» » » » Қазақ тілінен сабақ жоспары: 115-сабақ Нәтиже сабақ Мен не үйрендім? (3 сынып, IV тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: 115-сабақ Нәтиже сабақ Мен не үйрендім? (3 сынып, IV тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: 115-сабақ Нәтиже сабақ Мен не үйрендім? (3 сынып, IV тоқсан ) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: 115-сабақ Нәтиже сабақ Мен не үйрендім? (3 сынып, IV тоқсан ) на казахском языке
Пән: Қазақ тілі
Бөлім: Су – тіршілік көзі
Сабақ тақырыбы: 115-сабақ. Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру;
3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;
3.1.4.1 тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау;
3.2.5.1 берілген тақырып/сұрақ бойынша түрлі дереккөздерден (мәтін/сөздік/сызба/кесте/карта) алынған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау;
3.3.3.1 оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құрып, мазмұндама жазу.
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
- тыңдаған мәтін бойынша тірек сөздерді белгілей біледі, мәтін мазмұны бойынша жабық сұрақтарға жауап береді;
- мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтайды;
- мұғалімнің қолдауымен жай сөйлемдерді жазуды /құжаттар редакторында басуды;
- жаңа сөздердің мағынасын түсіндірме сөздікті қолдану арқылы түсіндіреді;
- тыңдаған материал бойынша бірлесіп жоспар құрады, үлгі бойынша мазмұндама жазады;
Оқушылардың көбі:
- тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілейді, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтарға жауап береді;
- мәтіннің тақырыбын, мұғалімнің қолдауымен ондағы негізгі ойды анықтайды;
- мұғалімнің қолдауымен зат есім, сын есім және етістіктерді қолданып, жай сөйлемдерді жазуды /құжаттар редакторында басуды;
- жаңа сөздердің мағынасын түсіндірме сөздікті қолдану арқылы түсіндіреді, сөздерді сөз таптарына қарай топтастыра алады;
- тыңдаған материал бойынша бірлесіп жоспар құрады, тірек сөздерді қолданып мазмұндама жазады;
Оқушылардың кейбірі:
- тыңдаған материалынан тірек сөздерді өз бетінше
табады, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық
сұрақтар құрастырады және нақты тұжырыммен жауап
береді;
- мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтай
алады;
- зат есім, сын есім, етістіктерді және көмекші сөздерді
қолданып жай сөйлемдерді жазуды / құжаттар
редакторында басуды;
- жаңа сөздердің мағынасын түсіндіреді, сөздерді сөз таптарына қарай топтастыра алады;
- тыңдаған материал бойынша жоспар құрады, мазмұндама жазады;
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық ахуал.
«Мен қандаймын?»
Оқушылар шеңбер құрып дөңгелене тұрады. Әр оқушы өз атының алғашқы әрпіне сай сын есім қосып айтады. Мысалы: Жансая-жайдары, Ұлжан-ұқыпты...
(Ұ, Ж, қ) «Жүйрік ойлар» әдісі бойынша оқушылар әріптерді орындарына тез қойып, жасырынған сөзді табады. (Жапырақ)
Жасырынған сөз ертегі тақырыбы болып табылады.
ІІ. Негізгі бөлім
3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру;
(Ұ.Қ.Т.Ж.) Ертегіні мұқият тыңда.
Сұрақтарға жауап бер:
- Ертегінің басқы бөлігінде жылдың қай мезгілі туралы айтылған?
- Не жапырақ жайды?
- Кенже бүршік қайтті?
- Ол қандай жапыраққа айналды?
- Жасыл жапырақ табиғаттың қандай көріністеріне қайран қалды?
- Қай мезгілде жапырақ мұздай бастады?
- Жапырақтар қандай түске боянды?
- Жапырақтың сұрағына анасы не деп жауап беруі мүмкін?
• Қарамен жазылған сұрау мағынасындағы сөздерге назар аудар. Осы сөздерге жауап болатын сөздермен тірек сөздер қатарын құра.
Сынып оқушылары «Аквариум» әдісі бойынша екі топқа біріктіріледі. Сұраққа жауап беретін топ шеңбердің ішінде отырады. Сұрақ қоятын топ оларды қоршап, сыртында тұрады. Ол үшін алдымен бірінші топ мәтін мазмұны бойынша сұрақтарды екінші топқа қояды. Екінші топ сұрақтарға жауап қайтарады. Екінші топ оқушылары бірінші топтың қойған сұрақтарына жүйелі, толық жауап береді. Мұғалім оқушылардың іс-әрекетін бақылап, бағыт беріп тұрады.
Сонымен қатар қарамен жазылған сұрау мағынасындағы сөздерге назар аудартылады. Ол сөздерге жауап болатын сөздермен тірек сөздер қатарын құрайды.
Үлгі: Көктем, аққайың, асыға қоймады, жасыл, сұлу, жауын жауғаннан кейін, сары, қоңыр, қызыл.
Жапырақтың сұрағына ықтимал жауаптар: Күз. Күз келбеті. Күзгі орман. Күзгі дала. Жыл мезгілі.
Бағалау дескрипторы:
- ертегіден тірек сөздерді белгілейді;
- сұрақтарға жауап береді;
3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;
3.1.4.1 тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау;
3.2.5.1 берілген тақырып/сұрақ бойынша түрлі дереккөздерден (мәтін/сөздік/сызба/кесте/карта) алынған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау;
• Ертегіге тақырып таңда.
• Жоспарға сәйкес ертегі бөліктерін тап.
1. Жасыл жапырақ. (Көктем келді....Самал желмен тербеле бақытты күй кешті.)
