«Өнер» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) (3 сынып, III тоқсан )

 «Өнер» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) (3 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Өнер»
Сабақ тақырыбы: «Өнер» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау. (БЖБ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.1.2.1* мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер, фото, диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау
3.4.2.2 тәуелдік жалғауларының қолданысын білу
3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу.
3.4.2.4 негізгі, туынды зат есім/сын есім/ етістікті анықтау
Сабақ мақсаттары;
- мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер бойынша мәтіннің мазмұнын болжау;
- тәуелдік жалғауларын қолдану;
- сөйлемнен зат есімді табу;
- негізі, туынды зат есімді анықтау.
Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ (Т) Алдыңғы білімді бекіту.
(Ұ) «Микрофон» әдісі бойынша алдыңғы білімді пысықтау.
Сөз таптары дегеніміз не?
Зат есім дегеніміз не?
Жалқы есім дегеніміз не?
Жалпы есім дегеніміз не?
Зат есімнің тәуелдік жалғауы?
Негізгі зат есім дегеніміз не?
Туынды зат есім дегеніміз не?
ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлап, бағалау критерийлерімен таныстыру.
ІІІ Негізгі бөлім
3.1.2.1 (Ө) Тыңдалым және айтылым.
Мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер бойынша мәтіннің мазмұнын болжау.
1-тапсырма
Берілген тақырып пен суретке қара. Бұл мәтінде не туралы айтылуы мүмкін? Суретке бойыша айтып көр.
Тақырыбы: «Абай қорық-музейі» .
3.4.2.2 Грамматикалық нормалардың қолданысы
Тәуелдік жалғауларының қолданысын білу
2- Тапсырма
Өнер сөзін жекеше, көпше түрде тәуелде.
Жақ Жекеше Көпше
3.4.2.3 Сөйлемнен сөз таптарын табу.
3-тапсырма
«Кітапхана» мәтініндегі бірінші, екінші сөйлемнен зат есімді тауып, астын сыз.
Кітапхана
Мектеп кітапханасында қызықты кітаптар көп. Оқушылар кітапханадан кітап оқиды. Мен суретті кітаптарды оқимын. Кітапты таза ұстау керек. Оны жыртуға болмайды. Алған кітабымды мезгілінде өткіземін. Жамал апай-кітапханашы. Ол кітапты көп оқитын балаларды жақсы көреді./34 сөз/
1._____________________________________________________
2._____________________________________________________
3.4.2.4 Негізгі, туынды зат есімді анықтау.
4- тапсырма.
1. Көп нүктенің орнына негізгі зат есімді қойып жаз.
-.... балықшы, - ... мүсінші, ... – өнерпаз, ...- оқулық.
2. Туынды зат есімдердің түбірі мен жұрнағын белгіле.
Оқушы, саудагер, кітапхана, емхана.
(Ұ, МК) Өз-өзіңді тексер.
- Жұмысыңды тексер.
- Жекеше, көпше түрде дұрыс тәуелдеп жаздың ба?
-Зат есімді тауып, астын сыздың ба?
- Негізгі зат есімді дұрыс қойдың ба?
-Туынды зат есімнің түбірі мен жұрнағын дұрыс белгілей алдың ба?
- Көркем жазу талаптарына сай жаздың ба?
- Өнер туралы білдің бе?.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 332



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі