№11-сабақ Әңгімелеуді үйрендім (3 сынып, IV тоқсан )

 №11-сабақ Әңгімелеуді үйрендім  (3 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар: Су-тіршілік көзі
Сабақ тақырыбы: №11-сабақ Әңгімелеуді үйрендім
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу;
3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау;
3.1.4.1 тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау.
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
• түрлі жағдаяттарға байланысты өз ойымен бөлісіп, диалогке қатыса алады;
• суреттер арқылы мәтін мазмұнын болжайды;
• мәтін мазмұнын түсінеді;
• тірек сөздерді қолдана отырып, әңгіме құрайды.
Оқушылардың көпшілігі:
• жағдаяттағы қатысымдық әрекеттерде сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысады;
• мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер бойынша мәтіннің мазмұнын болжайды;
тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрайды
Оқушылардың кейбірі:
• түрлі жағдаяттағы қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап сөйлейді;
• сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысады;
• мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер бойынша мәтіннің мазмұнын болжайды;
• тыңдаған материалдар бойынша жоспар құрады, әңгіме құрап, айтады.
Сабақ барысы: (Ұ) «Тілек» шеңберге тұрып, судың түрі, құрамы, түсін білдіретін сөздерді пайдалана тілек тілеу. (мөлдір, таза, суық, салқынғ түссіз, шыныдай, жалтыр, айнадай т.б.) Оқушы ортадағы қиынды қағазды таңдап сол сөзге байланыстырып тілек айтады. Мысалы: Мөлдір сезім, таза пейіл, сарқыраған табыс т.б.Мұғалімнің сабақтың тақырыбын айту, мақсатымен таныстыруы
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты: Берілген жағдаяттар аясында жоспарлы, жүйелі сөйлеу, мәтіннің тақырыбы мен берілген сурет бойынша мәтіннің мазмұнын болжау, тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау
Негізгі бөлім
3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау.
(МК,Ұ) «Су туралы не білесің?» бейнематериалының 0:15 – 0:41 уақыт аралығындағы үзіндісі көрсетіледі.
https://www.youtube.com/watch?v=3H1P2ivaNr8
Қасқырдың «Су болмаса, біз не істер едік?» сұрауы бойынша Қызыл телпектің жауабы болжатылады.
«Су туралы не білесің?» бейнематериалының 0:41 – 1:52 уақыт аралығындағы үзіндісі көрсетіліп, оқушылар болжамы тексеріледі.
(Ж) Бейнежазба бойынша жұпта бір-біріне сұрақтар қойып жауап береді.
«А, В, С» әдісі арқылы жүргізуге болады.
А - сұрақ қояды.
В - жауап береді.
С – айтқан жауаптарды бақылайды, толық болмаса толықтырады.
Оқушылар топта үшеуден отырады. А — сұрақ қоюшы, В – жауап беруші, С — бақылаушы рөлін атқарады. Бақылаушы қажетті жерлерін түртіп алып, әңгіме соңында қорытынды береді.
Оқушылар осы сұрақтарға жазбаша стикерге жауап береді. Ұсыныс, тілектерін айтады.
Мысалы:
-Судың қасиеті қандай?
-Судың пайдасы қандай?
-Жемістер құрамындағы судың мөлшері?
Дискриптор:
• Бейнежазба бойынша Қызыл телпектің жауабын болжайды;
• Сұраққа жауап бере алады.
• Сұрақ қояды.
• Сұрақты немесе жауапты толықтырады.Диалог құра аламын
Сергіту сәті: «Көңілді күн» әуеніне би қимылдары.
3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу.
(Т.Ж) Берілген жағдаяттар аясында жоспарлы, жүйелі сөйлеу. Суреттер арқылы әңгімені болжау. Жағдаят жазылған парақты топтарға бөліп беру. Оқушылар оқиды. Жағдаяттан шығу үшін топта ақылдасып, ары қарай не болатынын болжайды.
(МК,Т) Әр топқа жағдаят мәтіні беріледі.
Жағдаят. Арман бақ ішінде келе жатыр еді, терек бұтақтарын сындырып жатқан балаларды көрді де, тұрып қалды…
Жағдаят мазмұны бойынша топта сұрақтар ұйымдастыру. Әр топ сұрақтарға жауап береді. Сұрақтарымен бір – бірін аралап «Галлерея» әдісі арқылы танысады. Топтар сұрақтарға жауап береді.
1. Арман не істеді деп ойлайсыңдар?
2. Арман қандай бала?
3. Бұтақ сындырып жатқан балалар қандай екен?
4. Әңгіменің аяғы қалай болады?
«Қойылым» әдісі бойынша топтар Арман мен тәртіпсіз балаларды сомдап диалогке түседі.
Жағдаятты аяқтап әңгімелеу үшін әр топ жоспар құрады. Топтар бір – бірінің жоспарларын «Айырбастау» әдісі арқылы танысады. Жоспар:
• Арманның серуені
• Тәртіпсіз балалардың әрекеті
• Арманның ескертуі
• Балалардың түсіну.
Дескриптор:
Мәтін соңын болжайды;
Диалогке қатысып, сөйлеу мәдениетін сақтайды;
Жоспар құрай алады.
3.1.4.1 тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау. Топта жоспар бойынша жағдаяттан шығу жолын «Ыстық орындық» әдісі арқылы әңгімелейді. Әңгімелеуші оқушыға басқа топтар сұрақтар қоя алады. Оқушылар бір бірлерін бағалайды.
Әр топқа жағдаят ұсынбас бұрын оқушылардың бірін-бірі бағалау критерийлері таныстырылады.
Дескриптор:
Жоспарға сүйеніп жағдаятты әңгімелейді;
Сұрақтарға жауап береді.
«Бірлесіп жазу» бойынша болжап құраған мәтіннің соңғы бөлігін жазуға болады.
Бағалау критерийлері
Қолымнан келді Қиындық туғызды
Сұрақтарға жауап беру
Диалогке қатысу
Әңгіменің соңын болжау
Дұрыс ой тұжырымын жасау
Сөйлеу барысында тиісті дауыс мәнерін сақтау.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 873



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі