» » » » Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 90 сабақ Болымды және болымсыз етістік (3 сынып, III тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 90 сабақ Болымды және болымсыз етістік (3 сынып, III тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 90 сабақ Болымды және болымсыз етістік (3 сынып, III тоқсан ) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 90 сабақ Болымды және болымсыз етістік (3 сынып, III тоқсан ) на казахском языке
Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:«Атақты тұлғалар»
Сабақ тақырыбы: № 90 сабақ. Болымды және болымсыз етістік.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.4.2.5 болымды және болымсыз етістіктердің айырмашылығын анықтау;
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
-мұғалімнің қолдауымен болымды және болымсыз етістікті ажырата алады;
-мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді
Оқушылардың көбі:
-болымды және болымсыз етістікті ажырата алады;
-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді
Оқушылардың кейбірі:
-болымды және болымсыз етістікті ажырата алады;
-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді.
Сабақ барысы: І. (Ұ) Морфологиялық ширату.
Жаз – жазба
Жүз – жүзбе
Күл - күлме
Бар - барма
Төк – төкпе
Тақ –тақпа
Екі бағандағы етістіктерді салыстыру. Қосымшалы етістіктерге назар аударып, ол сөздердің беретін мағынасын анықтау, айырмашылығын түсіндіру.
ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын оқып, бағалау критерийлерін құрастыру.
ІІІ. Негізгі бөлім
3.4.2.5 (Ж) 29-жаттығу. Мақалдағы етістіктерді тауып, салыстыру және мағыналарындағы өзгешеліктерін табу. Мақалдың мағынасын түсіндіру.
Атаңның баласы болма,
Адамның баласы бол.
Көшіріп жазу. Қосымшалы етістікті талдау.
Бол - болма
- «Бол» етістігі іс-әрекеттің жүзеге асуын білдіреді.
- «Болма» етістігі іс - әрекеттің болмауын, жүзеге аспауын білдіреді.
Қорытынды жасау. (оқушылардың ереже шығарып, қорытындылауы)
(МК) Жаңа ақпарат: Етістік болымды (күл, жаз) және болымсыз (күлме, жазба) болып бөлінеді. Болымсыз етістік болымды етістікке -ма, -ме, -ба, - бе, -па, -пе жұрнақтары жалғану арқылы жасалады: ерінбе, бұзба, жұлма.
(МК, Т, Ұ) Тапсырма 1. «Жалғасын тап» ойыны.
1-топ. «Не істеуге болмайды?» жазылған сұрақты топқа көрсетеді. Мұғалім басқы сөзін айтады, оқушы ойланып жалғастырып айтуы керек.
- Үлкендердің алдынан.......(кесіп өтуге болмайды.)
- Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.)
- Құстарды ...........................(атуға болмайды.)
- Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.)
- Сабақтан.............................(кешігуге болмайды.)
- Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.)
2-топ. «Не істеу керек?» (жоғарыдағыдай жүргізіледі)
- Үлкен кісіні..........................(сыйлау керек.)
- Үлкеннің тілін.....................(алу керек.)
- Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.)
- Кішілерге.............................(қамқорлық жасау керек.)
- Оқу құралдарын..................(күтіп ұстау керек.)
- Ата-ананы (құрметтеу керек.)
3-топ. Екі топтың тапсырмаларындағы етістіктерді анықтап, құрамына қарай талдау жасайды. Етістіктің болымды және болымсыз түрлеріне қарай ажыратады.
Топтық жұмыстың нәтижесі шығарылып, топтар өзара бір-бірін «Басбармақ» әдісімен бағалайды.
(Ө, Ұ) Тапсырма 2. Дұрысын тап та, сәйкестендір.
1.Адамға саусағыңды ішпе.
2.Адамды тұрма.
3.Тамақты асығысып шошайтпа.
4.Ас қайырмай дастархан басынан санама.
5.Ауруға болма.
6.Әдепсіз күлме
7.Бас киімді айналдырып сүйенбе.
8.Босағаға үзбе.
9.Бір қолмен нан киме.
3.3.5.1 (Ө) Тапсырма 3. Дұрыс сәйкестендірілген сөйлемдерді көшіріп жазу. Тыйым сөздердің мағынасын түсіндіру. Етістіктерді тауып, құрамына қарай талдау. Жұрнақтарды тиісті белгімен белгілеу. Өзін-өзі бағалау.
3.4.2.5 (Ө; Қ) 31-жаттығу. Ребусты шешу. Өз ойын дәлелдеу.
31-жаттығу. Ребусты шешеді. (Ребустағы үшінші суреттің – парта екендігі ескертіледі). Ребустың шешуіндегі «баспа» сөзінің мағынасы ашылады. Ол сөздің болымсыз етістік болу, болмауы сұралады. Оқушылар өз ойын мысалдар келтіре отырып дәлелдейді.
Үлгі: Қазақ тілі оқулығы «Атамұра» баспасынан (зат есім) шығады. Бас киімді баспа (болымсыз етістік)......



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 119 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...
Читайте также
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 6 сабақ Ұлы Отан соғысы батыры туралы сабақ (3 сынып, IV тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 6 сабақ Ұлы Отан соғысы батыры туралы сабақ (3 сынып, IV тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 5 сабақ Ынтымақ күні (3 сынып, IV тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 5 сабақ Ынтымақ күні (3 сынып, IV тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 116-сабақ Шығарма (3 сынып, IV тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 116-сабақ Шығарма (3 сынып, IV тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Бақылау диктанты (3 сынып, III тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Бақылау диктанты (3 сынып, III тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №46-сабақ  Түбір мен қосымша (3 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №46-сабақ Түбір мен қосымша (3 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 19-сабақ Қаратпа сөз Жақсы мен жаманды айыра білемін (3 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 19-сабақ Қаратпа сөз Жақсы мен жаманды айыра білемін (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 12-сабақ Пайымдау мәтінін құраймын (3 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 12-сабақ Пайымдау мәтінін құраймын (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 11-сабақ Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 11-сабақ Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы, сабақ жоспары № 90 сабақ Болымды және болымсыз етістік 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, № 90 сабақ Болымды және болымсыз етістік, сабақ жоспары № 90 сабақ Болымды және болымсыз етістік 3 сынып қазақ тілі қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак тили кыска мерзимди сабак жоспары № 90 сабақ Болымды және болымсыз етістік, Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 90 сабақ Болымды және болымсыз етістік (3 сынып, III тоқсан )