2. Күннің суытуы. (Бір күні күн суыта бастады....Аспанды жиі-жиі бұлт торлайтын болды.)
3. Жапырақтың сұрағы. ( Бір күні ол Аққайың анадан....)
Ертегіге ықтимал тақырыптар: Табиғат кереметі. Табиғат Ана. Жапырақтың өзгеруі. Жыл мезгілі.
• Жоспар және өзің белгілеген тірек сөздер көмегімен «Жапырақ» ертегісінің мазмұнын айтып көр.
• Ертегідегі түсініксіз сөздердің беретін мағынасын түсіндірме сөздіктен тауып оқы.
• Ертегідегі сын есімі бар сөйлемдерді теріп жаз. Сын есімдерді былай белгіле: сын е. Негізгі және туынды сын есімдерге ажырат.
Түсіндірме сөздікпен жұмыс
Өркендер – өсімдіктердің негізгі мүшелерінің бірі
Бүр жарып – жас өркендердің түп жағына тығыз топтасып орналасады.
Қауызын – қабығын
Құлақ түрді – тыңдады.
Күй кешті – басынан өткізді.
Бойы мұздады – салқындады.
Ертегідегі сын есімі бар сөйлемдер: Тек кенже бүршік қана асыға қоймады. Демде жасыл Жапыраққа айналды. Табиғат қандай әдемі еді. Құстардың сайраған көңілді үніне құлақ түрді. Самал желмен тербеле бақытты күй кешті. Жапырақтар сары, қоңыр, қызыл түске боянды.
Әр топ өзара ақылдаса отырып:
• жоспарға сәйкес келетін ертегі бөліктерін табады, әр бөлікті жеке оқиды, дәлелдейді.
• сол жоспар бойынша және өздері белгілеген тірек сөздердің көмегімен «Жапырақ» ертегісінің мазмұнын айтады.
• ертегідегі түсініксіз сөздердің беретін мағынасын түсіндірме сөздіктен тауып жазады.
• ертегіден сын есімі бар сөйлемдерді теріп жазып, сын есімдерді белгілейді.
• оларды негізгі және туынды сын есімдерге ажыратады.
Соңында әр топ өз жұмыстарын ортаға салып ой бөліседі. Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясы арқылы бір-бірінің жұмысын бағалайды. Орындаған жұмыстарының екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіру арқылы өз іс-әрекеттеріне кері байланыс жасайды.
Бағалау дескрипторы:
- ертегі бөліктерін ажыратады;
- тірек сөздердің көмегімен ертегі мазмұнын айтады;
- жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы анықтайды;
- ертегіден сын есімі бар сөйлемдерді теріп жазып, негізгі
және туынды сын есімдерге ажыратады;
3.3.3.1 оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құрып, мазмұндама жазу.
(Ұ,Ж) «Жапырақ» ертегісі. Мазмұндама
• Мазмұндама жазуға дайындал.
• Ол үшін келесі реттіліктерді жүзеге асыр.
Мәтінді оқы. Түсініксіз сөздер мен сөйлемдерді анықта. Олардың беретін мағынасы мен мазмұнын біліп ал.
Мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықта. Мәтін авторының оларды қалай ашқанына назар аудар. Мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды ашу үшін қандай сөздерді қолдану қажеттігін ойлан.
Жоспар құр. Ол үшін мәтін бөліктерінің санын анықта. Әр бөліктегі басты нәрсені белгілеп, ат қой.
Жазуда қиындық келтіретін сөздерді тауып жаз. Олардың жазылуын есіңе сақта. Сөйлемдердің құрылымына және олардың тыныс белгілеріне назар аудар.
Мәтінді тағы бір оқып шық. Мазмұнын іштей айтып көр. Жоспар бойынша мазмұндама жаз. Әр бөлікті азат жолдан бастап жазуды ұмытпа.
Жазған мазмұндамаңды тексер.
Оқушылар мазмұндама жазудың ретімен танысады, талдайды. Мәтіндегі негізгі ойды анықтай отырып, әр бөліктегі басты нәрселерге назар аударады. Мазмұндама жазуда сөйлемдердің құрылымына және олардың тыныс белгілеріне мұқият болады. Оқыған мәтіні бойынша әр бөлікті азат жолдан бастай отырып, мазмұндама жазады.
Бағалау дескрипторы:
- мазмұндама жазудың ретімен танысады;
- жоспар бойынша мазмұндама жазады.....



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 139 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...
Читайте также
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №14 сабақ Сипаттау мәтінін жазу (3 сынып, III тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №14 сабақ Сипаттау мәтінін жазу (3 сынып, III тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 23-сабақ Э дыбысы Әңгімелеу мәтінін жазып үйренемін (3 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 23-сабақ Э дыбысы Әңгімелеу мәтінін жазып үйренемін (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 27-сабақ Ч щ дыбыстары (3 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 27-сабақ Ч щ дыбыстары (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Өмір кезеңдерінің тілін зерттеу Мазмұндама (3 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Өмір кезеңдерінің тілін зерттеу Мазмұндама (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 3-сабақ  Мәтін (3 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 3-сабақ Мәтін (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 14 сабақ Нәтиже сабақ Мен не үйрендім? (3 сынып, III тоқсан, 5 бөлім)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 14 сабақ Нәтиже сабақ Мен не үйрендім? (3 сынып, III тоқсан, 5 бөлім)
Қазақ тілінен сабақ жоспары:  Күз келді (3 сынып, I тоқсан, 1 бөлім)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Күз келді (3 сынып, I тоқсан, 1 бөлім)
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Табиғатты қорғау (3 сынып, I тоқсан, 12 сабақ)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Табиғатты қорғау (3 сынып, I тоқсан, 12 сабақ)