап үйренеді;
- мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;
Оқушылардың көбі:
- тақырып пен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады;
- жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді;
Оқушылардың кейбірі:
- сурет бойынша жасаған болжамын негіздей алады;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі
мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі
шапшаң жазады;
- жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді
тауып, түзетеді;
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Ой қозғау.
• Мақалды жалғастыр.
• Мағынасын аш.
1. Бұлақ көрсең, ...
2. Су анасы – ..., сөз анасы – ....
3. Су .... жер береке, Ел жүрген жер ....
4. Көлдің .... - құрақ, таудың көркі –.....
5. Су – ырыстың ....
Мақалдардың толық нұсқасы
1. Бұлақ көрсең, көзін аш.
2. Су анасы – бұлақ, сөз анасы – құлақ.
3. Су жүрген жер береке, Ел жүрген жер мереке.
4. Көлдің көркі - құрақ, таудың көркі – бұлақ.
5. Су – ырыстың көзі.
Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру мақсатында берілген мақалдардың жалғасын тауып, олардың мағынасын ашады. Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
І. Негізгі бөлім
3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау;
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің қолдауымен тауып, түзету
Шығарма жазуға дайындық
Мұғалім оқушыларға шығарма жазу үшін нені басшылыққа алуды, шығарма жазу талаптарын еске түсіре отырып, нұсқау береді. Оқушылар беріген сурет пен тақырып бойынша айтылған талаптарды ескере отырып, шығарма жазады.
Есіңе сақта!
Шығарма жазуға қойылатын талаптар:
• Тақырыпты толық аша білу;
• Артық сөзге жол бермеу;
• Шығармада сөз болған жайды түсінікті тілмен жеткізу;
• Шығарма бөлімдерінің байланысуы;
• Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасай білу.
Шығарма
Су — өмір нәрі

• «Су — өмір нәрі» дегенді қалай түсінесің?
• Судың тіршілік үшін маңызы қандай?
Жоспар үлгісі:
1. Судың қасиеті.
2. Сусыз тіршілік болуы мүмкін бе?
3. Судың тіршілік үшін маңызы.
Оқушыларға «Су – өмір нәрі» дегенді қалай түсінесің? Судың тіршілік үшін маңызы қандай? деген ой қозғау сұрақтарын бере отырып, шығарма жазуға талпынысын арттыруға болады.
Жоспардың әр бөлігіне кемінде 2-3 сөйлеммен ойды жеткізу, сынып оқушыларымен талқылау.
Саралау: Шығарма жазуда қиналатын оқушыларға осы бөлімде алған білімдерін қолдану, өз ой-пікірін жазу жолын үлгілеп көрсету.
Оқушылар жазған шығармаларын өз беттерімен тексеріп, толықтырады. Шығарма бөлімдерін байланыстырып, соңын қорытынды оймен тұжырымдайды.
Бағалау дескрипторы:
- тақырыпқа сай жоспар жазады;
- жоспар бөлімдерін байланыстырып, тақырыпты ашып
жазады;
- айтылған ойды жинақтап, қорытынды жасай біледі;
- бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап
біркелкі жазады;
- жіберілген қателерді тауып, түзетеді;......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 4 428



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады